Бүгінгі заманның бір тәмсілі «Ақылды адамға кәсіп парыз» болып тұр. Бизнесін заман сұранысына орай дамытып, «кәсібім – нәсібім» деп құлшынып, күндіз-түні бір тынбай, еңбек етіп жүрген жандарға қарап қуат аласың. Бірақ ондайлардан гөрі солардың қалтасына ойша көз жүгіртіп, байлығын түгендеп, жаратқан қаржысын шотқа салып, есептеп отыратын адамдар көп сияқты. Оның бір көрінісі, «Сонша ақшаға соны сатып алғанша, бүйтпей ме, сүйтпей ...
Read More »Мәселе
Еңбекпен тапқан нан берекелі
Айтпайын-ақ деп едім. Шаһардың орталық алаңынан әріде, Абай көшесімен оңтүстікке қарай жүрсеңіз, жанарын жерден алмай, алдындағы қағаз қорапқа телміріп екі-үш адам отырады үнемі. Қара қарғаның миын қайнатардай аптап ыстықта да, ызғары бойыңды билетпей бүрсең қақтырар қыстың суық күнінде де сол бір көрініс. Қашан көрсең де қаңтарылған аттай, қимылсыз қарап отырғаны. Ары-бері өткен жүргіншілердің де бұған көзі үйреніп, еті өліп кеткен ...
Read More »Азық-түлік бағасы неге ала-құла?
Қылышын сүйретіп қыс келсе болды, азық-түлік бағасы шарықтап шыға келетіні бар. Осыған байланысты сауда-саттықпен айналысатындардың айтар уәжі көп-ақ. «Бензин қымбат», «жалға алып отырған орынның төлемақысы көтеріліп кетті», «сырттан жеткізілетіндіктен, тасымал шығыны жоғары»… таусылмайтын толып жатқан сылтау. Алайда облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру аясында атқарылып жатқан шаруа аз емес. Қолдағы мәліметке қарағанда, азық-түлік және ...
Read More »Некеге немқұрайлы қарама!
Бүгінгідей жаһандану дәуірінде қоғамдағы жастардың әдепсіз әдеттерге, мұсылманға жат қылықтарға бой алдыруы, батыстық мәдениетке еліктеп, әзәзіл әуендерге елітіп, ақырында болашағынан үміт күттірген өскелең ұрпақтың ғасырлардан қалыптасқан ұлттық рухани құндылықтарға қарсы тұратын «күшке» айналуының себебі рухани тәрбиенің жоғалып бара жатқандығынан. Ал адам жеңіл ойлаған сайын салмақсыздыққа ырық беретіні әлімсақтан аян. Оның бәрі түбінде бүлікке ұрынған экстремистердің сөзін тыңдауға әкеліп соғуы да ...
Read More »Азық-түлік бағасы неге қымбат?
Биыл күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының 11-інің бағасы өскен. Өкінішке қарай, оның ішінде өзге облыстардан тасымалданбайтын, өзімізде-ақ өндірілетін сәбіз, пияз, сүт, сиыр еті де бар. Бағаның біршама қымбаттағаны аздай, Тараздағы жеке кәсіпкерлердің «Дәмдес», «Смарт», «Смолл», «Вкусная корзина» сынды сауда орындары тауарларға 58-150 пайызға дейін үстемеақы қосып, сатылымға шығаруда. Мәселен, базарда сұрыпталған картоптың көтерме бағасы 90 теңгеден болса, «Смартта» – 150, «Алмада» ...
Read More »«Алматы», «Шымкент», «Жаңатас»…
немесе жол үсті толған жолаушыдан қашан арылады? Қай қалада болсын автобекет немесе автостанса бар. Жолға шыққан жолаушы осындай орындардан діттеген бағытына аттанып жатады. Халық көп шоғырланатын ондай жерлерде жолаушылар үшін барлық жағдай жасалады. Асхана, дәріхана, күту залы, жүк сақтайтын орын, билет сататын кассалар дейсіз бе, бәрі де бар. Кісі қарасы үзілмейтін болған соң, бұл маңда полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте ...
Read More »«Қара базардың» құны қанша?
«Мөлдір» мейрамханасы маңындағы жұмыс Бұл тақырыпты жазуды ойланып жүргеніме біраз уақыт болған. Жақсы – тақырып. Бірақ, кейіпкерлері кездесе бермейді, кездессе де сенімен ашылып сөйлесуге келісе қоймайды. Айтпағымыз – жалдамалы жұмысшылар жайлы. Бір жақсысы, олардың тұрақты орны белгілі. Тараз қаласында, 5-шағын аудандағы «Мөлдір» мейрамханасының маңына барсаң, іздеген адамыңа кезіге кетесің. Жаздың жайдары күндерінің бірінде осы «қара базарға» жұмысшыларды жалға алатын адам ...
Read More »Жылыжай жеткілікті, бірақ көлемі аз. неге?
Тұтынушыларды қыста да көкөніспен қамтамасыз ету ісі өңірімізде алғаш тоқсаныншы жылдардың соңына таман қолға алынған-ды. Сол тұста қордайлық Х.Дауров он шақты бөліктен тұратын жылыжай кешенін салып, қыстыгүні қияр, қызанақ егіп, өнімін елге ұсынды. Әрқайсысы әрі кетсе 100-150 мың теңге аралығында шығын жұмсауды талап ететін, көлемі 2-3 сотық қана мұндай жылыжайды екінің бірі өзінің үйі іргесінен тұрғызып, жұмысын жүйелеуіне мүмкіндігі болды. ...
Read More »Сапасыз жол. Сан соққан халық
Тілшіге тығыз тапсырма Жол туралы айтсаң, жүргізуші біткеннің етегі жасқа толардай боп, ақтарыла жөнелетіні жасырын емес. Қаланың да, даланың да ой-шұңқырға толы жолдарынан олар әбден зәрезап болған. Жыл сайын жөндеу жұмыстарына мемлекет қазынасынан қыруар қаражат жұмсалғанымен, тас жолдардың тақтайдай тегіс болып тұрғаны шамалы. Мәселен, көршілес Қытай елінде 1 шақырым жол салу 175 миллион теңгеге түседі екен, ал Қазақстан 550 миллион ...
Read More »ҚОРЫМ МАҢЫ ҚОҚЫС АЛАҢЫ ЕМЕС
Мойынқұм ауылының батыс беткейіндегі қорым маңы күннен-күнге күл-қоқысқа толып барады. Әр жерде төбе-төбе болып жатыр. Құдды бір қорым маңы емес, қоқыс алаңы ма дерсің. Қорымға апарар жолдың екі жақ жиегі де қоқыстан аяқ алып жүргісіз. Тіпті, құрылыс, тұрмыстық заттар мен бос шөлмектер, балалардың жөргектері де бар. Соның салдарынан ол жердің ауасы да ластанып, жағымсыз иіс қолқаны қабады. Қорым маңын осылай ...
Read More »