Елбасымыз айтқандай, ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту – дамудың басты факторы. Бұл қағида, әсіресе, білім саласына тікелей қатысты. Себебі, адами капиталдың сапасын көтеру – сала жұмысының нәтижесіне байланысты. Сондықтан, білім беру үрдісін реформалау әрқашан өзектілігін жоймайды. Өткен жыл облыстың білім саласы үшін табысты болды деуге негіз бар. Өңір педагогтарының кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылған дәйектерге сүйенсек, дағдарыс жағдайына қарамастан ...
Read More »Білім
Адам еңбегімен ардақты
«Қазфосфат» жауапкершілігі шектелі серіктестігі жұмысшы мамандарды дуальді жүйе арқылы бірлесіп дайындау бойынша Тараз химия-технологиялық, Жамбыл политехникалық және Қаратау гуманитарлық-техникалық колледждерінің әлеуметтік серіктестері болып табылады. Соңғы үш жылда аталған кәсіпорында облыс колледждерінің 5080 білімгері өндірістік тәжірибеден, 45-і өндірістік оқыту шеберлері тағылымдамасынан өтіпті.
Read More »Швейцариядан жеткен сыйлық
«Алтын үкі» халықаралық сыйлығы №12 «тараз» колледжіне бұйырды Швейцариядағы «ИНСАМ» бизнес және басқару жоғарғы институты бірнеше жыл қатарынан сала үздіктерін анықтау мақсатымен білім беру мекемелері жұмысына ұдайы мониторинг жүргізіп, халықаралық деңгейде шаралар өткізуімен аты әлемге танылып үлгерді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «ИНСАМ-ның» таңдауы Тараз қаласындағы №12 «Тараз» колледжіне түсіп отыр. Швейцарияның Женева қаласында өткен марапаттау салтанатында колледжге халықаралық «Алтын Үкі» ...
Read More »Үндістандық кадеттерде Таразға келеді
Қазақстан мен Үндістан арасындағы түрлі салалардағы өзара байланыс нығая түсуде. Жуырда осынау әріптестік ынтымақтастық аясында Үндістанның әскери елшісі, полковник Лахбиндер Сингх Лиддер ТарМУ-дың ректоры Махметғали Сарыбековпен кездесіп, әңгімелесті. Кездесуде Махметғали Нұрғалиұлы ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімімен аталатын университет пен бабамыз топырағында жатқан Үндістанның Кашмир провинциясы арасындағы қарым-қатынасты әскери іспен қатар, ғылым, мәдениет салаларында да жандандыра түсу керектігін атап өтіп, ...
Read More »Колледж көшбасшылар қатарынан көрінді
Болашақта мемлекетіміздің индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыратын мамандар даярлайтын Жамбыл политехникалық колледжі экономикалық көрсеткіштері бойынша Ұлттық бизнес рейтингісінде өзінің лайықты бағасын алып отыр. Аталған оқу орны республикадағы 10 үздік колледждер қатарына енгенін айта кету керек. Астана қаласында өткен «Сала көшбасшысы – 2015» көшбасшы-кәсіпорындарды марапаттау салтанатында политехникалық колледж «Жеке табыс салығы» рейтингісі бойынша алтын, «Жинақ номинациясы» рейтингісінде күміс жүлдені иеленді. Жалпы, 2015 ...
Read More »«Фариза, Фаризажан, Фаризақыз»
республикалық байқауында №47 орта мектептің 9-сынып оқушысы сымбат жұлдызбай жеңімпаз атанды Жамбылдық жеткіншектердің түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып жатқаны аз емес. Солардың бірі – Тараз қаласындағы №47 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сымбат Жұлдызбай республикалық «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» байқауынан бас жүлдемен оралды. Алматы қаласында өткен қазақтың аяулы ақын қызының өлеңдерін оқу және өлеңдеріне жазылған әндерді орындау бойынша балалар мен жасөспірімдер ...
Read More »Дәулет – үздік технолог
«Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек». Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауынан. Жасыратыны жоқ, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру мақсатында арнайы байқау өткізілетінінен алдын ала құлағдар болғанымызбен, дәл осы жоба жастар арасында үлкен серпіліс тудырады деп ешкім ойлаған жоқ. Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы бірлесе ұйымдастырған шараға ...
Read More »Ұшқыр ұшақты тізгіндеген жігіт
Халқымызда: «Ақыл – жастан, асыл тастан шығады» деген нақыл сөз бар. Оның мәнiне терең үңiлер болсақ, бүгiнгi жас ұрпақтың күні ертең-ақ, елiмiздiң мәртебесiн биiктетiп, мерейiн өсiретiн айтулы азаматтарға айналып шыға келетінін меңзейтіндей. Ал ондай елі мақтан тұтатын, туып-өскен өңірінің атын шығарып жүрген саңлақтар Байзақ ауданының тумалары арасында баршылық-ақ. Солардың санатында «МИГ-31» жойғыш әскери ұшағын тізгіндеп, көксеңгір аспан әлемінде ел тыныштығын ...
Read More »Шәкірттерім топ жарды
Қашықтықтан математикалық олимпиаданың мектебіміз базасында өткізілуі біз үшін айрықша қуанышты оқиға болды. Оған менің сыныбымнан да 10 оқушы қатысып, бақтарын сынап көруге бел буды. Нәтижесі жаман болған жоқ. Олжас Ағыбай – алтын, Аида Шындалина – күміс, Мақпал Дидар қола медаль алды. Даниал Қалтай, Алтынай Айтжанова, Айнұр Сағатова, Айханым Сағатова, Айя Шопанбек, Аружан Қоңыратбай, Дінмұхамед Нұрмаш байқауда айрықша белсенділік танытқандары үшін ...
Read More »«ЭКСПО – 2017: Тараз»
жас зерттеушілердің «Мен өлкемді зерттеймін!» атты шығармашылық жоба жұмыстарының байқауы өтті Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы тарихы тағылымға толы туған өлкеміз туралы аталмыш байқауды әр жылдарда «Туған өлкем – тұнған шежіре», «Бір шаңырақ астында», «Туған өлке мақтаныштары» секілді әртүрлі тақырыпта үзбей өткізумен келеді. Биыл бұл іс-шара «ЭКСПО–2017: Тараз» тақырыбы аясында ұйымдастырылған екен. Жеткіншек ұрпаққа елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан сандаған ...
Read More »