Экономика

Транзиттік тасымал – табыс кепілі

Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауы ел өміріндегі айрықша құжат саналады. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауды ескі жүйеден арылудың жаңа жолы деп түсіну қажет. Аса күрделі әлемдік, саяси-әлеуметтік жағдайлар тұсында жарияланған бұл құнды құжаттың мән-маңызын әрбір қазақстандық жіті түсініп, алдағы мақсаттарға патриоттық жауапкершілікпен нық қадамдар жасауға тиіс. Осы орайда, жаңа Жолдауды халыққа тереңірек түсіндіру жұмысына ...

Read More »

Қордайда атқарылған іс көп

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік рефолюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында әлеуметтік саясаттың бағдары айқындалып, еңбекке қабілетсіз жандарға мемлекеттік қолдау күшейтілетіні баса айтылғаны мәлім. Өңіріміздегі жұмыс сапары барысында Қордай ауданында жақында ғана ашылған №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы филиалының жұмысымен танысқан Парламент Сенатының депутаты Мұратбай Жолдасбаев қариялардың хал-жағдайларын да сұрап, әңгімеге тартты.

Read More »

Әлеуметтік дүкеннің әлеуеті мол

Ит жылы игілікті істермен басталуда. Соның бірі – Тараз қаласының темір жол аумағының арғы бетінде жағдайы төмен азаматтарға арналған әлеуметтік дүкеннің ашылуы дер едік. Бір атап өтерлігі, бұл сауда орнының тауарлары үшін тұтынушылар бір тиын да ақы төлемейді. Мұнда оларға бәрі де тегін беріледі. Адам баласы бойындағы асыл қасиеттің бірі де бірегейі қайырымдылық екені белгілі. Қашанда алған қолдан берген қол ...

Read More »

Азық-түлік бағасы неге ала-құла?

Қылышын сүйретіп қыс келсе болды, азық-түлік бағасы шарықтап шыға келетіні бар. Осыған байланысты сауда-саттықпен айналысатындардың айтар уәжі көп-ақ. «Бензин қымбат», «жалға алып отырған орынның төлемақысы көтеріліп кетті», «сырттан жеткізілетіндіктен, тасымал шығыны жоғары»… таусылмайтын толып жатқан сылтау. Алайда облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру аясында атқарылып жатқан шаруа аз емес. Қолдағы мәліметке қарағанда, азық-түлік және ...

Read More »

БЖЗҚ туралы бес сауалдың жауабы

– Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады? – БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға ...

Read More »

Ұлттық ұлан күнін атап өтті

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау мақсатында жасақталған ҚР Ұлттық ұлан күніне орай Тараз қалалық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиынды 5513 әскери бөлімінің командирі, подполковник Бауыржан Қабылбеков сөз сөйлеп ашып, бұл әскери құрылымның тарихына, бүгінгі таңда атқарып отырған қырағы қызметіне тоқталды. Ол өз сөзінде 1992 жылдың 10 каңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері құрылғанын, ал 2014 ...

Read More »

Алтын бесігімізді аялайық

Бір шеті Қордай ауданымен шектесіп жатқан Ақсу ауылы көркем табиғатымен көз сүйсінтеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолына жапсарлас жатқан, әлемдік ЮНЕСКО тізіміне іліккен Баласағұн-Ақтөбе қалашығы да осы округ аумағында. Оны қырық жылға жуық уақыттан бері тарих ғылымдарының докторы Уахит Шәлекенов бастаған Қазақ ұлттық университетінің археологтары тынымсыз зерттеу үстінде. Біз осындай киелі жерімізбен, дархан пейілді, абзал азаматтарымызбен мақтанамыз. Сәулетті ...

Read More »

Еліміздегі ең ірі жеміс-жидек бауы

«Аграрлық несие корпорациясының» қаржыландыруымен өсірілмек «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бәсекеге қабілетті ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыратын қолжетімді несиелендіру жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Корпорация «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобының құрамына кіреді. Аталған құрылымның «Агротехника», «Агрокоммерция», «Іскер», «Агроэкспорт», «Агробизнес», «Кең дала» және ҚР Ұлттық Қор қаражаты есебінен несиелендіру бағдарламаларын ұсынатыны белгілі. Корпорация өткен жылдың 10 айында жалпы сомасы ...

Read More »

Қос жол – жетістігі мол

Елбасы биылғы Жолдауында елімізде Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлді. Шу-Алматы темір жол желісі еліміздегі ең маңызды телімдердің бірі болып саналады. 2015 жылдың наурыз айында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы  акционерлік қоғамы басшысының қатысуымен Кемер стансасында «Шу–Алматы-1»  бағытындағы 2-жол құрылысының тұсауы кесілген болатын. «Нұрлы жол» бағдарламасымен жүзеге асырылып, Индустриялық картаға енгізілген құрылыс нысаны соңғы екі жылда қарқынды жүргізіліп, өткен ...

Read More »

Аспалы көпір – қауіпсіздік кепілі

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 49 шақырымы біздің аудан аумағы арқылы өтеді. Бұйырса, елімізде автобанның құрылысы аяқталып, толығымен іске қосылғанда, бұл арадан екі бағытта жоғары жылдамдықпен ерсілі-қарсылы сапырылысқан көлік нөпірі пайда болмақ. Міне, сол кезде жаяу жүргіншілердің үлкен жолдың арғы бетіне өтуі қиынға соқпақ. Осыны ескерген «Қазақавтожол» АҚ облыстық филиалы аудан әкімдігінің ұсынысымен халықаралық көлік дәлізінен аудан ...

Read More »