Тылсым дүние

Иесін қорғаған ит төрт улы жыланды өлтірді

«Ит – жеті қазынаның бірі» деп бекер айтылмаған, сірә. Үндістанда ашық қалған есіктен үйге кірмек болған төрт жыланмен төрт сағат бойы арпалысқан ит иесін ғана емес, оның отбасын түгелдей сақтап қалды. Алайда, иесін қорғаған ит шағып алған жылан уынан өліп кеткен. Бұл оқиға дүйсенбі күні болған екен. Ит төрт жыланмен арпалысып, әбден қанжоса болған. Бірақ, ол барлық жыланды өлтірмейінше қайтпаған. ...

Read More »

Влад ІІІ Цепеш «Дракуланың» прототипі өмірде болған

Аңыз бен ақиқат Белгілі режиссер Гари Шордың жетекшілігімен түсірілген «Дракула» фильмі Америкада түсірілді. Экшн жанрындағы фантастикалық драма. Дегенмен, актер Люк Эванс сомдаған кинодағы басты кейіпкер князь Владтың прототипі өмірде болған. Жалпы, фильм жазушы Брэм Стокердің шығармасына емес, ел аузындағы аңыз-әңгімеге негізделіп түсірілген дейді. Сол ел аузындағы аңызда айтылатын Валахия билеушісі Влад ІІІ Цепеш қандай адам? Бала кезінде Влад, кейін Влад ...

Read More »

Жерден басқа ғаламшарларда да тіршілік бар

немесе 1979 жылғы «Торғай оқиғасы» туралы не білеміз? Жерден басқа ғаламшарларда тіршілік бар ма?! Осы сауалға нақты жауап әлі күнге табылмай келеді. Дегенмен, сонау 1970 жылдардың ішінде бөгде ғаламшарлықтар туралы әртүрлі алып-қашпа әңгімелер жиі айтылатын дейді аға-әпкелеріміз. Тіпті, сол кездерде басылым беттерінде бөгде ғаламшарлықты көргенін айтып, жар салғандардың мақаласы да жарық көрген екен. Жуырда осындай бір ерекше оқиға жайлы бұрын ...

Read More »

«Көз жасы» көлдері

Индонезияның Келимуту тауында түрлі түсті көлдер бар. Жергілікті халық оны «Көз жасы көлдері» немесе «жауыз рухтар көлі» деп те атайды екен. Бір ерекшелігі – бұл көлдер түсін көгілдір, жасыл, қызыл және қараға өзгертеді. Көгілдір көл қарттардың, қызыл көл жастардың, қара көл жаман адамдардың жанын алады деген наным бар. Негізінен, көлдердің түсінің қызылды-жасылды болып келуін олардың Келимуту жанартауының үстінде орналасуымен байланыстырады. ...

Read More »

Алып бала

Әлемдегі ең алып бала Индонезияда тұрады. Он жасар балғынның салмағы қазірдің өзінде 192 килограмға жеткен. Күн санап салмағы артқан Арья Пермананы дәрігерлер диетаға отырғызуға мәжбүр.  Енді ол тек күріштен әзірленген тағамды жейтін болады. Арья Пермана осыған дейін күніне бес рет тамақтанған. Баланың тәбетінің күштілігі сондай, ол тамақтанғанда екі ересек ер адам тұтынатын тағамды жейді екен. Артық салмағы еркін қозғалуға мүмкіндік ...

Read More »

Аяғы жоқ, қолы жоқ… қайтіп күн көрер?

Индонезияда Тийо Сатрио есімді қол-аяғы жоқ бала өмір сүруде. Бұл – оның туабітті кемістігі. Балғын қазір 11 жаста. Мұндай жағдайға душар болған кім-кімнің де өмірден күдер үзуі мүмкін. Алайда, Тийо қол-аяқсыз-ақ бақытты болуға болатынын көрсеткісі келеді. Тийо мектепке де барады екен. Арбаға таңылған балақайдың әрі-бері жүруіне сыныптастары көмектесетін көрінеді. Жазу-сызуды да үйренген. Қарындашты аузымен тістеп жазады. Математика пәнінен сабақ беретін ...

Read More »

Асқазанынан 14 килограмм шаш шыққан

Британдық Софи Кокс дәрігерлерге соңғы бірнеше айда ішінің қатты ауырып жүргенін айтып, шағымданған. Бірақ, аурудың себебін нақты атап көрсете алмапты.  Дәрігерлер көпке дейін нақты диагноз қоя алмаған. Асқазан ауруының себебі неден екенін эндоскопиялық тексеруден өткізгеннен кейін бір-ақ біліпті. Шұғыл ота жасауға шешім қабылданып, хирургтар әйелдің асқазанынан 14 килограмм шаш алған. Мамандардың айтуынша, бұл соңғы 7 жылда жиналған шаш екен. 23 ...

Read More »

Найзағай «түсірген» карта

Бұл сурет маусым айының ортасында Балқаш көлінің солтүстігінде орналасқан Ақжайдақ ауылының маңында түсірілді. Осы өңірге жасалған арнайы экспедиция кезінде «National Gеographic Қазақстан» журналының қызметкерлері табиғаттың сирек кездесетін таңғажайып құбылысына тап болды. Қас қарая бастаған, жауын аспанның түбі тесіліп кеткендей шелектеп құйып тұрды. Жауын төрт сағаттан астам уақыт бойы толастаған жоқ. Жиі-жиі күн күркіреп, түнгі аспанда найзағай тынымсыз ойнап жатты. Жасын ...

Read More »

Музыка – тылсым күш

 Қобызда күй ойнатып, сырқат жанды емдеген, домбырада күй шертіп, қайғы жұтқан адамды төсегінен тұрғызған деген әңгімелерді ертеректе көбірек еститінбіз. Сол сәтте оны құлақ қойып тыңдасақ та, бұған аса мән бере қоймаған екенбіз. Жақында музыканың тылсым әсері жайлы бір хикая естідім. Сонда ғана сазды әуеннің қандай жұмбақ сыры бар деп ойлана бастадым. Бұл әңгімені бір қаламгер ағамыз айтып берген. «Жұмысыма іздеп ...

Read More »

Қара бастау бұлағының емдік қасиеті

немесе Қарабас батырдың берген аяны Бәйдібек ата ұрпақтарының бірі Аққабақтың баласы Дуаннан тарайтын Қарабас батыр Құрымсыұлы болжаммен 1760-1860 жылдары өмір сүрген. Зор денелі, ақылды, сабырлы, батыр адам болған деседі. Ол туралы көнекөз қариялар көптеген қызықты әңгімелер, аңыздар айтатын. Батырдың алып денесін көтеруге бір аттың белі шыдамапты. Сол үшін ол жорықтарға аттанғанда қосымша тағы бір ат қосаққа алып жүреді екен. Жорықтардан ...

Read More »