Ел жаңалықтары

3 айлығында сөйлеген сәби желі қолданушыларын таң қалдырды

Таңғаларлық жағдай! Сәбилер біз ойлағаннан да ерте сөйлеуі мүмкін. Оның айқын дәлелі – 3 айлық кезінде тіл қатқан мына сәби. Дүние есігін ашқанына небәрі 3 ай болған нәресте ата-атанасы айтқан сөздерді саналы түрде қайталауда. Сенбейсіз бе? Ендеше өзіңіз зер салып қараңыз!   Ақпарат көзі: Stan.kz

Read More »

45 «Алтын белгі» иегері биыл грантсыз қалды

45 «Алтын белгі» иегері биыл білім беру грантын ала алмады. Бұл туралыTengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Ұлттық тестілеу орталығының берген жауабында айтылған. «Конкурсқа 2208 «Алтын белгі» иегері тапсырыс берген, олардың 45-і грантты жеңе алмады», — деді Тестілеу орталығының өкілдері. Сонымен қатар, орталықтың мәліметінше, 2015 жылы білім беру грантын 47 «Алтын белгі» иегері ала алмаған. ҰТО-тың мәліметінше, «Алтын белгі» иегерлері мынадай мамандықтарды таңдаған: жалпы медицина; ақпараттық ...

Read More »

Республикалық комиссия жерді жалға беруге тыйым салу туралы мораторийді 5 жылға созуды ұсынды

Астанада Жер мәселелері жөніндегі комиссиясы жерді жалға беруді 5 жылға дейін мораторийді созу туралы сұрақты талқыламақ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылғы министрі Асқар Мырзахметов комиссия жұмысының регламентін бекіту кезінде мәлім етті. «Өңірлердегі қоғамдық кеңестердің отырысында сөз етілген азаматтарымыздың ұсынысын ескере отырып, бүгінгі күні комиссия алдында мынадай ұсынысты айтқымыз келеді. Осылардың негізінде қабылданған мораторий мерзімін 2021 жылдың ...

Read More »

Тамыз айында қазақстандықтар 1 күн артық демалады

2016 жылдың 30 тамызында ҚР Конститутциясына 21 жыл толады. Биылғы Конституция күні сейсенбіге сай келгендіктен, қазақстандықтар 1 күн демалады. Айта кетейік, 2011 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес, 30 тамызда тойланатын ҚР Конституция күні мемлекеттік мейрам болып саналады. Еңбек заңнамасына сәйкес, бұл күні халық демалады. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыұлттық референдумда қабылданды ...

Read More »

Ақмола облысында бассейнге Дмитрий Баландиннің есімі берілді

Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы басcейнге олимипиада чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі беріліп отыр. Бұл шешімге жергілікті жастар бастамашылық танытып отыр, деп хабарлады 24.kz телеарнасы. Белсенділердің бірінің айтуынша, бұл қала жастарының спорттың осы түріне деген қызығушылығын арттыратын болады. Ақкөл бассейнінің ұзындығы 25 метр, ені 8,5 метр. Мұнда күніне 100 адам келеді. Бір жарым жылдың ішінде 600 бала суда жүзуді үйренді. Оның ішінде 30 бала ...

Read More »

И.Тасмағамбетов «АрМИ-2016» сайысының жеңімпаздарын марапаттады

Бүгін Қазақстанның «Гвардейск» полигонында «Артиллериялық оқ ату шеберлері» мен «Мерген шебі» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстанның жерінде алғаш рет өткен «Армия халықаралық ойындары – 2016» халықаралық турнирлерінің жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Біз «әскери рух» және «жауынгерлік бауырластық» сияқты қарапайым, бірақ, сыйымды ұғымдардың сана-сезімімізде күш пен ...

Read More »

Енді WhatsApp мобильдік қосымшасының көмегімен жұмыс табуға болады

Қарағандыда WhatsApp мобильдік қосымшасының көмегімен жұмыс табуға болады. Екі күн бұрын іске қосылған жаңа жоба арқылы 200-ден астам адам өзіне қажет ақпаратты алып үлгерген. «Халықты жұмыспен қамту орталығына» күніне 100-ден астам адам келеді екен. Енді қала тұрғындары үйлерінен шықпай-ақ көпшілікке белгілі қосымша арқылы жаңа жұмыс орны туралы мәлімет алып отырады. Қазір қалада 900-ден астам бос орын бар. Шаһардағы 150-ге жуық ...

Read More »

Астанада Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші орнатылды

Бауыржан Момышұлы мен Сарайшық көшелерінің қиылысында орнатылған ескерткіштің маңайында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол жерде жұмыс істеп жатқан адамдардың айтуынша, Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішін ресми түрде ашу салтанаты тамыздың 13-і, я болмаса, 25-сінде өтеді. Бәрі абаттандыру және ұйымдастыру жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Baq.kzтілшісі.  Айта кетейік, өткен жылы қала әкімдігі қаржы мәселелеріне байланысты Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішін орнату жұмыстарын кейінге шегерген болатын. Бас кезінде ...

Read More »

Грант иелерінің тізімі сәрсенбі күні жария етіледі

Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қарауды аяқтады. Ол грант алатын түлектердің аты-жөндерін анықтады. Бірақ комиссия қорытынды тізімді қайта тексеріп шығуды тағы бір күнге ұзартуына байланысты, оны жариялау бір күнге кешеуілдеп отыр. Тізім «Егемен Қазақстан» газетінің 10 тамыз күнгі нөмірінде жарық көреді. Ал тізімнің басылым сайтындағы (egemen.kz) нұсқасын сіздер сол ...

Read More »

Қазақстанның тікұшақшылары «Авиадартста» үшінші орынды еншіледі

Ресейдің Рязань облысының «Дубровичи» полигонында «Авиадартс - 2016″ ұшу экипаждарының халықаралық байқауы аяқталды. Сайыстың үздіктері қатарында қазақстандық тікұшақшылар. Олар құрметті үшінші орынды еншіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап. «Жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдану» сайысының соңғы кезеңі шеңберінде ұшқыштар межелердің әртүрлі үлгілері бойынша зымыран-зеңбіректік және бомбалық қару-жарақты жауынгерлік қолдануға сынақ ұшуларды орындады. Қазақстанның командалары арасында армиялық авиацияның ұшқыштары ...

Read More »