Мен бір кездері тағдырдың жазуымен Алматыға барып, республикалық газетте, Қазақ энциклопедиясында жұмыс істедім. Сол кезде маған алматылықтар «Сіз облыс орталығында, провинцияда отырсаңыз да жазуыңыз қасаң тартпапты, ой-өрісіңіз де биік, қалай сақталғансыз?» дегендей өздерінше таңғалып жүрді. Әдетте, олардың ұғымында облыстағылардың бәрі тоқырап қалған, білімдері саяз, оларға жаңалықтар жетпей қалғандай көрініп тұрады. Бәрін өздері, астанада отырып дамытып жатқандай, сезінетін болса керек. Сонда ...
Read More »Әдебиет
Ұзағынан сүйіндірші, Құдайым!
Еркіндікті аңсап ұшқан қыран ем, Тәңірден де соны қалап сұрап ем. Тәуелсіз ел атанғалы мына мен, Таңырқаумен келе жатыр бұл әлем. Ие болдым, кем-кетігім толысса, Бабаларым тастап кеткен қонысқа. Бірінші боп қолдап бейбітшілікті, Алғаш біздер қарсы болдық соғысқа. Шүкір деймін, берді Құдай тоқтықты, Ұлттар бар ғой Отаны да жоқ тіпті. Сырт елдерде көтерілсе қалың ту, Оның бірі қазақтікі боп шықты. ...
Read More »Оқ жетпеген осы күнге қол жетті
Мәрт далаға мың жебедей шашылған, Айбатынан аң менен құс шошыған. Не өтпеді тамырынан тарихтың, Қан боп аққан қарт қазақтың басынан?! Сол қанменен талай дұшпан шөл басты, Ол заманда өзен де ащы, көл де ащы… Қанша жерден өмір жауға жақтассын, Құдай еді – бабаларға қолбасшы! Жау шапқанда, тұлпар-намыс жер тепті, Қаншама ер серт етті де, ерте өтті. Қаншама ауыл үйіндіге айналды, ...
Read More »Еңбегі ерен, нар адам
Өн бойынан тек тектілік тараған, Жан әлемін мейіріммен ораған. Кісілік пен кішілікті тең ұстар, Еркінбегім, еңбегі ерен, нар адам! Тіршілікте кеуде керіп таспаған, Адамдықтың шеңберінен аспаған. «Сіз, біз» десіп, сыйласып-ақ бәрімен, Қай істе де қиянатқа баспаған. Қай кезде де Отан дедің, ел дедің, Ұсақ іске көңіліңді бөлмедің. Ірі-ірі іс бітірген ардақтым, Еленді әркез ел деп еткен еңбегің. Жайсаң жанды жанарынан ...
Read More »Солтыбаев соқпағы
Қазақта «Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал ала алмайды» деген сөз бар. Біздің алдымызда өзімізге үлгі-өнеге болған атпал ағаларымыздың, қатарлас-қанаттас өмір сүріп келе жатқан жампоз замандастарымыздың, тіпті кейінгі толқын ізетті інілеріміздің өмір белестеріне көз жібере отырып, осы бір қанатты халықтық қағиданың дәл айтылғанына тәнті боласың. Өңірімізге белгілі азамат Еркінбек Солтыбаевты мен сол ордабұзар отызында Жуалының іргелі ұжымшарында партком хатшысы, одан сәл ...
Read More »Асадағы айтысты көруге баратын едік…
Жақында Жамбыл ауданы, Аса ауылында облыстық жастар айтысы өтіпті. Оны кейіннен әлеуметтік желілер арқылы естіп, біліп жатырмыз. Жастар айтысын аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі және осы бөлімге қарайтын аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі ұйымдастырыпты. Айтысты өткізгендері жақсы ғой. Бірақ, неге ақпарат құралдары арқылы хабарлап, жарнамасын жасамайды? Айтыс – халқымыздың рухани байлығы, асыл қазынасы. Ертерек естігенде сол жыр додасын көруге баратын ...
Read More »Оралханның «Ақ самаурынынан» шөл басыңыз
Оралхан Дәуіттің есімі қалың оқырманға жақсы таныс. Ұзақ жылдардан бері облыстық, республикалық басылымдарда жемісті еңбек етіп келе жатқан ол әңгімені майын тамызып айтуға да, жазуға да шебер. Жуырда Алматыдағы «Қазығұрт» баспасынан мың дана таралыммен Оралхан Дәуіттің «Ақ самаурын» атты кітабы жарық көрді. Бұл кітапқа қаламгердің шағын әңгімелері енген. Кітаптың алғы сөзін ақын Аманхан Әлім жазыпты. «Оралханның шағын әңгімелеріндегі басты кейіпкерлердің ...
Read More »Жұмақ пен тозақ арасы
(Эссе) Айгүл Қасаболат. Менің армандарым көп еді. «Бұл өмірде өз орнымды, өз бақытымды адаспай тапсам екен, оқуымды бітіріп, жақсы маман болсам екен, өз еліме адал қызмет қылсам екен, жан жарымды тауып, ақ босаға аттап, ардақты ана болсам екен» деген ойлармен ұзақ түндерді көз ілмей өткізетінмін. Сол армандарымды сен құрдымға жіберетініңді білсемші… Бар қиындықты екеуміз бірге көтеріп, сенің қабырғаң болып кеңесіп, ...
Read More »Жұлдызы биік суреткер
Сәмен ҚҰЛБАРАҚ, филология ғылымдарының докторы, профессор. Жазушының шеберлік қырлары жөнінде сөз қозғау – ауқымды мәселе. Шығармашылық процесс қаншалықты терең, жан-жақты болса, жазушының суреткерлік қырлары да соншалықты кең, әр алуан болуы мүмкін. Ол жазушының суреткерлік дүниетаным, мақсат-мұраты ерекшелігінен бастап оның орындалу, түпкі нәтижеге жету аралығына дейінгі күллі шығармашылық тарихын қамтиды. Авторға қойылатын басты талап «әдебиетке не әкелді, қандай көркемдік әлем құрды» ...
Read More »Батыр мен ақын
(Эссе) Доқтырхан Тұрлыбек, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Иә, Бектұрсын шын мәнінде талантты ақын болатын, маңдайымызға сыймай кетті. Әдебиетке, поэзияға кіршіксіз адал ақын «Абайдан соң, Мұқағалидан соң өлең жазып әуре болудың керегі жоқ!» – деп, бір жарым мың жолдан астам өлеңдерін өртеп жібергенін жақын досы, ақын Болат Үсенбаев айтып бергенде, қайран қалдым. Аузын ашса, көмейі көрінетін Бектұрсын адам біткеннің ...
Read More »