Білім

Қазақстанда мектептер қағаз түріндегі күнделіктерден бас тартады

Қазақстандағы мектептер қағаз түріндегі күнделіктерден бас тартады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне »Күнделік» ЖШС бас директоры Александр Григорян хабарлады. Григорянның айтуынша, білім саласындағы жұмыстарды электрондық формаға ауыстыруды Білім министрлігінің өкілдері де қолдап отыр. Айта кетейік, бұл жүйе қазіргі уақытта еліміздегі барлық мектепте енгізіліп жатыр. »Бұл еліміздегі мектептердің барлығына енгізіліп жатқан электрондық портал. Ол оқу процесін жеңілдетеді. Былтыр республикадағы төрт облыста электрондық портал енгізіліп, жұмысын бастаған болатын. ...

Read More »

Білім гранттарының тізімі 12 тамызға дейін жарияланады

Қазақстанда жоғары оқу орнына түсу үшін білім гранттары иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында 12 тамызға дейін жарияланады. Бұндай шешімді бүгін Астанада Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның мүшелері қабылдады. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сөзіне қарағанда, биыл 31 702 грант бөлінді, оның ішінде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант 1 курсқа ...

Read More »

Қазақстан 8 елдің талапкерлеріне оқу гранттарын бөлмек

Қазақстан халықаралық келісімдер аясында сегіз елдің азаматтарына 100-ден астам оқу грантын бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астана Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры міндетін атқарушы Гүлзат Көбенова мәлім етті. «Халықаралық келісімдерге сәйкес, биыл бірқатар елдердің азаматтарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау жүргізіледі. Осы ретте Тәжікстаннан 90-нан ...

Read More »

Қазақстандық қыз Facebook компаниясына жұмысқа орналасты

Алматылық Айнұр Мұратова Сан-Францискодағы Facebook әлеуметтік желісінің кеңсесіне жұмысқа орналасқан. Ол бірінші жоғары білімді КИМЭП-тен алыпты. Бұл туралы The-Steppe хабарлайды. “Мен Алматыда тудым. КИМЭП-ті экономика мамандығы бойынша тәмамдап, маркетинг саласында шамалы жұмыс та жасадым. Сосын шет елде магистрлік бағытта оқуға түскім келді. 2010 жылы қаңтар айында мен алғаш Сан-Францискодағы жеке институттың дәрістерін ала бастадым”, – дейді Айнұр. Айнұрға компанияға жұмысқа тұру туралы ...

Read More »

Қазақстанда студенттер 10 пайызбен білім несиелерін ала алатын болды

Ағымдағы жылы білім грантына ие бола алмаған талапкерлер оқудың ақысын төлеуде қаржы жағынан қиналған жағдайда Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасына жүгініп, жылдық 10%-дан басталатын пайыздық мөлшерлемемен 12 жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі “Қаржы орталығы” АҚ-ның кепілдігімен несие ресімдей алады. Қаржы орталығының кепілдігімен ұсынылатын білім беру кредиттері талапкерлерге де, Қазақстанның бүкіл ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу ...

Read More »

Барлық мектептер оқулықтармен 25 тамызға дейін қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, биыл бірінші сыныптың барлық оқушылары 5 күндік оқыту жүйесіне көшіріліп, жаңа бағдарламаның негізінде білім ала бастайды. Қалған сыныптар бес күндік оқу бағдарламасына 2019 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіріледі. Елдегі мектептерде білім берудің жаңартылған бағдарламасына кезең-кезеңмен көшу процесі аясында 1-сынып үшін жаңа ...

Read More »

Қазақстанның мың жарымнан астам ауылында мектеп жоқ

Қазақстанда 1500-ден астам ауылда жалпы білім беру мектептері жоқ. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мәншүк Әбдікәрім хабарлады. «Жергілікті атқарушы органдар оқушылардың мектепке қатынауын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлгені жөн. Бүгін біздің елімізде мектебі жоқ 1523 ауыл бар. Ол жерде 27 мыңнан астам бала тұрып жатыр», — деді М.Әбдікәрім ОКҚ өткен баспасөз конференциясында. Сондай-ақ, ол мектептерде ...

Read More »

Мектепте смартфонға тыйым салу мәселесін ата-аналармен талқылау қажет — министрлік

Бұған дейін отандық прокурорлар мектепте смартфондарға тыйым салу мәселесін көтерген болатын. Олардың айтуынша, оқушылар тек қоңырау шалу және смс-хабарламаны жазу функциясы бар ұялы телефондарды ғана ұстауы тиіс. Бұдан бөлек, мектеп мұғалімдері де смартфонды қолданбауы шарт. Себебі бұның барлығы білім беру процесіне кері әсерін тигізіп отыр. Білім және ғылым министрлігі осы бастаманы алдымен ата-аналармен бірге талқылап шығу қажет деп санайды, деп ...

Read More »

Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді

Қазақстанда 2016-2017 оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұйрықпен мына жерде таныса аласыз. Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Ол күні Қазақстанның Тәуелсіздігіне және ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Сондай-ақ, оқу жылының алғашқы күні барлық мектепте патриоттық »Мәңгілік ел» актісінің аясында «Мен өз елімнің патриотымын!» сабағы өткізіледі. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу жылы 32 аптадан ...

Read More »

Елімізде қазақ-түрік лицейлері жұмысын жалғастыра береді — ҚР БҒМ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Қазақстанда қазақ-түрік лицейлерінің жұмысы жалғасатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «ҚР БҒМ еліміздегі ҚТЛ қызметіне қатысты өзінің ресми ұстанымын жеткізеді: бұл білім беру мекемелері (Қазақстанда 27 мемлекеттік қазақ-түрік лицейі бар) бұрын қалай жұмыс істесе, алдағы уақытта тура солай жұмыс істейді, оқушылар мен ата-аналарға басқа мектеп іздеуге тура келеді деп сақтануға себеп жоқ», — ...

Read More »