Тылсым дүние

Жасанды көз

тірі ағзаны алмастыратын болды Жуырда италиялық ғалым тірі ағзаны алмастыратын жасанды көзді жұртшылықтың назарына ұсынды. Артықшылығы: бұл жасанды көзбен де көре алатын боласыз. Аталмыш технология көп ұзамай қолданысқа беріледі. Бұл жайында innov.ru ақпарат көзі хабар таратты. Мәселені егжей-тегжейлі қарастырған сарапшылар бұл жаңалықты медицина тарихындағы аса ірі төңкеріске балап отыр. Бұл технологияға «EYE» деген атау берілді. Ендігі жерде көзінен айырылған жандар ...

Read More »

Ең күрделі ғылым – адамзат немесе өзіміз жайлы не білеміз?

Басқа тіршілік иелерін зерттегенмен, адам өз-өзін әлі толық бағамдай алмаған. Мұндайда «әлемдегі ең басты құпия – өзіміз» деген ғалымдар пікірі рас-ақ. Ендеше, сол ешбір өлшемге сыймайтын, ешқандай формуламен шешілмейтін, бір ғана  пайыммен түйінделмейтін  адамзат жайлы ең қызықты фактілерді назарларыңызға ұсынамыз.

Read More »

Ғарыш қызықтары

1. Егер Сатурн ғаламшарын өте үлкен бір суға салса, ол жүзіп жүрер еді. Себебі, оның тығыздығы судың тығыздығынан аз. 2. Нейтронды жұлдыз материалынан жасалған шай қасықтың салмағы жер бетінде 112 миллион тоннаны құрайды екен.

Read More »

Тутанхамон қабірі

немесе  оның  құпиясы Дүниежүзінің археолог-ғалымдары Мысыр перғауындарының қабірін ашуға қатты қызығатын. Белгілі археолог Говард Картер Лухсорға келгенінде патшалар алаңындағы биік төбеден бұрын белгісіз болып келген қорым жайлы естіп, барып көреді. Сөйтіп, лорд Карнарвонның қаржыландыруымен Г. Картер осы қорымды 1917 жылдың күзінен бастап қазуға кіріседі.

Read More »

Күннен қуат алатын ұшақ

Күн сәулесінен қуат алатын ұшақ кептердің жылдамдығындай жылдамдықпен ұшуға қабілетті. Аталған ұшақ тәулік бойы тоқтаусыз көкте қалықтай алады. SolarImpulse 2 – моторы күн сәулесінен қуат алатын батареямен жұмыс істейтін алғашқы ұшақ. Тынық мұхитын қоса алғанда, 5 күннің ішінде әлемді шарлап шығуға болады.

Read More »

Есті алған елес қыз

Күн ұясына батар шақта Ерлан қалаға бет алды. Ол Астанадан қашық емес ауылдың бірінде тұрады. Жазда құрылыста жүргенімен, қыста жұмыссыз. Балаларға бас-көз болып, үйде жатады. Тек әйелі қаладағы үлкен сауда орталығындағы кинотеатрда жұмыс істейді. Ол кеш шығатындықтан

Read More »

Леонардо Да Винчидің жұмбағы

Леонардо да Винчи – тек «Қайта өрлеу дәуірінің тұлғасы», «Әмбебап адам» феноменінің классикалық үлгісі ғана емес, жалпы, адамзат баласы осындай терминнің пайда болғаны, оның тұлғасы, тағдыры, шығармашылық және ғылыми ізденістерінің орасан ауқымы үшін ұлы суретшінің алдында қарыздар. 

Read More »

Жапония банкінде роботтар қызмет көрсетпек

Жапонияның The Bank of Tokyo банкінде адам тәріздес роботтар халыққа қызмет көрсететін болады. NAO андроидтарының үш саусағы бар. Оларды француздық Aldebaran Robotics SA жасап шығарған. Бойлары – 58 сантиметр, салмағы – 5,4 килограмм. Олар банкке келушілердің сауалдарына жауап беріп, 19 тілде сөйлесе алады. Сонымен қатар, адамның көңіл-күйін анықтайтын да мүмкіндіктері бар. «Мен сіздің валютаңызды алмастыруға немесе ақшаңызды шетелге жіберуге, банктен ...

Read More »

Болашақтың киімі «Автономды жылыту» жүйесімен қамтамасыз етіледі

Калифорниядағы Стэндфорд университетінің жетекші ғалымы Йи Цуй киімге арналған наноөткізу құрылғысы бар жабынды ойлап тапқанын мәлімдеді. Ол жылуды тудырып қана қоймай, сонымен қатар, адам денесінен бөлінген жылуды сақтап қалуға көмектеседі. Жаңа материалдың әдеттегі киімге қарағандағы тиімділігі сонда, ондағы технология сыртқы жылуға деген адамның тәуелділігін азайтады екен. Нақтырақ айтқанда, ғалымдар жеңіл әрі ауа өткізетін материал жасады. Нанометрлік диаметр өткізу сымдары бар ...

Read More »

Екі басы, үш құлағы бар бұзау

Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған Іле облысы Нылқы ауданында тұратын Ерлан есімді азаматтың үйінде екі басы, үш құлағы бар бұзау төлдеді. Ерланның айтуынша, сиыр төлдейтін уақыты келсе де үш күн төлдей алмай қиналып жүрген. «Басында біз малды ауырып қалды ма деп ойладық, бірақ, қандай да бір аурудың белгісін таппадық. Туу барысында мал қатты қиналып, өлуге жақындаған соң, бауыздап алдық. Сойғанда әлгіндей ...

Read More »