Тарих

Ел қонбаған жер жетім

Қазақ тарихының тамыры тереңде жатыр. Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Біз – Орта Азиядағы ежелден келе жатқан мемлекеттердің біріміз. Ол – даусыз. XV ғасырда Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы ...

Read More »

Қозыбасы

Қозыбасы

Қозыбасы – тарихи дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аумақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді.Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мысалы, Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы аталатын жота бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп аталады. Қозыбасы аталатын шоқы Жамбыл ақын «Сұраншы батыр» дастанында жырлағандай Қордай асуында, Мойынқұм ауданы Хантау ...

Read More »

Тәуелсіздік – біздің маңдайға біткен бағымыз

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. Өз ішімізден шыққан оларды жамандағыштар құрметке ...

Read More »

тарих-и-рашиди тағылымы

Жүніс хан Мауараннәһрге кеткен соң ұлыс түгелдей Есенбұға ханға бағынады. Бірнеше жыл осылай өтті. Хан жастығы мен кәмелетке толмауы себеп әмірлерді қорлауға тырысатын. Тұрфандық ұйғыр тайпасынан шыққан «Темір» атты біреуді өзінің орынбасары етіп сайлады. Оның тәрбие ісіне қатты көңіл аударды. Сондықтан өзге әмірлер оның мәртебесінің өсуін, әрі өздерінің аяқ асты қор болып жүргендеріне шыдамай, бір күні хан мәжілісінде «Темірді» қолға ...

Read More »

Азаттық жолындағы арпалыс

Қазақ қоғамында көрініс тауып, тарих тезінен өткен мемлекеттілік идеясы мен практикасын бірнеше кезеңдерге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең. Әлгінде ғана өмірге келген қазақ мемлекеттігі бөтен емес, көрші Мауереннаһр билеушісі Мұхаммед Шайбани ханмен Сыр бойындағы Түркістан, Отырар, Сығанақ, Сауран, Созақ сияқты қалалық орталықтар үшін ауыр күреске түсіп, бұл күрес осы өңірге біржола орнығумен, артын ала орталық және батыс қазақ жерлерін Қазақ ...

Read More »

Атлақ шайқасы жайлы не білеміз?

Батыс түріктердің қайта көтерілуіне қарлұқтар себепші болды. VII ғасырдың орта тұсында олар Жоңғар, Алтай, Тохарстан аумағына билік құрды. Қара Ертістегі жоңғар қарлұқтарының 630-жылғы көтерілісі Батыс түріктің Тон-жабғы қағанын мерт етті. Оларды 647-650 жылдары Тан империясына қарсы көтерілген шығыс түрік билеушісі Шабыш қағанның да бағындырғысы келгені аян. Бұл ержүрек тайпа VIIІ ғасырда өз тәуелсіздігі жолында Білге қаған мен Күлтегін қағанның әскерлерімен ...

Read More »

Торқалы тойдың тамыры тереңде

Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, сенатор. Қазақтың тарихы тым тереңде жатыр. Кескілескен шайқасқа, күреске толы ғасырларда біздің бабаларымыз алып аймақты аман сақтап, келесі ұрпаққа, халыққа үлкен мұра ретінде қалдырды. Барлық хандарымыз дерлік, ұлттың, елдің болашағы үшін жан аяған жоқ. Бүгін міне, еркіндік, азаттық, тәуелсіздік деп аталатын үлкен ұғымның арқасында өткенімізге үлкен баға беріп, тарихымызды төрге оздырып, Қазақ хандығының 550 ...

Read More »

Қазақтың қилы тарихы

 Әбілхайыр ханның өмір жолының кейбір тұстары Абылайға ұқсайды. Орта жүздің ханы Әбілмәметтің қарауында жүрген Абылай сұлтандай Әбілхайыр да алғашында Шейбан тұқымы Суфи-оғлан баласы Жұмадық ханның қарамағында сұлтандық лауазыммен оның әскерінің бір бөлігін басқарады. Кейін Жұмадық хан Ноғай ұлысының ішкі ісіне орынсыз араласамын деп маңғыт және өзбек тайпалары көсемдерін өзіне қарсы қойып алады. Сөйтіп жүргенде Ноғайдың атақты биі, Едігенің баласы Қазы ...

Read More »

Орхон ескерткіштері туған дәуір, ондағы тарихи шындық

Тарихтан жиі ұшырасатын Скиф (Сақ), Үйсін, Қаңғы (Қаңлы), Дулат, Оғыз, Қыпшақ – бәрі де Сібірді, Қазақстанды, Орта Азияны, Орта-Төменгі Еділді, Каспий жағалауларын сонау ерте замандардан-ақ мекендеген түркі-моңғол руларының әр кездегі ру-ұлыстық, түрлі бірлестік аттары еді. Заманымыздың V ғасырынан бастап бұл өңірлерде әлгі аталған бірлестік-мемлекеттердің негізінде түркі халқы қоғамдасып, соның негізінде Түркі қағанаты орнады. Бүгінде түркі халықтары деп аталатын қазіргі әзербайжан, ...

Read More »