Ақ жол ТД

Бойжеткен сөнбеген жанартаудың үстіне секіріп кетті (видео)

Бойжеткен сөнбеген жанартаудың үстіне секіріп кетті (видео)

Экстрамалды спортшы Роберта Манчино жанартау үстінен ұшып өтуді армандаған. Бірнеше жыл жаттыққан бойжеткен Чилидегі сөнбеген Вильяррика жанартауына аттанды. Жанартау сол маңдағы қала мен көлден 2 847 метр биікте орналасқан. Бойжеткен сөнбеген жанартаудың ошағы мен күкірт тұманы арасынан қалықтап өтті. Ол үшін бойжеткен алдымен тікұшақпен тау үстіне жетіп 4,5 км биіктен секірді, содан соң вингсьютті жазып қалықтай отырып жанартау ошағын дәл ...

Read More »

Мұхаммед Әли жұма күні өзінің туған қаласында жерленеді

Атақты кәсіпқой бокс королі Мұхаммед Әлиді жерлеу рәсімі алдағы жұма күні туған қаласы Кентукки штатының Луисвилль қаласында өтеді. Бұл туралы Би-би-си агенттігі хабарлады.  Жерлеу рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон қатысады. Ол қаралы жиында соңғы сөзді айтатын болады.

Read More »

Қобызда ойнауды үйренген америкалық қыз The Spirit оf Tengri фестиваліне арнайы келді

Огайо университетінің профессоры Меган Рансир қобызда ойнауды бірнеше жыл бұрын меңгеріп, АҚШ-тан заманауи The Spirit оf Tengri этникалық музыка фестиваліне арнайы келді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 36 жастағы әйел өзінің оқыған жоғарғы оқу орнында студенттерге этникалық музыка тарихынан сабақ береді екен. Қазақтың этникалық музыкасы мен қобызбен ол аспирантурада өзінің диссертациясын қорғаған уақыттан бері қызыға бастаған. Оның айтуынша, қазақтың ұлттық аспабын көргенде, ...

Read More »

Ван Дамм Төреғали Төреәлінің әніне билеп жүр (видео)

Қазақстандық “Есьже, я приезжий” тобы өзінің инстаграмдағы парақшасында Төреғали Төреәлінің әніне билеп жүрген Жан Клод Ван Дамның видеосын салды. Аталған видеоны бір күн ішінде 59 мың адам көріп үлгерген. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Видеоға “Ван Дамм шайқап жатыр” деп ат қойылса да, көпшілік мұның басқа адам екенін айтып жатыр.   “Бұл Ванн Дамм емес” деп жазғандар, арамыздағы ақылдылар мұның қалжың екенін баяғыда ...

Read More »

Талғарда тұратын 21 жасар қыз Инстаграм жұлдызына айналды (видео)

Нағима Ахметова аз уақыттың ішінде Инстаграмда 100 мың жазылушы жинаған. Ол жариялаған қысқа әзілге құрылған роликтер (вайн) 1000-ға жуық көрілім жинайды. “Жасым 21-де. Мамандығым бойынша ағылшын пәні мұғалімімін”, – дейді ол.   Алғаш рет ол Айка деген образбен қысқаша ролик түсіріп Инстаграмдағы парақшасында жариялапты. Бұл кезде оған әпкесі макияж жасап, соны пайдаланып видео түсірген екен. Ол бейнежазбаларының мұншалықты танымал болып кетеді деп ...

Read More »

Жер реформасы жөнiндегi комиссияның құрамына 75 адам кіреді (видео)

Президенттiң тапсырмасымен елiмiзде Жер реформасы жөнiндегi комиссия құрылды. Оның алғашқы отырысы 14 мамырға жоспарланған деп хабарлайдыBNews.kz.   Комиссияға премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев төрағалық етедi. «Елбасының тапсырмасына сәйкес, Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына 75 адам кіреді, олардың iшiнде сенат және мәжiлiс депутаттары, үкiмет мүшелерi, мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, агробизнестің өкiлдерi, ғалымдар, қоғам белсендiлерi бар. Комиссияда барлық өңiрлердiң өкiлдерi ...

Read More »

Геннадий Головкин АҚШ-та қазақ баласының тұсауын кесті

Геннадий Головкин АҚШ-та қазақ баласының тұсауын кесті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин АҚШ-та бүлдіршіннің тұсауын кесті деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Қазақстандық жұп баласының тұсауын кесуді Головкиннен өтінген. Боксшы бұған қуана келісіп, қазақ дәстүріне атсалысты.

Read More »

Оттың қызуымен смартфон қуаттауға болады (ВИДЕО)

Оттың қызуымен смартфон қуаттауға болады (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Stower Energy жастар командасы саяхатшылар мен туристерге арналған пайдалы құрал жасап шықты. FlameStower смартфонды термоэлектрлік әсерді пайдалана отырып оттан немесе туристік оттық көмегімен қуаттандырады. Бірнеше сағат ішінде смартфонның қуаты толық қалпына келеді. FlameStower бұл оттың үстіне қойылатын темір пластина. Жоғары температурадан электр қуатын өндіреді. Ол ноутбуктің USB-портындай тоқ береді. Құрылғының құны өндірушілер сайтында 99 долларға (32 591 теңге) ...

Read More »

Беташарды Skype арқылы өткізгендер жайлы видео жұртты таңғалдырды

Беташарды Skype арқылы өткізгендер жайлы видео жұртты таңғалдырды

Беташарды Skype арқылы өткізгендер жайлы видео жұртты таңғалдырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Беташар салты бейнеленген видеоны Facebook қолданушысы Бекзат Рымқұлов жүктеді. Ол бұл рәсімде оператор болған. Оқиға Қарағандыда 23 сәуірде болып өтіпті. Оның айтуынша, күйеу баланың ата-анасы 160-170 қонақты шақырыпты. «Сол күні беташар мен неке қию рәсімі онлайн түрде өтті. Молда келіп, беташардан кейін неке қию рәсімін өткізді, сосын олар мұсылманша некеге отырғаны ...

Read More »