«ҚР Президенті Кубогы»: «Авангард» жерлестерімізді жеңіп кетті
Омбылық «Авангард» хоккейден «ҚР Президенті Кубогы» додасында елордалық «Барыс» клубын 2:1 есебімен ұтып кетті. Бұған дейін новокузнецкілік «Металлург» пен нижнекамскілік «Нефтихимик» бақ сынасып, буллиттер сериясында 3:2 есебімен «кеншілер» жеңіске жеткен болатын. Ертең астана уақыты бойынша 14:00-де «Авангард» — «Нефтехимик», 19:00-де «Барыс» — «Металлург» командаларының кездесуі басталады. Ақпарат көзі: kazinform.kz…
Толығырақ