Басты жаңалықтар

Темекі тұқылын сусынға айырбастауға болады

Каталониядағы барлардың бірі «Жағажайды тазала, табиғатты аяла» атты шараны қолға алды.  Бұл акция аясында жағажайдан темекі тұқылдарын теріп келген адам онысын Tibu-Ron атты барға апарып, газдалған сусынға айырбастай алады. Tibu-Ron қарайтын компания арнайы парақша шығарып таратты. Парақшада небәрі бір ғана тұқылдың 3 литр теңіз суын улайтыны туралы айтылған. Тұқылда бірден емес, жатып-жатып, 5 тіпті 20 жылдан кейін әсер ететін улы ...

Read More »

Астанада Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші орнатылды

Бауыржан Момышұлы мен Сарайшық көшелерінің қиылысында орнатылған ескерткіштің маңайында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол жерде жұмыс істеп жатқан адамдардың айтуынша, Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішін ресми түрде ашу салтанаты тамыздың 13-і, я болмаса, 25-сінде өтеді. Бәрі абаттандыру және ұйымдастыру жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Baq.kzтілшісі.  Айта кетейік, өткен жылы қала әкімдігі қаржы мәселелеріне байланысты Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішін орнату жұмыстарын кейінге шегерген болатын. Бас кезінде ...

Read More »

Рио-2016: Қазақстан құрамасы жалпы есепте 25 орында

Олимпиада ойындарының жалпымедальдық көрсеткішіне келер болсақ, 5 алтын, 7 күміс және 7 қола еншілеген АҚШ көш бастап келеді.  Екінші орында – Қытай. Оларда 13 медаль бар – 5 алтын, 3 күміс және 5 қола. Австралия спортшылары 4 алтын және 3 қола жүлдені еншіледі. 3 алтын, 4 күміс және екі қоланы қанжығасына байлаған Италия құрамасы да алдыңғы қатарда келеді. Ал бүгін ...

Read More »

Рио-2016: 9 тамызға арналған Қазақстан спортшыларының өнер көрсету кестесі

Олимпиада ойындарының үшінші күнінде қазақстандық жанкүйерлер дзюдошымыз Мариан Урдабаева мен зілтемірші Карина Горичеваға үміт артып отыр. Сондай-ақ Олимпиада ойындарының финалисі Дмитрий Баландин жүзуден екінші айналымда бағын сынайды.   Дзюдо. 63 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер Спортшы: Мариан Урдабаева Уақыты: Іріктеу кезеңі мен ширекфиналдар сағат 19:00-де басталады. Репешаж, жартылай финалдар, үшінші орынға талас матчы мен финал сағат 00:30-да басталады. Тікелей эфир ...

Read More »

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті

Еркіндікке жіберілген дизель бағасы шарықтап кетті. Тіпті кей облыстарда сұйық отын 125 теңгеден сатылып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы. Бұл сәтті пайдаланып қалуға тырысқан кейбір жанармай құю стансаларының  қожайындары таблодағы бағаны жиі өзгертуде. Елімізде дизель бағасының еркіндікке жіберілуі үлкен дүрбелеңмен басталды. Әсіресе, оралдық жүргізушілер таңда жанармай құю бекетіне келгенде, өз көздеріне өздері сенбей естерінен тана жаздаған. Себебі көп сұранысқа ие солярка ...

Read More »

«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды

Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссиясы жұмысының алдын ала қорытындылары бойынша «Алтын белгі» медаль иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант есебінен білім ала алмайтындықтары белгілі болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Биыл 2059 «Алтын белгі» иегері оқуын еліміздің ЖОО-да жалғастыруға ниет білдірді. Алайда, олардың дені бәсекелестік деңгейі жоғары қаржы-экономикалық немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдап алып ...

Read More »

ШЫҰ көрмеге қатысады

Жуырда ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Рашид Алимовке ЭКСПО – 2017 ШЫҰ-ның халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шақыру хатын табыстады. Р.Алимов ШЫҰ-ның ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысуға барынша ынталы екенін мәлімдеді. Ол әлемдік қауымдастық үшін көрменің таңдап алған «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте өзекті екенін айта келе, хатшылық жасыл технология саласында жаңа идеяларын таныстыруға әзір ...

Read More »

Ирандықтар бірлесіп жұмыс жүргізуге ниетті

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Иран Ислам Республикасынан келген инвесторларды қабылдап, еркін сұхбат құрды. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке және бірқатар басқарма басшылары қатысты. Өңір басшысы сөзінің басында шетелдіктерге облыс туралы жан-жақты мәлімет берді. – Құрметті қонақтар, сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Елімізге, оның ішінде Жамбыл өңіріне қош келдіңіздер. Сіздерге ең алдымен облыс туралы мағлұмат беріп өтейін. Біздің облыс еліміздің онтүстігінде ...

Read More »

Ширек ғасырдағы басты жетістіктің бірі

- кәсіби техникалық білім беру жүйесінің дамуы Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жағдайына қарап, шүкіршілік айтасың. Себебі, көпшілік тоқсаныншы жылдардағы қиын-қыстау кезеңнің ауыртпашылығын әлі ұмыта қойған жоқ. Тоқырау кезеңінің салқыны білім саласына да тиген-ді. Алдымен, балабақшалар жабыла бастады. Кейіннен кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындары қысқарды. Бұл сатылы түрде жүргізілетін үздіксіз білім беру үдерісі үзіліп қалғандай кезең еді. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялап, нарықтық экономикаға ...

Read More »

Ынталыға тірлік табылады

Жастардың жергілікті жерде жұмыстың жоқтығын сылтауратып Астана мен Алматыға, басқа да құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан қалаларға кетіп жатқаны көп. Расында да ел болашағы деп жүрген жастарымыз екі қолға бір жұмыс таба алмай жүр ме? Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алған мәліметке қарағанда, «жастарға жұмыс жоқ» деген жай сөз сияқты. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» ...

Read More »