IT Жаңалықтар

5 минутта 48 пайызға қуаттайтын технология

5 минутта 48 пайызға қуаттайтын технология

Жақында қытайлық Huawei компаниясы қарсыластары қызығарлық жаңа технология ұсынды. Бұл құралдың көмегімен 3000 mAh батареяны 5 минутта 48 пайызға қуаттауға болады, ал толығымен толуы үшін 30 минут керек. Сонымен қатар, бұл қуат толтырғыш литий-йон батареялардың тозуына жол бермейді. Яғни, батареялар бұрынғыларға қарағанда ұзақ мерзімге жарамды болмақ.  Бұл жаңалықты жылдың басты жетістігі десе болады. Өйткені, бұған дейін Galaxy Note 5 телефонының ...

Read More »

Apple көктемде арзан iPhone 5se смартфонын шығарады

Apple көктемде арзан iPhone 5se смартфонын шығарады

Биыл наурызда Apple компаниясы соңғы әзірлемесін таныстырады. iPhone 5s смартфонының арзан (бюджеттік) үлгісіне iPhone 5se атауы берілді. Смартфон сәуірден бастап сатылымға түседі. Жаңа гаджеттің сыртқы бейнесі iPhone 5s-ке ұқсас. Ал техникалық сипаттамасы бойынша iPhone 6-ға ұқсайды. Жаңартылған iPhone 5sе үлгісі сатып алушыларға классикалық қара, күміс, алтын, қызғылт түстес түрлерде ұсынылады. Смартфонның сыртқы келбеті iPhone 5s-тен аса айырмашылығы жоқ. Тек экраны ...

Read More »

Audi Айдың бетімен жүретін аппарат ұшырмақ

Audi Айдың бетімен жүретін аппарат ұшырмақ

Немістің Audi компаниясы өзінің Lunar Quattro аппаратын ғарышқа ұшыруға дайындалуда. Жақында аппарат Берлиндегі Part-Time Scientists ғылыми тобына беріледі. Бұл топ Google компаниясы жариялаған Lunar XPRIZE сайысына қатысады. Сайыс шарты бойынша қай компания жол талғамайтын ғарыш аппаратын Айға бірінші болып жеткізсе, жеңімпаз атанады. Мұнымен қоса, аппарат Айдың беткі бөлігімен кем дегенде 500 метрді жүріп өтіп, Жерге оның серіктесінің анық түсірілген суреттерін ...

Read More »

Қазақ ғалымы 25 жасқа жасартатын білезік ойлап тапты

Қазақ ғалымы 25 жасқа жасартатын білезік ойлап тапты

Алматы қаласының тұрғыны, физиолог Төреғали Батырханұлы жасартатын электронды білезік ойлап тапты. Ғалымның айтуынша, білезік арқылы 25 жасқа жасаруға болады. Құрылғының жұмысы қарапайым түсіндіріледі: қысым түскен сәтте білезік «қуаныш гормоны» серотинин мен эндорфин өндіруге септігін тигізеді. «Адамда 30 секунд бойы жағымды гормондар бөлінуі керек. Ал 30 секундтан асып кетсе ол улы гормондар болады. Осы құрылғы ағзаны анықтап, қалпына келтіреді. Сонда адамда ...

Read More »

Samsung «ақылды белдікті» жұрт назарына ұсынды

Samsung «ақылды белдікті»  жұрт назарына ұсынды

Samsung компаниясы жаңа «ақылды белдік» атты гаджет ұсынып отыр. Бұл құрылғы бұрынғы туындылардан ерекше. Шалбарға тағылатын белдік шынымен-ақ «ақылды». Бір қызығы, бұл белдік иесінің белінің неше сантиметр екендігін өлшеп, ол жүрген кезде қадамдары мен сол жүруге кеткен уақытты есептеп тіркейді. Сондай-ақ бұл белдікті таққан адам қанша уақытты қимыл-қозғалыссыз өткізгенін де біле алады. Мұнымен қоса, гаджет адамның қанша тамақ жегенін де ...

Read More »

LG G5 смартфонында қос дисплей болады

LG G5 смартфонында  қос дисплей болады

LG компаниясы G5 смартфонын осы жылдың бірінші тоқсанында шығаруға бел буды. Оның басты ерекшелігі – қос дисплейі болмақ. Смартфонда негізгі (5,3 дюйм) және оның үстінен орнатылған қосымша экран болады. Қосымша дисплей заманауи смартфондар экранының жоғары бөлігінде көрсетілетін ақпаратқа арналған. Сипаттамасына келер болсақ, бұл модельде Snapdragon 820 процессоры болады. Құрылғының оперативті жадысы 32 Гб-ты құрайды. Смартфонның 16 және 8 мегапиксельді екі ...

Read More »

Цукерберг жасанды интеллект құрмақшы

Цукерберг жасанды  интеллект құрмақшы

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг 2016 жылы үйде, жұмыста көмектесетін жасанды интеллект құруды жоспарлады. «2016 жылы мен алдыма қарапайым жасанды интеллект құру мақсатын қойдым, ол үй іші істерін басқарып, маған жұмыста көмектесер еді. Мысалға, «Темір адамдағы» Джарвис тәрізді» деп жазады Цукерберг әлеуметтік желідегі өз парақшасында. Цукерберг жасанды интеллектіні құруды бүгінгі күні бұл саладағы технология қандай жетістікке жеткенін зерделеуден ...

Read More »

Motorola бренді жойылатын болды

Motorola бренді  жойылатын болды

Ұялы байланыстағы Motorola бренді айналыстан шығарылады. Бұл туралы компанияның директоры Рик Остерлох мәлімдеді. ХХ ғасырда байланыс саласындағы әлемнің беткеұстар компанияларының бірі болған Motorola-ның жаңа ғасырда жолы болған жоқ. Бәсекеге төзе алмаған компанияны алдымен интернет алпауыты Google сатып алып, оның негізінде өз ұялы телефондарын дамытуды көздеген. Алайда жоспары өзгеріп, 2014 жылы оны қытайлық Lenovo корпорациясына 2 миллиард 910 миллион долларға сатты. ...

Read More »

Қытайда ұшатын дрон-такси жасалды

Қытайда ұшатын  дрон-такси жасалды

Қытайда ұшатын дрон-такси жасалды, яғни дрон өндірумен айналысатын EHang компаниясы CES-2016 көрмесінде әлемдегі тұңғыш EHANG 184 ұшқышсыз таксиін ұсынды. Аппараттың сегіз пропеллері бар, осы арқылы 100 келіге дейін жүк көтере алады және қысқа және орташа қашықтыққа ұша алады. Себебі оның аккумуляторының қуаты сағатына 100 шақырым жылдамдықпен 23 минут ұшуға ғана жетеді. Дрон экологиялық отынмен ұшады, 500 метр биіктікте ұша алады ...

Read More »

Хостинг деген не?

Хостинг деген не?

Ол – сіздің сайтыңыздың ғаламтордағы орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол ақпараттың қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді. Ақысын ай сайын немесе жылына бір рет төлейсіз. Хостингпен қатар домен сөзі де әдетте қатар жүреді. Домен – сіздің сайтыңыздың атауы. Яғни сайтыңыздың атын тіркеуден өткізіп, бұл үшін де жылына бір рет ақысын төлейсіз. Қазір көптеген хостинг ...

Read More »