Тарих

Мұстафа Шоқай арманым

Мұстафа Шоқай арманым

Тарих. Тағдыр. Тағылым «1985 жылдың сәуірінен бастап ескен демократияның алтын күрегі өзінен бұрынғы әкімшіл-әміршіл партократтар билеген тоталитарлық басқару жүйесінің сірескен тоң-мұзын бұзып-жарып, халық­тың қатып-семе бастаған санасына ой салды. Ұйқылы-ояу мәңгірген күйінен сергек ойлап, сенімді іс жасауға жеткізді. Соның нәтижесінде егемендігін аңсаған елдер кеңестік империяның тыпыр еткізбейтін құрсауы мықты шеңгелінен құтылып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жатыр. Ал бір кезде Кеңес ...

Read More »

Алатаудың сұңқары

Алатаудың сұңқары

1941 жылғы 26 ноябрь күні маршал К.К.Рокоссовский мені полк командирі етіп тағайындады. Онда менің жасым 30-да еді. Әскери дәрежем аға лейтенант болатын. Ол кезде партия қатарында жоқпын. Полк командирі болу дейтін оңай емес. Мен одан бұрын батальон командирі болатынмын. Бес рет қоршауды бұзып шыққам. Соны марқұм генерал Иван Васильевич Панфилов Рокоссовскийге жеткізген екен. Маршал Рокоссовскийдің маған сенгендігінің төркіні сонда жатыр ...

Read More »

«Аты шулы» офицер Дәукенов

«Аты шулы» офицер Дәукенов

жайлы ақиқат пен аңыз Желтоқсан. Кеңес өкіметінің өктемдік саясатына қарсы шыққан қазақ жастарына жасалған қырғынға екі жыл өткен. Қуғын-сүргін: абақтыға жабу, өлім жазасына кесу, партия қатарынан шығару, қызметтен босату, оқудан қуу әлі толастаған жоқ. Қазақстанның қасиетті топырағына қылышынан қаны тамып келген бірінші хатшы Г.В.Колбин Қазақстан Орталық Комитетінің Бюросында «ұлтшылдардың» тағы бір ұйытқысы мен ұясын тапқандай дабырайтып тың «дерек» келтірген. Ол ...

Read More »

Жас қала жағасында ерке Есілдің

Жас қала жағасында ерке Есілдің

(эссе) Атырау-Алтай арасын жайлап жатқан алып сахара, сартап дала, жусанды қыр қабырғалы қазақ жұртына, Алаш баласының уысына оңай түсе қойған жоқ. Азаттықтың ақ таңы үшін егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, сүйем қарыс жерді жанкештілікпен қорғаған бабалар рухына мың тағзым! Қай кезде, қай дәуірде болсын қазақтың тарихы бірігу тарихын құрады. 

Read More »

Әлемдік мәдени және табиғи мұралардың қорғаушысы

ЮНЕСКО халықаралық ұйымы 1945 жылы 16 қарашада құрылды. Штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Құрылғанына биыл 70 жыл толып отырған беделді ұйымның құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. 1959 жылдан ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады. 1972 жылы Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясы қабылданды. ЮНЕСКО-ға бүгінгі таңда 193 ...

Read More »

Абылайханның айбаты

немесе Жоңғардың тарих сахнасынан жойылуы 1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр еді. Ол жастайынан жетім қалған. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті. Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол Сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа ...

Read More »

Әз Жәнібек пен Жиренше шешен

Әз Жәнібек пен Жиренше шешен

Әз Жәнібек хан болып тұрған кезінде сол елдегі айтқыш та, тапқыр, батыл адамдарды іздеп тауып, өзіне уәзір етіпті. Солардың бірі – Жиренше шешен екен. Ол заманда зауыт, фабрика деген атымен жоқ. Қырық уәзір күнде таңертең хан ордасына жиналып, жұмысты жоспарлап, әңгіме-дүкен құрып тарқасады екен. Осындай әңгіме кезінде Жиренше шешен кімге де болса дес бермей, шешендігін байқататын болыпты. Тіпті, Әз Жәнібектің ...

Read More »

Тасқа басылған қазына

Тасқа басылған қазына

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған энциклопедияның тұсауы кесілді Қазақ хандығының 550 жылдығына орай облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Ақпарат және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тойға тәбәрік ретінде «Қазақ болып қалыптасқан ғасырлар» атты кітап дайындап шығарған болатын. Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойының алғашқы күні Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында аталған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Жиынды Тараз мемлекеттік педагогикалық институттың ректоры, ...

Read More »

Ел қонбаған жер жетім

Қазақ тарихының тамыры тереңде жатыр. Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Біз – Орта Азиядағы ежелден келе жатқан мемлекеттердің біріміз. Ол – даусыз. XV ғасырда Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы ...

Read More »

Қозыбасы

Қозыбасы

Қозыбасы – тарихи дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аумақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді.Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мысалы, Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы аталатын жота бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп аталады. Қозыбасы аталатын шоқы Жамбыл ақын «Сұраншы батыр» дастанында жырлағандай Қордай асуында, Мойынқұм ауданы Хантау ...

Read More »