Білім

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні қалай өтті?

Бұл күні тест тапсырушы түлектердің қандай күйде болғанын қайдам, ал біз ТарМУ-дың базасында орналасқан ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінде екі жарым сағат бойы талапкерлердің аудиторияларға кіріп, орындарына отырғандарын бақылаймыз деп сілеміз қатып, әбден шаршадық. Табанымыз тызылдап, басымыз айналғанда мектеп бітіруші түлектердің жай-күйін түсініп, олардың қандай қиындықтарды бастан өткеретінін сезінгендей болдық. Тіпті, ендігі сәтте не үшін келгенімізді де ұмытып, мына «кедендік ...

Read More »

Жаз жайнатып, күн күлдіріп

Биыл 1-10-сыныпта оқитын 187029 оқушыны жазғы демалыс кезінде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатыстыру жоспарланса, оның 87 пайызын жазғы сауықтыру және демалыс, еңбекке тарту шараларымен қамту көзделген. Тараз қалалық «Рауан», «Болашақ», «Жұлдыз», Т.Рысқұлов ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы және Қордай ауданындағы «Балауса», Талас ауданындағы «Жұрындысай» мемлекеттік сауықтыру орталықтары мен 4 мемлекеттік емес сауықтыру орталықтарын қосқанда, облыста 10 сауықтыру орталығы бар екен. Қазіргі таңда 12 күнге ...

Read More »

ҰБТ басталды!

Бүгін еліміз бойынша мектеп түлектерінің жалпы орта білімін аттестаттайтын ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Жалпы, тестілеу 2-15 маусым аралығында өтеді. Облыс бойынша 8561 бітірушінің 6065-сі тест тапсыруға өтініш білдірген. Оның 220-сы –«Алтын белгіге», 86-сы – үздік аттестатқа үміткерлер. Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде облыс бойынша 122 мектептің 2380 түлегі сынаққа қатысты. Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы ...

Read More »

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру – уақыт талабы

Білім беру мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етіп отыр. Қазіргі заманғы білім беру ұйымының көшбасшысы қандай болуы керек? Бұл жөнінде «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Ғалия Сыздықбаева өңірлік коммуникациялар қызметінде ...

Read More »

Білім – басты көрсеткіш

Білім – басты көрсеткіш

ҰБТ-ны өткізуде талап та, жауапкершілік те жоғары Ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіші білім сапасының негізгі өлшемі емес десек те, тестілеуді өткізуде қойылатын талап та, жауапкершілік те жоғары. Білім және ғылым министрлігі де бұл сынақты басты бәсекеге айналдырғысы келмеген шығар, алайда, алғашында орташа көрсеткіші жоғары өңірлердің рейтінгісін жасаған кезде-ақ осы жүйенің реформадан гөрі науқаншылдыққа ұласқанын түсінгендей еді жұрт. Кейіннен жоғары балл жинаған ...

Read More »

МАҚСАТҚА ҒЫЛЫМИ ИННОВАЦИЯЛАР АРҚЫЛЫ ЖЕТЕМІЗ

Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында алға қойылған міндеттерді сәл кейіндеу жазған «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында да бекемдей түскен-ді. Онда Қазақстанның 30 дамыған елдердің қатарына кіруі – қазақстандық арман екендігі, Ұлттық инновациялық жүйе құру мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылатындығы атап көрсетілген. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер жеткілікті, ...

Read More »

Жаңа мектептер көбейіп келеді

Жаңа  мектептер  көбейіп келеді

Бейқұт Жамангөзов, аудан әкімінің орынбасары. Тәу етер тәуелсіздігіміз-дің арқасы, бүгінде шалғай ауылдардың өзінде сәулеті келісті, еңселі мектеп бар. Балабақшаның да мәселесі шешілген. Сонау тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңіндегі жағдаймен еш салыстыруға келмейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен апатты мектептердің мәселесін басты назарда ұстауда. Соның арқасында ауданымызда соңғы он жылдың ішінде ондаған жаңа мектеп пен балабақшалар пайдалануға берілді. Өткен ғасырдың елуінші жылдарында ...

Read More »

Қырық жылдан кейінгі қауышу

Қырық жылдан кейінгі қауышу

Бір кездегі Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы А.С.Макаренко атындағы ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен малшылар балаларына арналған мектеп-интернатының 1976 жылғы түлектері білім алған алтын ұя мектебін еш уақытта ұмытқан емес. Олар осынау білім ошағын үлкен өмірдің бастауы, ақыл-білімнің кені санайды. Оған жуырда аталмыш мектеп-интернатының түлектерінің 40 жылдан кейінгі кездесулерінде көз жеткізгендей болдық. Мектептен түлеп ұшқалы екі жиырма жылды артқа қалдырған түлектер бір-бірін ...

Read More »

Шона атындағы шаңыраққа – 30 жыл

Шона атындағы шаңыраққа – 30 жыл

Ол жылдары қаладағы мектеп біткен революционерлердің немесе партия көсемдерінің атымен аталатын. Сол шоғыр білім ошақтарының ішінде қазақтың қос алып ақыны Абай мен Жамбылдың есімдері ғана кезігетін. Қаланың қазақтар шоғырланған солтүстік-шығыс аумағында 1986 жылы ашылған №44 білім ошағы да қазақ-орыс аралас мектебі болып шәкірттерге есігін айқара ашқан еді. Көп ұзамай 1989 жылы таза қазақ мектебі болып қайта құрылды. Жамбыл қалалық халық ...

Read More »

МЕКТЕПТЕГІ ДАУ-ДАМАЙ

Мектеп – жас желкенге сапалы білім, саналы тәрбие беретін киелі де, қасиетті орын. Онда еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Олар сол жауапкершілікті сезінеді де. Оқушылармен қатар, былайғы жұрт та беделді, мәдениетті санайтын қоғамның зиялы қауым өкілдері қатарындағы ұстаз алдынан бала да, дана да өтеді. Осындай зиялы қауым қатарына жатқызып жүрген Байзақ ауданындағы Н.Ақшабаев атындағы орта мектептің ...

Read More »