Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген полиция аға сержанты Ғалым Арыстанбаевпен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кездесу өтті. Көп балалы әкенің адами еңбегін насихаттап, өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, отбасылық әдет-ғұрыптарды дәріптеу, жастарға үлгі ету мақсатында өткен шараны кітапхана директоры Эльмира Абдинова ашып, жүргізіп отырды. Жиынға арнайы шақырылған «Айсұлу ана» мешітінің бас имамы ...
Read More »Рухани жаңғыру
Ел тұтқасы – ойы озық ұрпақ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан бағдарламалық мақаласы Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, ...
Read More »Жаңғыру – жазудан басталады
Биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында таяу жылдардағы ең маңызды міндет ретінде қазақ жазуын латын графикасына көшіруді тапсырған болатын. Мақалада Мемлекет басшысы «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп ...
Read More »Кемелдену кезеңі
2017 жыл еліміз үшін елеулі кезең болып тарихта қалары анық. Себебі, дәл осы жылы дамудың екі кезеңінен табысты өткен Қазақстан Үшінші жаңғыруға қадам басты. Конституциялық реформаларды сәтті жүзеге асырды. Сарыарқаның төріне төрткүл дүниенің назарын аударып, Елордада ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін абыроймен өткізді. Жаңғырудың жаңа кезеңі өз кезегінде барлық құндылықтарға жаңаша көзқараста қарауды талап еткені белгілі. Экономикалық дамудың жаңа моделін ...
Read More »Жаңғыруға бастаған жыл
Тарих қойнауына еніп бара жатқан жылдың соңғы жұмыс күнінде облыс әкімдігінде өңірлік комиссия отырысы өтіп, онда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының облысымызда орындалу барысы талқыланды. Облыс әкімі, комиссия төрағасы Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелерімен қатар, аудан әкімдері, басқарма басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы ...
Read More »Жаңа дәуірдің бетбұрысы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Үшінші жаңғыру кезеңінде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы тарихи ұлттық сананы қалыптастыру арқылы парасатты қоғам құруға бастайтын тәуелсіздіктің негізігі принциптерімен сабақтасып жатыр. Сондықтан рухани жаңғыру бағдарламасын жаңа дәуірдегі үлкен бетбұрыс деуге болады. Бүгінде Елбасы мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан айрықша маңызға ие жобалардың бірі «Туған жер» жобасы болып отыр. Бұны Мемлекет басшысының «Елдіктің туын көтерген ...
Read More »Ұлы Дала Елінің арманы
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының тарихи мәні жоғары. Бұл – Мемлекет басшысының еліміз тәуелсіздік алған жылдан бергі саналы қоғам қалыптастыру жолындағы кезекті қадамы. Елбасы ұлттық құндылықтарымыз бен ғасырлар қойнауынан халықпен бірге жоғалмай, жасап келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтай отырып, бүгінгі ұрпаққа жеткізуді жадынан еш уақытта да шығарған емес. Әлемдік экономикалық-саяси аренада алмағайып кезең туған шақта Президентіміздің ...
Read More »Атауда да бір сыр бар ғибратты…
«Туған жердің әр сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар». (Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан) Қазақ халқы ежелден бері өздері туып-өскен жеріне әдемі, орайлы ат тауып қоя білген. Атамекеніндегі әрбір орынға – өзен, көл, су, тас, қыр,ой, сай, т.б. барлығына қойылған аттар дәлдігімен, шеберлігімен, бейнелілігімен ...
Read More »100 жаңа есім: Марат Саршаев
2013 жылдың қараша айы болатын. Бір айдан астам уақыт бұрын жабысқан ауру апамызды ғана емес, бізді де біраз есеңгіретіп тастаған. Өйткені ауруды емдеу түгілі, оның нақты диагнозын таба алмай, талай емхана мен аурухананың табалдырығын тоздырдық. Көз алдыңда жанын жегідей жеген дертпен алысып, күні кеше күлімдеп жүрген адамның бір-ақ сәтте шөгіп бара жатқанын көре-тұра ешқандай шара қолдана алмай отыру қандай қиын ...
Read More »Еліміз жаңару жолында
Облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында облыстық кәсіподақ белсенділерінің кеңейтілген жиыны өтті. Оның негізгі мәні – халқымыздың ұлттық санасын жаңғыртуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға кәсіподақтардың белсене атсалысу жолдарын анықтау. Жиында облыстық кәсіподақ орталығының төрайымы Бақыт Сапарбаева Қазақстан экономикалық жаңару жолында екендігін атап өтті. Қазақстан латын әліпбиіне көшуге қадам жасауда. Президенттің бұл шешімі біздің ...
Read More »