Білім

Түркия елшісі Қазақ-Түрік лицейлеріне қатысты пікір білдірді

Қазақ-Түрік білім беру мекемелеріне Түркияның еш қатысы жоқ. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык мәлім етті. «Қазақстан мен Түркияның ресми билігінің қолдауымен ашылған жалғыз білім ордасы бар, ол — Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университеті. Қазақстанда Қазақ-Түрік атауы бар білім мекемелері Түркияның ресми билігіне түк қатысы жоқ. Олардың қызметіне қатысты барлық шешімдермен Қазақстанның ...

Read More »

ОҚО-да ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 мектеп пайдалануға берілмек

1 қыркүйек — Білім күнінде Оңтүстік Қазақстан облысында 25 білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, сыйға тартылатын 25 нысанның 2-уі 600 орындық, 9 нысаны 300 орындық болса, қалған 14 білім мекемесі 100 және 200 балаға шақталған. Білім ошақтары негізінен, облысымыздың Сайрам, Сарыағаш, Қазығұрт және Мақтарал аудандарында орналасқан. Аталған ...

Read More »

Қазақтың шетелдік бизнесмені

Асқар Бөлегенов деген жас кəсіпкер бар. Ол 20 жасында өз бизнесін шетелде ашқан. Əлемге əйгілі миллиардер Ричард Брэнсонның алдында өз бизнес жобасын қорғауға 10 мыңнан аса талапкер қатысыпты. Соның арасында қазақ баласы 12-орынды иеленген.  Асқар Алматы қаласының тумасы. Жоғары білімді Англияда алған. «Grocemania» жобасының негізін қалаушы. Бұл жоба қызметі азық-түлікті қысқа мерзімде дүкеннен сатып алушыларға велосипедпен жеткізіп беруге негізделген. Асқардың ...

Read More »

Оқушылардың мектеп формасы 20 мың теңгеден сатыла бастайды

Астана қаласы Бiлiм басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев «2016-2017 оқу жылына дайындық» тақырыбына арналған брифинг барысында мектеп формасының бағасын мәлім етті. Оның айтуынша, мектеп формасының орташа бағасы бастауыш сыныптарда 10 мың теңге, ал жоғары сыныптарда 18-20 мың теңге болады, деп хабарлайдыBNews.kz. «Барлық бiлiм беру ұйымында мiндеттi мектеп формасын енгiзу бойынша жұмыс жүргiзiліп жатыр. Астанада мектеп формасы 2012 жылдан бастап енгiзiлген. 2016 ...

Read More »

Биыл 1-сынып оқушылары бес күндiк жүйе бойынша бiлiм алады

Ал 2-сыныпқа мұндай мүмкіндік келесі жылы берілмек.Бұл туралы Астана қаласы Бiлiм басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев «2016-2017 оқу жылына дайындық» тақырыбына арналған брифинг барысында мәлiмдедi. — Болжам бойынша, биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 6-7 жасқа толған 20 972 бала қабылданады. Олардың 12802-сі қазақша, 8170-і орыс тiлiнде бiлiм алады. Жаңа оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары 5 күндiк жүйеге көшедi. Аптаның алтыншы күнi (сенбi) ...

Read More »

300-ден астам қазақстандық шетелде діни білім алып жатыр

Бүгінгі таңда шетелдегі діни оқу орындарында 300-ден астам қазақстандық азамат оқиды. Олар Мысыр, Сауд Арабиясы, Түркия, Иордания, Пәкістан, Иран, Малайзия сияқты мұсылман елдерінде білім алып жатыр. Ал 17 адам биыл елге қайтып оралған. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Күлекеев айтты. «Шетелде білім алып жатқан қазақстандықтар – 22-43 жас аралығындағы азаматтар. ...

Read More »

Теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруда

Нұржан Нұралиев, №13 Тараз темір жол колледжінің директоры. Қазақстан-дықтарды, әсіресе, жастарды әлеуметтік қорғаудың ең тиімді жолы – кәсіптік техникалық білім беруді дамыту. Себебі, бұл қадам қазіргі әлемде қалыптасқан экономикалық күрделі кезеңде жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдауды тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына ...

Read More »

Еліміздің әскери жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтар ашылды

 Қазақстандықтар үшін еліміздің әскери жоғары оқу орындарындағы жаңа әскери мамандықтарға оқуға түсу қолжетімді болып отыр. Оның ішінде, биылғы жылдан бастап Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында алғаш рет «Әскери істегі логистика», «Әскери істегі юриспруденция», «Әскери істегі радиоэлектроника мен инжиниринг» және «Әскери ұжымның психологиясы», «Әскери істегі ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтары ашылды.  Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында да ...

Read More »

Талапкерлер үшін отыз екі мыңға жуық білім гранты бөлінді

Биыл жоғары оқу орындарында бакалавр мамандарды даярлау үшін 31 702 грант бөлінді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  2016 жылы жоғары білімді мамандарды дайындау үшін мемлекет тарапынан 31 702 тапсырыс түсіп отыр. Бұдан басқа сырттай бөлімдер үшін 300, жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне 2 500, ЖОО тілдік дайындық бөлімдері үшін 450 грант бөлінген. Мұның ішінде педагогикалық мамандықтар үшін 5000, гуманитарлық ғылымға – ...

Read More »

Жаңартылған білім мазмұны жаңа оқу жылынан бастап қолданысқа енеді

  Жаңартылған білім мазмұнына қатысты талқылаулар жүргізіліп, жаңа оқу жылынан бастап бірінші сыныпқа енеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева «Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстары басталғанын айтып отыр.  «2016 жылғы жаңа оқу жылында Қазақстандағы барлық мектептерде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне сәйкес жаңартылған ...

Read More »