Айша бибі

Миллионер мұғалималар

Педагог мәртебесін арттыру бағытындағы қолға алынған шаралар жемісін беруде. Биыл бесінші мәрте өткізілген республикалық «Үздік педагог» байқауында облысымыздың үш бірдей мұғалімі жеңімпаз атанып, әрқайсысы 2 миллион 121 мың теңге сыйақы алуы – соның дәлелі. Бір айта кететіні, үздік атанғандар – облыс орталықтарындағы таңдаулы мектептердің ұстазы емес, шалғай аудандарда еңбек етіп жүрген жандар. Тағы бір ерекше атап өтетіні, екі миллион сыйақыға ...

Read More »

Кешірші мені, ана!

Күйеуіммен тұз-дәмім жараспай, ажырасып, төркініме қайта келдім. Бір үйде әкем, шешем, күйеуімнен тапқан балам  төртеуіміз тұра бастадық. Жұмыстың қиындығынан ба, білмедім, әйтеуір қабағым бір ашылмайтын. Барын аузыма тосып отырса да, әкем қақырынып қалса, жақтырмай, алдымдағы тамақты итеріп, төгіп жіберетінмін. Тіпті, оларды «Қарттар үйіне» тапсырып, өзіммен-өзім болып, шалқып өмір сүруді де ойлап жүрдім. Жақсы қызметке орналасып, көп өтпей су жаңа «Джип» ...

Read More »

Келісті келіндер көбейсін

Сырттай қарағанда, бұл мәселе ұсақ-түйек сияқты көрінуі де мүмкін. Алайда, бүгінгі кейбір келіндердің олақтығы некенің бұзылуына, отбасылардың ажырасуына себеп болып отырғанын жоққа шығара алмаймыз. Әуел бастан үй шаруасының ауыр жүгі келінге жүктелетіні жұрттың бәріне мәлім. Көпке топырақ шашпаймыз, жұмысын да атқарып, отбасындағы үй шаруасын да тап-тұйнақтай етіп тындырып жүргендер жоқ емес, әрине. Бірақ, сол бір кеменің желкенін түзу жая алмай ...

Read More »

Орамал

Орамал – қасиетті дүние ғой. Ол қашаннан отбасының, берекенің, мейірім мен тазалықтың символы болған. Бола да береді. Өкінішке қарай, бүгінде орамал деген ұғымның ауқымын тарылтып алғандаймыз. Келіндер орамал тартуды үлкендердің алдындағы әйтеуір бір парыз санаса, кейбіреулеріміз жай ғана тамаққа шашымыз түспеуі үшін ғана тағатынымыз жасырын емес. Біле білсек, орамал – бәрінен биік ұғым, киелі дүние. Жауласқан жандарды бітімге келтіріп, татуластыру ...

Read More »

Қар қызы

Ақпанда туылғам… Ақ анам ақ қарға аунатып алған-ау… шамасы… Содан ба, жүрегім суынған… Көңілде көк мұз бар, Қарашы… Көзіме жас болып келеді, Тайғанақ тағдырдың наласы. Көңілім ақ қардай… Қара жер бетіне асығып, ақыры түспеген! Бағдарсыз бір бақыт тапқандай, Ұша алмай жылайды құс-денем… Толағай тағдырдың салмағын, Көтерем нәп-нәзік күшпенен. Аспанға қарадым… арманмен… Ақпанның ақ қарын көруге асығып… Әйтпесе, қара жер – ...

Read More »

Қазанның қасиетін білесіз бе?

Жазда ауылға барып, туған-туысты аралап, марқұмдарға зиярат ету менің қашаннан қалыптасқан әдетім. Сонда байқағаным, ауылдағы көне зираттарда төңкерілген қазан жатады. Бірі – моланың ішінде, тағы бірі қабір шұңқыры үстінде. Әжем бұрын мәйіт басындағы төңкерілген қазан марқұмның артында тұяғы қалмады, оты өшті дегенді білдіреді дейтін. Иә, артында мирасқоры қалмаған соң, қара қазанын басына төңкеріп кетеді екен. Ата-әжелеріміздің «Қазанды төңкерме» деп ұрысатыны ...

Read More »

Қариясы бар үй қашанда қадірлі

Әйгілі жаһангер, ұлы қаған Шыңғысхан «Өз отбасын дұрыс басқарған адамға мемлекет билігін сеніп тапсыруға болады» деген екен. Расында, әрбір отбасындағы ұйыған ынтымақ мемлекеттің тұғыры десек қателеспейміз. Осындай берік берекелі әулет, ордалы отбасылар баршылық. Соның бірі – жамбылдық Төлепбергеновтер шаңырағы. Сексеннің сеңгіріне иек артқан Әшірбай ата мен Қуан апа – әулеттің алтын діңгегі. Бір шаңырақ астында ақсақалдың ұлы мен келіні және ...

Read More »

Борша, қарын бөртпе, жаубүйрек

Борша – көбінесе ірі қара етінен дайындалады. Кәуаптың бір түрі. Санның, қолдың, жауырынның қара кесек еттерін ұзыншалап кесіп алады. Әрбір еттің бөлігіне пышақты көп батырмай жұқалап тіліп тұз, бұрыш себеді (тұздалған ет болса, тұз себудің қажеті жоқ). Етті темір тордың үстіне салып, шоққа қақтап пісіреді. Пісірген кезде аудармалап отырады. Шоққа қақталып қызыл-күрең тартқан борша өте дәмді болады. Оны әсіресе қымыз, ...

Read More »

Анасының қызына өсиеті

Тұрмысқа шығып бара жатқан қызына анасы өсиет айтыпты. «Осы өсиетті берік ұстансаң, күйеуіңмен араларың суымайтын болады» деген екен… «Қызым, саған қырық жылдық отбасылық өмірімдегі тәжірибеме сүйене отырып, осы насихаттарымды айтпақшымын. Егер айтқан сөздеріме құлақ салып, үнемі жадыңда сақтасаң бақытқа қол жеткізесің. 1 – Қанағатшыл бол! Яғни, жолдасың үйге алып келген азық-түлік, киім-кешек, барлық нәрсені шын көңілмен қабыл ал! Оған рахмет ...

Read More »