Федор Кердань 20 жасында Кеңес Одағы Батыры атанған «Мен соғысты жек көрем, Мен соғысты жек көрем. Көкем айтып отырса, Кім қасірет шекпеген, Кім көз жасын төкпеген…» деп келетін өлең жолдарын мектеп қабырғасында төменгі сынып оқып жүргенімізде оқулықтан жаттағанымыз әлі есімде. Сол кезде-ақ, осындай өлеңге арқау болған Ұлы Отан соғысының қайғы-қасіреті жайлы, орасан зор шығыны, ондағы жұдырықтай жүректерден шыққан жанқиярлық ерліктер ...
Read More »Тарих
Сауытбек сал
Әлдихан Қалдыбаев, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Сауытбек Ұсаұлының туғанына 140 жыл толғанда мерзімді баспасөзде бірсыпыра материалдар жариялаған болатынмын. Олардың ішінде Саукең туралы зерттеу мақалам да бар еді, соны қайта қарап, толықтырып жариялауды жөн көріп отырмын.
Read More »Жақсыдан қалған із
Өмірдің небір дауылын, қиындығын бастан кешкен аға ұрпақ неткен төзімді еді?! Олар шыр етіп дүниеге келе-ақ жетімдіктің, жоқшылықтың, соғыстың зардабын бастан кешті. Солардың бірі Алтай Әбенұлы Қартабаев еді. Бар ғұмырын Жамбыл жерінде өткізген Алтай Әбенұлы Арқа жерінің перзенті болатын. Қазақ жерінің қасиетті бір өлкесі Ұлытау өңірінде кіндік қаны тамған. Атасы Қартабай Елденұлы Ұлытау жеріне белгілі би болған. Атадан қалған үйір-үйір ...
Read More »ЕКІ СОҒЫС КӨРГЕН АРДАГЕР
Ұлы Отан соғысының ардагері және облыстық ішкі істер органы қылмыстық іздестіру бөлімінің ардагері Петр Павлович Вербицкий тоқсан жасқа толды. Мерейтой иесін торқалы жасында әріптестері арнайы құттықтай келді. ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қ. Шоңғарбаев құттықтау хатын тапсырып, иығына шапан жауып, барлық құрамның атынан алғысын білдірді. ІІО ардагерлер кеңесінің және облыс бойынша Ұлттық гвардияның төрағасы, отставкадағы полковник Ө. Смаилов мерейтой иесіне ...
Read More »АМАНТАЙ ДӘУЛЕТБЕКОВ
Менің қолымда 1975 жылы 11 сәуір күні шыққан Талас аудандық «Ленин жолы» газеті тұр. Оны тауып, бізге мән-жайды нақтылауға көмектескен – Берікқара ауылының ақсақалы, ауданның Құрметті азаматы Мәдімаров Ерген ағамыз. Мақала авторы – белгілі журналист Досымжан Төлеуішов. Сонымен Амантайдың Арқада 1917 жылы Тама болысында дүниеге келгені рас. Зобалаң ашаршылықтан бұл әулет Әулиеата маңайын паналады. Көп ұзамай Дәулетбек қайтыс болады да ...
Read More »Ғасыр ғажайыбы
Сәуірдің алғашқы ақ таңында дүниеге келген Нұрағаң, Нұрғиса Тілендиев, туралы ақ қағаз бетіне түспеген жылы лебіздер, естелік, эсселер аз болмаса керек. Әлі де жалғаса берері хақ. Бірде – дана, бірде – бала, бірде – келтек, бірде – тентек мінезді, қылыштың жүзіндей, найзаның бізіндей дәуіңнен де бұқпаған, дауыңнан да ықпаған, әні мен күйін қатар жұптаған, онысын бірде – қиын, бірде – ...
Read More »Наурыз — сақтардан жеткен мереке ме?
Навроз – бұл парсы тілінен алғанда мағынасы нав – жаңа, роз – күн болып шығады екен. Демек, жаңа күн деген мағынада. Қазіргі тарихшылардың біразы наурыздың шығу төркінін парсы жұртынан тараған дегенді алға тартады. Бұл – қате пікір. Біздің айтпағымыз – ежелгі сақтардан бастау алады. Ендеше, өз пікірімізді ортаға салып көрелік. Наурыз қос сөзден тұрады, алғашқы нау деген не мағына береді? ...
Read More »Жұмекеңнің жасаған жақсылығы
эссе Көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың аяулы перзенті Жұмабек Ахметұлы Тәшенов Ақмола облысы Аршалы ауданының Бабатай ауылында 1915 жылы 20 наурызда дүниеге келген. экономика ғылымының кандидаты. Ақмола құрылыс техникумын, КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген. Ж. Тәшенов әр жылдары Бейнетқор аудандық атқару комитетінің хатшысы, аудандық жер бөлімінің меңгерушісі, Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы партия ...
Read More »Қажымұқанмен кездесу
1942 жылдың ақпан айы кешегі күндей әлі есімде. Ауылымыздағы көлік жүргізуші болып жұмыс жасайтын Нұрлан Нүсіпов ағамыз аудан орталығынан, әлемге аты әйгілі тұңғыш қазақ палуаны Қажымұқан атамызды ауылға алып келді. Бұл бір естен кетпес мереке болды. Ол кісінің Шу ауданы, Көктөбе колхозында болғанын біреулер білер, біреулер білмес. Өз басым ауылымыздағы өзге де ойын балаларымен бірге Қажымұқан атамыздың төңірегінде екі күн ...
Read More »Қабырғаны қайыстырған қасірет
бір отбасынан 7 азаматты жалмаған соғысты басқаша айту мүмкін емес Қазақ халқының басынан қилы-қилы замандар өтті. Тағдыр тәлкегі аз азапқа салмады. Қуғын-сүргінді, ашаршылықты басынан өткізіп, енді-енді бой түзей бастағанда, талайдың отбасын ойран еткен Ұлы Отан соғысы басталды. Бәрі өткеннің үлесінде. Олардың салып кеткен зобалаң іздері санамызда сайрап тұр. Жеке бір тұлғаның, жеке отбасының немесе жеке бір әулеттің жүріп өткен жолы, ...
Read More »