20 жастағы теннисші Зарина Дияс WTA рейтингінде Ярослава Шведованы басып озып, өзінің спорттық мансабында алғаш рет Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Вашингтонда өткен турнирдің нәтижесінде З.Дияс аталған рейтингтегі 53-ші орнын сақтап қалды. Оның қоржынында 1019 ұпай бар. Ал 1017 ұпайы бар Я.Шведова 2 саты төмен түсіп, 54-ші орынға тұрақтады. Бұл рейтингте Галина Воскобоева 119-шы, Юлия Путинцева…
Қазақстан мен Беларусь Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко бүгін қазақстандық тараптың бастамасымен болған телефон арқылы әңгімеде Украинадағы жағдайды және осы елдегі жағдайды қалпына келтіру үшін көмек көрсету шараларын талқылады. «Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін, әлемдегі жағдайды егжей-тегжейлі талқылады, — деп атап өтеді Белоруссия мемлекет басшысының баспасөз қызметі. — Әңгіме барысында әсіресе Украинадағы жағдайға…
Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне «Бейнебақылау жүргізілуде» деген бірыңғай белгіні қосу жоспарлануда. Қазіргі кезде ҚР ішкі істер министрлігі «Астана Innovations» компаниясымен бірге осы мәселені талқылауда. «Біз ІІМ-мен бірге Жол қозғалысы ережелеріне белгі енгізу мәселесін пысықтаудамыз. Қазіргі Астана мен Алматы қалаларындағы жылдамдық өлшеуіштер туралы белгілер әртүрлі. Біз ІІМ-мен бірлесе отырып, бірыңғай — «Бейнебақылау жүргізілуде» деген белгі ойластырудамыз,…