Білім

Г.Әбдіқалықова: Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау заңмен реттелетін болады

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау заңмен реттелетін болады. Бұл туралы  білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты. «Ауылдық жерлерде білім беруді дамытуға, тірек ауылдарда интернаттарды қайта құру арқылы шағын жиынтықты мектептердің материалдық-техникалық базасын және кадрлық құрамын нығайтуға ерекше назар аудару қажет», — деді ол. Сондай-ақ вице-премьер мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламасы, педагогтардың ...

Read More »

ҰБТ-да ауылдық мектептердің орташа баллы қалалықтардан 9,4 пайызға төмен — ҚР БҒМ

Биыл ҰБТ-да ауылдық мектептердің орташа балы 1,9 баллға өсті. Бұл туралы білім қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. «Стратегиялық маңызды бағыттардың бірі орта білімнің сапасын арттыруға байланысты. 2014 жылы ҰБТ-ның орташа баллы қалалық мектептерде 2,5 баллға, ал ауылдық қатысушылар арасында 1,9 баллға өсті. Алайда ауылдық мектептер түлектерінің орташа баллы қалалықтардан 9,4 пайызға төмен ...

Read More »

Республикада бүгінде апатты жағдайдағы 176 мектеп тіркелді

Апатты мектептің басым бөлігі ОҚО мен ШҚО-да. Бұл туралы  білім қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. «Мектеп инфрақұрылымын дамыту бағытында 2013 жылы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жобалық қуаттылығы 43 мың орынға арналған 124 жалпы білім беру мектептері іске қосылды. Алайда республикада бүгінде 176 апатты жағдайдағы мектептер бар», — деді министр. Оның сөзіне ...

Read More »

«Қарлығашқа» қамқорлық керек-ақ

Аудан орталығындағы «Қарлығаш» балабақшасының іргесінің қаланғанына келер жылы тура отыз жыл толады екен. Екі қабатты еңселі ғимарат жиырма тоғыз жылдан бері күрделі жөндеу көрмепті. Әйтеуір, айналасында тал-дарақ көп болған соң ба, қабырғаларының тозығы жеткені сырт көзге аса білінбейді. Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі Назира Дүйсебаеваның айтуынша, балабақша қиын-қыстау кезеңде де жұмысын тоқтатпапты. Бірақ, бүлдіршіндер тек орыс топтарында тәрбиеленген екен. Тоқырау жылдарында ...

Read More »

Оқулықтар қолжетімді ме?

Біраз жыл бұрын оқулық мәселесі – мектеп оқушылары мен ата-аналар үшін негізгі «бас ауруына» айналған еді. Оқулықсыз оқу үлгерімін оңалту мүмкін емес болған соң, қалайша бұған бас қатырмайды? Сол үшін тамыз айынан бастап бүкіл кітап дүкендерін аралап, «керегін» іздеуге шығатын. Бұл әр оқу жылының басында міндетті түрде туындайтын проблема болатын. Бірақ, облыстық білім басқармасының мамандары биыл мұндай қиындықтар жоқ деп сендіруде. Басқарма берген ...

Read More »

ҰБТ жеңісі – ұстаз еңбегінің жемісі

Білім беру жүйесін тиімді құра білген елдің еңсесі де биік, абыройы да жоғары. Бұл уақыт ағымы дәлелдеген шындық. Білім сапасы педагог кадрлар әлеуетіне тікелей байланысты десек, сапа өлшемі – бәсекеге қабілеттілік. Нақтырақ айтсақ, жастардың білім-ғылым биігін еркін бағындыра алуы, қоғамда сұранысы жоғары маманға айналуы. Ал осы межеге жеткізер жол бүгінде ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Өткен оқу жылында аудандағы 28 орта мектепті 705 түлек бітірген болса, соның ...

Read More »

Сингапурде… мұғалім сыйлы

Сингапурде мұғалім ең сыйлы мамандықтардың бірі екен. Осы елге барған іссапардан кейін осындай ой түйдім. Жалпы, педагог болған соң ба, сапар мақсаты басқа болса да шетелге шыққанда сол елдің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерін бақылап жүру әдетке айналған. Сингапурдегі оқыту үрдісінің артықшылықтарын, салада неге басымдық берілетінін көкейге мықтап түйіп алуыма түрткі болған себеп осы. Сингапур елінде мұғалім жұмысының сапасына ерекше көңіл ...

Read More »

Жаңа алты білім ошағы есігін айқара ашады

Өңіріміздегі 2 мектептің оқушылары, 1 колледждің студенттері, 3 балабақшаның тәрбиеленушілері жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды деп күтілуде. Жалпы, облыс бойынша биыл 9,9 миллиард теңге бөлініп, 30 білім нысанының іргесі қаланғаны белгілі. Қазіргі таңда оның төртеуі пайдалануға беріліп қойса, тағы бес нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын көрінеді. «Бұл – Мемлекет басшысының білім саласына баса көңіл бөліп отырғанының көрінісі. Жыл ...

Read More »

Қызметтің негізгі өлшемі – білім сапасы

Ерболат САУРЫҚОВ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор: Қызметтің негізгі өлшемі – білім сапасы – Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде министр Аслан Сәрінжіпов «ЖОО-лардың сапасыз жұмысы тұрғысында мысалдар жетерлік. Шағын жекеменшік жоғары оқу орындарының құрылтайшылары «өздерінің оқу орындары қоғамға керек пе және еліміздің дамуының жалпы стратегиясына бағыттала ма?» деген мәселелер бойынша айқындалуы тиіс» – деп қадап айтқан ...

Read More »

ЖГТУ студенттері басқа оқу орындарына ауысып үлгеруі тиіс

Кеше облыс әкімдігінің баспасөз орталығында ЖГТУ-дың білім беруге қатысты берілген лицензиясының кері қайтарылуына байланысты брифинг өтті. Осыған дейін бұл оқу орнында білім алып келген студенттерді тамыздың 25 жұлдызына дейін Тараз қаласындағы өзге оқу орындарына ауыстыру жұмыстарының жүріп жатқанын жеткізген облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов пен ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбеков баспасөз өкілдерін мазалаған бірқатар сұрақтардың да жауабын берді. Бұдан бұрын жазғанымыздай, ...

Read More »