Басты жаңалықтар

2016 жылы туған нәрестелерге елімізде қойылған ең танымал есімдер

ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ресми сайтында 2016 жылдың 10 айындағы балаларға берілген есімдердің ең танымалдары жария етілген. Қыздар арасында Қазақстан бойынша Айзере есімі танымалдылыққа ие болған. Бұл есімді елімізде биылғы жылы 4934 сәби иеленіпті. Екінші орында 4873 сәбиге берілген Айару, одан кейінгі үздік үштік қатарында 4765 сәбидің туу туралы куәлігіне жазылған Раяна бар. Олардан кейін Айша, Кәусар, Айлин, ...

Read More »

Тікелей эфир арқылы тамашалады

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынды жамбылдықтар да тікелей эфир арқылы тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Айтулы күннің мәртебесін асқақтату мақсатында «Баласағұн» орталық концерт залы мен Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінде тікелей эфир көрсетілімі ұйымдастырылған еді. Онда жиылған жұртшылық еліміздің егемендік жылдары ішінде жүріп өткен жолдарын, келешекке құрған ұзақ мерзімді жоспарларды Елбасы ...

Read More »

Головкин наурызда Джейкобспен жұдырықтасады

Кәсіпқой бокс әлемінде GGG лақап атымен танылған қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен WBA тұжырымы бойынша біздің чемпионның белбеуіне басты үміткер америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы келіссөзге нүкте қойылды. Орта салмақтың нөмірі бірінші және нөмірі екінші боксшыларының арасындағы мега шайқас алдағы жылдың он сегізінші наурызында өтетін болып белгіленді. Ұзаққа созылған келіссөздер шекті мерзімнің аяқталуына бір күн қалғанда аяқталып, Гена өзінің ...

Read More »

Бозкілемде белдесті баһадүрлер

Бүгінде Қазақ күресінің қарыштап дамуына барлық жағдай жасалынып жатыр. Ұлттық спорттың беделін халықаралық аренада арттыру мақсатында «Еуразия барысы», «Әлем барысы» секілді мега-жобалар қолға алынғаны мәлім. Осындай ірі жобалармен қатар Қазақ күресі федерациясының кубогі де тұрақты өткізіліп келеді. Өткен жылы Тараз төрінде бастауын алған дуы басым дода күні кеше «Тараз-Арена» спорт кешенінде екінші жыл қатарынан өткізілді. Ұлт мақтанышы, Алаш арысы Әлихан ...

Read More »

Таразда алып баннерді денесімен тосып тоқтатқан сарбаздар марапатқа ұсынылмақ

Таразда күшті желдің кесірінен адамдарды басып қала жаздаған алып баннерді денесімен тосып тоқтатқан үш сарбаз марапатқа ұсынылмақ, деп хабарлайды КТК. Әскери бөлім басшылығы олардың бұл әрекетін ерлікке балап отыр. 16-шы желтоқсан күні қаланың орталық алаңында мерекеге орай ұйымдастырылған концерт кезінде желдің кесірінен көлемі алты құлаш алып баннер көрермендерге қарай құлаған болатын. Осылайша күтпеген жерден мерекенің шырқы бұзылған. Оқыс оқиға салдарынан концерт ...

Read More »

Дүйсенова зейнетақы мен жәрдемақының қалай өсетіндігін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зейнетақы мен бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны ұлғайту туралы тапсырмасына орай түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зейнетақыны 20 пайызға көтеру туралы тапсырма берілді. Сөз  ынтымақты зейнетақы жайында болып отыр. Қазір біз 1 қаңтардан бастап 9 пайызға көтереміз. 1 шілдеден тағы да 11 пайызға көтеріліп, толықтай ...

Read More »

Д.Өтеғалиев «Республикалық радио» ЖШС басшысы болып тағайындалды

«Қазақстан» РТРК құрамында жаңа өзгерістер орын алды. Корпорация басшысы Кемелбек Ойшыбаев бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. Басқарма басшысының айтуына қарағанда бұған дейін «Қазақстан» РТРК құрамында болған радиолар жаңа жылдан бастап жеке ЖШС болып бекітіледі. Оған жаңа басшы да сайланып қойған екен. «Еліміздегі радионы дамыту мақсатында «Қазақстан» ТРК қарасты радиоларда өзгеріс бар. Қазақ радиосы, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары «Республикалық радио» ...

Read More »

Министр зейнетақы мен жәрдемақының қашаннан бастап өсетінін хабарлады

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министр Тамара Дүйсенова зейнетақы мен жәрдемақылардың қашаннан бастап өсетінін айтты. «Қазір біз 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өсіріп жатырмыз. 1 шілдеден тағы 11 пайызға өседі, жалпы жыл бойынша 20 пайыз болады. Жаңа туған сәби үшін берілетін жәрдемақылар 1 қаңтардан 7 пайызға, ал 1 шілдеден 13 пайызға өседі. Жалпы 20 болады. Мұнда мәселе еңбек зейнетақысы жайлы. Базалық ...

Read More »

Қазақстан биыл 77 млн. тонна мұнай өндіреді

Қазақстан биыл 77 млн. тоннаға дейін мұнай өндіреді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті. «Мұнай және газ конденсатын өндіру келемі 70,8 млн. тоннаны құрады. Бұл осы жылдың жоспарынан 102,3 пайыз немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,6 пайыз болып отыр. Ағымдағы жылы мұнай саласындағы кәсіпорындарды қолдау бойынша қабылданған шаралар, сонымен қатар Қашағанды ...

Read More »

Таразда мерекелік концертте адамдарды құлаған сахнадан құтқарған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

Таразда мерекелік концертке арнайы салынған сахна құлаған сәтте адамдарды құтқарған Ұлттық ұланның сарбаздары марапатталды. «5513 әскери бөліміндегі сарбаздардың шапшаңдығының арқасында адамдарға қауіп төнген жоқ. ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен қоғамдық тәртіп пен қоғамды қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп отырып, көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін қатардағы сарбаздар Аженов Аман, Бажин Юрий, Дылюк Юрий ІІ дәрежелі «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» («Отличник Национальной гвардии») ...

Read More »