Маздақ

Сен қайта оралғанда

Сен қайта оралғанда… Бəрі де кеш болады, кеш, күнім. Көз алдымнан жоғалады кескінің. Өр кеудеңнен құс боп ұшып кетермін, Естелік боп қала берсін ескі мұң. Сен қайта оралғанда… Ұқсарсың күзгі бақтай тоналғанға. Санамнан сендік ойлар жоғалғанда, Сабырым жеңіп кетер сезімімді, Жалғыз куə болады оған да Алла. Сен қайта оралғанда… Алданып қаласың-ау жоқ арманға. Мен де жоқ, жүрек те жоқ сонау ...

Read More »

Еліктірген, желіктірген әлеумет тік желі

немесе «Инстаграмда» қор болған уақыт Бүгінде әлеуметтік желілер ішінде «Инстаграмның» әлеуеті тым жоғары. Бұл аудиторияда жастар тым белсенді. Және қай жерде жүрмесін «Инстаграм» парақшасын парақтап тұрғаны. Сондағы тамашалайтыны – әлдекімнің жүктеген суреті немесе бейнеролигі. Қалай десек те, олар әлеуметтік желіде жарнама жасаудың жаңа тәсілін тапқандай. Әйтеуір, желі қолданушылары өздерін жарнамалап отырудан еш жалықпайды. Жүктелген суреттерінен сәт сайын қай жерде не ...

Read More »

Жасөспірімдер неге жайсыз

Жасөспірімдерді қылмыстық әрекетке не итермелейді? Тұрмыстық жағдай ма, араласатын ортасы ма? Жеткіншектер арасында құқық бұзушылық азаймай тұр дейміз. Оған кім кінәлі? Жүре түзеліп кетер деп баласының әрекетіне немқұрайды қарайтын ата-ана ма? Білім-ғылым жолына жетелей алмаған ұстаздар ма? Бәлкім, қылмыстың алдын алуға ұмтылмаған полиция қызметкерлері шығар?.. Ел болашағын ойлайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі – заңдылық. Себебі, бүгінгі жасөспірім – ...

Read More »

Абайдың 200-ге жуық өлеңін жатқа оқып…

– Міне, қарағым, Абайдың 200-ге жуық өлеңін жатқа оқитын балам осы. Атасынан аумай қалған, құлыным, сол. Сөз сап­тағаны да, өлеңге құмарлығы да атасы Қамшыбекке тартқан. Ахметтің апасы Мәдина қуаныштан ішкі толқынысын ірке алмай, сам­бырлап сөйлеп отыр. Сөз тізгінін ешкімге берер емес. Немересінің республикалық «Абай оқулары» байқауынан бас жүлдені жеңіп алғанын бір айтып, оған қалай дайындалғанын екі айтып, әңгімесін тауыса алмауда.

Read More »

Егемендіктің арқасында елге танылғандар

Шетелде оқу дегенде, ең алдымен «Болашақ» бағдарламасы ойға оралатыны анық. Елбасының тапсырмасымен қабылданған бағдарламаның көптеген жастарға жол ашқаны шындық. Сондықтан болар, көпшілігі жастар басқа мемлекетте оқып жатыр десе, бірден «Болашақ» стипендиясының иегері деп қабылдайды. Жоғары оқу орындарында ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық, сонымен қатар «ERASMUS+», «MEVLANA», «DAAD» сияқты бағдарламалар барынан көпшілік хабарсыз.

Read More »

Жастар жат діннің жетегінде кетпесін

Бүгінгі таңда ел арасында «жиһад» сөзі жиі қолданылатын болды. Қандай да бір жерде діни көзқарасы жат адамдардың кесірінен адам өлімі орын алып жатса, соны «жиһад» деп түсінетін қоғам қалыптасып келеді. Ал түпкілікті мәніне үңілсек, ол сөз Отан үшін жанын пида етіп, ел үшін шаһид болуды білдірсе керек. Өкінішке қарай, санасы әлі қалыптаспаған жастардың діннің жат ағымын, дін емес-ау, ислам атын ...

Read More »

Жас лейтенанттар сапта

Бір қуанатыны, бүгінде әскери қызметке білімі мен білігі толысқан жастар көптеп келуде. Биыл 2035 әскери бөлімі еліміздің және Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарын тәмамдаған түлектермен толықты. Олар бөлімнің «Талас» шекара комендатурасына, «Ақсуат», «Шөлдала», «Гродеково», «Аспара» шекара заставаларында қызмет ететін болады. Жас офицерлерге әскери бөлімнен тәжірибесі мол офицер-тәлімгерлер бекітіліп берілді. Олар бүгінде жастарға білгенін үйретіп, тәлім беруде. Қызметке кірісер алдында ...

Read More »

Сабақ және смартфон

Еліміздің бірқатар өңірінде прокурорлар оқушылардың сабаққа планшет, смартфон, айфон ұстап келуіне шектеу қою туралы ұсыныс жасаған болатын. Прокурорлар «ақылды» телефон оқушыны сабақ үстінде алаңдатып, білім беру ісіне кері әсерін тигізетінін алға тартуда. Бұған Білім және ғылым министрлігіндегілердің айтар уәжі де бар екен. Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім: «Мектептің iшкi тәртiп ережелерiн әзiрлеу мен бекiту функциялары бiлiм беру ...

Read More »

Жастарға жасалған үлкен мүмкіндік

 Бағдарлама жастарға не береді? «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы елді мекендер еңсесін тіктеді десек, артық айтқандық емес. Себебі, жүрген жерін думанға бөлейтін жастар ауылға оралды. Сөйтіп, құлазыған ауылдарға жан бітті. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылдың 6 қарашасындағы бұйрығына сәйкес аталмыш әлеуметтік жоба аясында негізінен еңбек жолын ауылдан бастауға бел буған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ...

Read More »

Апа…

Сенің айтар ақылың қалқа маған, Ойымды онға бөліп жаңқалаған. Жақпар-жақпар жартасты аңсап жүрмін, Қатпар-қатпар сезімін арқалаған. Апа, Сен айтатын естілмей қырдың әні, Түндерде асау сезім булығады. Жаңа ірелген тоқтының терісіндей, Қалада бусана алмай жүрмін әлі. Апа, Маңдайымнан сүйіп ең кетерде де, Қала, міне, келдім бе бекерге не?! Мен сағындым көктемгі төлдің иісін, Әтір ғып шығармадың екен неге? Апа, Ести алмай ...

Read More »