Шу ауданында «Тарлан батырлары» ЖШС-ның директоры Бақтияр Артаевтың қатысуымен Қызылорда, Семей, Түркістан және Шу қалаларындағы «Тарлан» спорттық дене шынықтыру-сауықтыру кешені басшыларының жиыны өткен болатын. Басқосу соңында бокстан Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері және бірінші дәрежелі Барыс орденінің иегері, жерлесіміз Бақтияр Артаевпен сұхбаттасудың сәті түсті.
Read More »Спорт және туризм
Волейболшыларымыз жарап тұр
Өңір волейболшы-ларының тасы 2015 жылы өрге домалап, «Тараз» волейбол клубы сол кезде ұлттық лигада топ жарып, суперкубок иегері атанғаны, ел кубогінің финалында ойнағаны баршамызға аян. Әрине, сол жылы «Тараз» құрамында легионерлердің жасындай жарқырағаны да есте. Дегенмен, команда сапында өзіміздің жігіттер қашан лайықты ойнап, оң нәтиже көрсетер екен деген сауал көкейде тұратын. Бүгінде «Тараз кәсіпқой волейбол клубы» дәрежесі берілгелі облыстағы білікті ...
Read More »Сербиядағы кезекті жеңіс
Сербияның Сомборе қаласында жалауы желбіреген халықаралық «Ұлттар кубогі» додасына қазақстандық боксшы арулар да аттанған болатын. Вадим Присяжнюк жаттықтыратын ұлттық құраманың жүрегі нәзік, жұдырығы жойқын қыздары аталмыш додада атой салып, жанкүйерлерді қуантты. Бәсі жоғары аламанда ұлттық құраманың боксшылары алты бірдей алтын жүлдені және бес күміс медальді қоржынымызға салып, қазақ боксының әлеуетін халықаралық деңгейде тағы бір мәрте әйгілеп қайтты. Бұл сында әлем ...
Read More »Рейхерд – күміс жүлдегер
Қазақстандық фристайл спортының шебері Дмитрий Рейхерд әлем кубогінің кезекті кезеңінде тағы да жасындай жарқырады. Ол бұған дейін де жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын. АҚШ-тың Дир Валли деп аталатын жерінде өткен аламанға әлемнің кіл «сен тұр, мен атайын» спортшылары қатысып, жүлделі орындарға талас жүргізді. Әр спортшының басты мақсаты – қалайда жүлделі орыннан көріну. Сол кіл мықтылардың ішінде қазақстандық спортшы да бар. Рейхерд ...
Read More »GGG – Альварес
Боксшылар екінші жекпе-жекке дайын Кәсіпқой бокс әлемінде орта салмақтың королі саналатын Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасында екінші жекпе-жекті өткізу жөніндегі келіссөздер сәтімен жалғасып жатыр. Орта салмақтың үздіктері өткен жылы алғашқы кездесуін өткізіп, шаршы алаңда кім мықтыны анықтай алмай кеткен болатын. Аталмыш шайқастың нәтижесі бокс мамандары мен жанкүйерлер тарапынан үлкен шу тудырғаны да белгілі. Жеңімпаз анықталмаған жекпе-жекте Геннадий ...
Read More »Стойлов «Астананы» жаңа жеңістерге бастамақ
Бұған дейін «Мен «Астана» футбол клубынан кетемін. Келісімшартымның мерзімі аяқталды» деп мәлімдеме жасаған «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов қазақстандық командамен келісімшартын ұзартты. Болгариялық бапкер «Астана» футбол клубымен біраз биіктерді бағындырды. Ол алдымен Еуропа чемпиондар лигасында «Астананың» жасындай жарқырауына көмектесті. Қазақстандық команда болгарялық маманның біліктілігінің арқасында тұңғыш рет аталмыш доданың топтық кезеңіне жолдама алды. Ал ағымдағы маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңінде ...
Read More »«Астана» тағы да жеңілді
ВТБ бірыңғай лигасында топқа түсіп жатқан «Астана» баскетболшыларының сәтсіз сериясы тыйылар емес. Елорда төрінде «Нижний Новгород» командасын қабылдаған қазақстандық команда тағы да жеңіліс тапты. Бірінші кезеңде отандастарымыз қарсыластарынан кем түскен жоқ. Шабуылға шабуылмен үн қатқан «Астана» ойыншылары алғашқы он минуттықта 18:17 есебімен басым түсті. Баскетболшыларамыздың жанарынан жеңіске деген жігерді де байқағандай болдық. Екінші кезеңде де қазақстандық команданың ойыншылары жиі шабуылдап, ...
Read More »Полторанин Италияда топ жарды
Шаңғы спортынан ұлттық құраманың үздігі Алексей Полторанин Италияда өтіп жатқан «Тур де ски» көп күндігінде жасындай жарқырып өнер көрсетуде. Қазақстандық спортшы аталмыш жарыстың кезекті кезеңінде қатарынан оза шауып, бәйге алды. Классикалық стильдегі жарыста отандасымыз 15 шақырымдық қашықтықта сынға түсті. Кіл мықтылар жарыс жолына шыққан айтулы аламанда қарсыластардан қара үзіп кету әсте қиын екені әлімсақтан аян. Жүлдеден барлық саңлақтың үмітті екені ...
Read More »Алғашқы кездесуін ақпанда өткізеді
Осыдан біраз уақыт бұрын жамбылдық жампоз, әуесқой бокстан 69 келі салмақ дәрежесіндегі 2013 жылғы ел чемпионы, 2014 жылғы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері Сағдат Рахманқұловтың кәсіпқой боксқа ауысқандығы туралы жазған болатынбыз. Мұхит асып, АҚШ-қа аттанған талантты боксшы алғашқы жекпе-жегін ақпан айының 16 жұлдызында өткізеді. «Top Rank» промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінің андеркардында жұдырықтасатын жерлесіміздің қарсыласы әзірге белгісіз. АҚШ асқан соң Мадияр ...
Read More »Төл спортымыздың туын көтерген ару
Адам баласының ойлау жүйесін жетілдіруде қазақтың төл спорты тоғызқұмалақтың алар орны ерекше. Тоғызқұмалақты жаһанға таныту үшін бүгінгі таңда мемлекет тарапынан қыруар жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Иә, тарихы ықылым заманнан тамыр тартатын тоғызқұмалақ - нағыз интеллектуалдық ойын. Сондықтан да «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатарынан тоғызқұмалақтың жілігін шағып, майын ішкен мықтының көрінуі заңды. Бұл – ұлт таңдауы.
Read More »