Білім

Үздіктер марапатталды

Тараз мемлекеттік университетінде атаулы күнге орай салтанатты жиын өтіп, отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып, сәйкес мерзім аралығында жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізген оқу орнының үздік оқытушы-ғалымдары мен студент-ізденушілеріне лайықты құрмет көрсетілді.

Read More »

Азаматханның азаматтығы

жас жеткіншектерді білімге жетелеген Ауыл тұрғындарынан Азаматхан Әміртаевтың жас жеткіншектерге жасаған қамқорлығы жайлы естігенімде ойланып қалдым. «Тегінде адам бойындағы ізгі қасиеттердің тамыры ата тегінде жатқан шығар» дедім іштей. Әлде, отбасында алған тәрбиесіне байланысты қалыптасады ма екен? Осыдан бірер жыл бұрын оның әке-шешесі өз қаражатымен бір ауылға күмбезі күн нұрымен шағылысатындай үлкен мешіт салып беріп еді. Енді міне, сол иманды жандардың ...

Read More »

Орталықта оңды істер бар…

Қазіргі таңда әлеуметтендіру мәселесі қоғамда үлкен мәселеге айналып тұрғаны анық. Жастар, болашақ мамандар ертеңгі күні алыстағы ауылдарға барып, педагогтік қызметтерін бастайды. Алдарынан нендей қиындықтар, кедергілер күтіп тұр – олар соның бәріне де төзімділік, ең бастысы, өздеріне тағдырларын сеніп тапсырған жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсулеріне білімділікпен, біліктілікпен атсалысулары тиіс.

Read More »

«Наурыз тал» дәстүрін жаңғыртып…

Тараз мемлекеттік университетінде қайта жаңғыртылған ата-бабамыздан қалған «Наурыз тал» дәстүрінің арқауы үзілмей, жылма-жыл жалғасумен келеді. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында дәстүрге сай аталмыш оқу орнының ректоры Махметғали Сарыбековтің тікелей өзі келіп «Жастар сарайы» алдына су шаруашылығы, экология және құрылыс факультеті оқытушылары және студенттерімен бірлесе алғашқы «Наурыз тал» отырғызып, университет ауқымында биылғы ағаш егу, гүл егу жұмыстарын бастап берді. Жалпы, университеттің гидрокешені ...

Read More »

«Тәуелсіздік — тірегім, тәбәрігім!»

жас тарихшы жалғас Алматыдан олжалы оралды Кеше ғана Алматыдан алып-ұшып қуанышпен жеткен жерлесіміз, Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылындағы Шона Смаханұлы атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Жалғас Пәрімбетов «Тәуелсіздік – тірегім, тәбәрігім!» атты балалар мен оқушылар фестивалінде жеңімпаз атанып, сүйіншісін сұрай келіпті. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен фестиваль Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған.

Read More »

Самат – «Яссауи» грантының жеңімпазы

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған ІІ республикалық «Яссауи» пәндік олимпиадасы жұма күні өз мәресіне жетті. Екі кезеңнен тұрған сайыста еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 4700-ден аса оқушы өзара 10 пән бойынша бақ сынасқан. Оның алғашқы туры әр облыс орталығында онлайн түрінде өтті. «Білімді мыңды жығар» дегендей, 550 оқушы осы мыңдаған жастың ішінен келесі кезеңге жолдама ...

Read More »

Тарихтан сыр тартқан шара

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай қаламыздағы №56 орта мектепте бір апталық тәлімі зор іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Рәзия Шалданова мен тарих пәнінің мұғалімі Сәлима Әлімбекованың ұйытқы болуымен «Қазақ ханды­ғының тарихи құндылықтары, қазіргі көзқарастар мен өркениеттік мұраты» тақырыбындағы дөңгелек үстелге 11-сынып оқушылары қатысты. Басқосу барысында өткен дәуірлердегі тарихи тұлғалардың азаматтық бейнелері әңгімеге арқау болды. Өз кезектерінде ...

Read More »

Колледжіміз көш бастады

Жуырда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Триумф» мейрамханасы мен біздің колледжіміздің оқу базасында өткен «Мамандығы бойынша ең үздік» республикалық байқауына іріктеу сынына облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің білімгерлері қатысып, өзара бақ сынасты. Аталмыш сында Заур Жәнібеков, Дулат Омашев, Серік Пірназаров, Ислам Әшімов колледж намысын қорғады. Ас әзірлеуде ұлттық тағамдармен қатар, еуропалық асхана дәмдерін даярлаудан алдарына жан салмаған ...

Read More »

Сөз қадірі – өз қадірің

Жамбыл политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айман Қараулованың ұйымдастыруымен «Сөз қадірі – өз қадірің» атты пікірталас болып өтті. Шараға «Шешендік өнер» үйірмесінің студенттері қатысты. «Сезім» қыздар кеңесінің төрайымы Күләш Оспанова студенттерге сөйлеудің де мәдениеті бар екенін айтты. Пікірталасқа «Мәңгілік Ел» фракциясының мүшелері Анарбек Данияр, Смақұлова Ұлерке мен «Нұр» тобының мүшелері Нартай Досбол, Сейдкәрім Гүлнұр қатысты. Жалпы адамның ...

Read More »