Тарих

«АЛТЫН ШЕЖІРЕ» НЕНДЕЙ СЫР ШЕРТЕДІ?

Тар аядағы ғылыми қауым осы күнге дейін «Алтын шежірені» моңғолдың көне жазба, тарихи-әдеби мұрасы тұрғысында бағалайды. Расында да, ол өз түпнұсқасында «Лу. Алтан товч» деп аталатыны шындық. Оның қазақша сөзбе-сөз мағынасы «Лұбсынданзынның Алтындай аз сөзді кітабы», яки «Алтын түйін» деген ұғымды білдіреді. Абай Мауқараұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Кітаптың жазылғанына үш жүз жылдан астам уақыт өтсе де, оның нағыз қолжазбасының ...

Read More »

Абылайдың түсі

І түс Хандық ғұмырының алғашқы күнінде Абылай түс көреді. Бұқар жыраудан түсін жоруын сұрайды… «Астымда қылқұйрық жүйрігім бар екен. Сарыарқаның сайын даласында серуендеп жүрмін», – дейді хан. – Азуы кереқарыс дәу арыстан батыс беткейді бетке алып тұра қашты. Астымдағы жануарды қос төсінен екпіндетіп, тепсіне сала, сауырына қамшы бастым. Тұяқты жануар дес берсін бе, қуып жетіп, көп арпалыспай арыстанның ішін қанжарыммен орып ...

Read More »

ТҮРКІЛІК ТЕГІМІЗ ЖӘНЕ көне ТАРАЗ

Тараз және қазақ даласында болған басқа да қалалар жөнінде парсы, үнді, түркі, араб тілдерінде жазылған деректер баршылық. Зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен Тараз-Таластың талай рет тарихи оқиғаларына куә болғанын көре аламыз. Оның бірін француздың әйгілі ғалымы «Дала императорлары (Атилла, Шыңғысхан, Темірлан)» авторы Рене Груссе (Rene Grousset) деуге болады. Онда: “… қытайлық қолбасшы генерал Ченг-ки заманымыздың алпысыншы жылында «Қара шаһардың оңтүстігінде «Кио-Ли» мекенінде ...

Read More »

Бауыржан Момышұлы

* Бақаның бағынан сұңқардың соры артық. * Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық. * Отан үшін отқа түс, күймейсің. * Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту. * Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті. * Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты ...

Read More »

Ақала ордам қонған жұрт

Керей мен Жәнібек 1465-1480 жылдары Қазақ хандығын құрып, ел биледі. Бұрындық хан 1480-1511 жылдары; Қасым хан 1511-1518 жылдары; Мамаш 1518-1523 жылдары; Тақыр 1523-1533 жылдары; Бұйдаш 1533-1534 жылдары; Қожа Махмұт 1534-1535 жылдары; Тоғым 1535-1537 жылдары; Хақназар 1538-1580 жылдары; Шығай 1580-1582 жылдары; Тәуекел 1582-1598 жылдары; Есім 1598-1628 жылдары; Жәңгір 1629-1652 жылдары; Әз Тәуке 1680-1715 жылдары; Қайып 1715-1718 жылдары; Болат 1718-1723 жылдары; Сәмеке ...

Read More »

ЖӘҢГІР ЖҮРГЕН ЖЕРЛЕРМЕН

Халық ағарту министрінің бұйрығымен қазақ ордасының ханы, генерал-майор Жәңгір Бөкеевке берілген «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» құрметті дипломы араға бір жарым ғасыр салып Қазақстанға жеткен Біздің Қазанда алғашқы бас сұққан жеріміз – Қазан университеті болды. 1804 жылы 5 қарашада Ресей императоры Александр І-дің жарлығымен ашылған Қазан университеті – әлемдегі ең ежелгі оқу орындарының бірі. Кезінде КСРО-ның атақты 39 академигі оқып, қызмет ...

Read More »

Хан Кененің ізі қалған Кекіліксеңгір

«Наурызбай шыға шабады. Кекіліктен зырқырап. Билері шапты қасқа атпен, Құйындай шаңы бұрқырап». Нысанбай жырау жырлаған Кекіліктауға Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ақ жол» газетінің экспедициясы арнайы сапарға барған едік. Жақындаған сайын құз-бедері айқындала түсетін әйгілі Әулиешоқыны сонда көрдік. Майтөбедегі Кенесары ханның ескерткішіне тағзым жасадық.

Read More »

ҚАЗАҚ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

Жоғарғы әр түрлі шежіре кітаптардың сөзінен біздің қазақ Нұх пайғамбардың Яфас деген баласының нәсілінен, Қытайша Тукю – біздің тілде түрік аталған халықтан екені анық болды. Түрік деген «дулыға» деген сөз екен. Онан соң бір кезде ғун, яки хун деп аталыпты. Оны Нәжиб Ғасымбек Орхон өзеніне қойылған аттан қойылды дейді. Онан кейін әр түрлі атпен бөлектеніп кетсе де, біз ұйғыр атынан ...

Read More »

ТАРИХҚА – ТАҒЗЫМ, БОЛАШАҚҚА – БАҒДАР

Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы сияқты маңызды оқиғалардың бәрі де қоғам мен жастар арасында отансүйгіштік сезімінің қалыптасуы мен тереңдеуіне ықпал ететін шаралар екені анық. Соның ішінде, тарихи жадымызды қайта жаңғыртып, жастарымыздың бойында тарихи сана қалыптастыруда, әсіресе, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өтудің орны бөлек екендігі даусыз. Қазақ ...

Read More »

Сақ сайыпқырандарынан қазақ хандарына дейін

Жалпы сақтан тамыр тартатын тарихымыз қазіргі жыл санауымыздан бұрынғы VIII-VII ғасырлардан бастау алады. Ол кездері Алтайдан Дунайға, Енесай шатқалдарынан Памир тауларына дейінгі ұлан-ғайыр өлкеде «ат құлағында ойнаған» дала сайыпқырандары сақтар өмір сүрген. Олардың өзі бірнеше іргелі тайпаларды құраған. Сақтардың бірлестік негізін қалаған алғашқы көсемі Алып Ер Тоңға болыпты. Оны атақты Фердоусидің «Шахнамасында», жалпы шығыс елдерінде Афрасиаб деп атайды. Сақтардың ол ...

Read More »