Ел жаңалықтары

Қайырымдылық қоры елімізде 100 тұрғын үйдің ауласын қалпына келтіреді

Бүгін Алматыда «Бауыржан» қайырымдылық қоры 10-шы мерейтойлық «Алтын жүрек» қайырымдылық жүлдесін өткізу бойынша өтінімдерді қабылдау шарасын бастады. Қор өкілдерінің айтуынша, «Алтын Жүрек» жүлдесінің тоғыз жылдық тарихы бар. Осы жылдар ішінде Қазақстан бойынша мыңдаған қайырымды іс-шаралар өткізілді. 100 мектеп салынып, 300 спорттық және балалар алаңдары салынды, жүздеген адамдардың өмірі арашаланды. Биыл «Алтын жүрек» жүлдесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылатын «Қайырымды істер керуені» ...

Read More »

Олимпиаданың ашылу рәсімін жүргізетін комментаторлар белгілі болды

«Хабар» телеарнасында 5 тамыздан 6 тамызға қараған түні көрсетілетін Олимпиаданың ашылу салтанатын спорт комментаторлары Ермұхаммед Мәулен мен Дмитрий Мостовой жүргізетін болады. «Қазақстан» мен Kazsport телеарнасында бұл мәселе әлі шешіліп жатыр. Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Read More »

Еліміз Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарын өткізу идеясын қолдады

Қыркүйектің үші мен сегізі аралығында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында, Ыстықкөл жағасында «Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары» өтеді. Ойынның мақсаты – жаһандану дәуірінде әлем халықтарының мәдениеті мен тұрмыс салтын жаңғырту және сақтау. Игі бастаманы Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия қолдап отыр, деп хабарлайды BNews.kz.  Бағдарламада ойынның ашылу және жабылу салтанаты, этноспорттың 23 түрінен өтетін сайыстар, халық ойындарынан көрініс, Шолпан-Ата қаласындағы ипподром мен «Кырчын» шатқалындағы мәдени-бұқаралық ...

Read More »

Универсиаданың озық үлгідегі спорт нысандары

2017 жылғы қысқы Универсиадаға арналып салынып жатқан спорт нысандарының құрылысы уақытысынан бұрын тәмамдалды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  Бір жыл бұрын ғана құрылысы 30/40 пайызға дайын болған 12 мыңдық Мұз сарайы, 3 мыңдық Мұз аренасы және 5 мың адамға арналған Атлеттер қалашығы қыркүйек айында ресми түрде есігін айқара ашпақ. Озық үлгідегі нысандарда қазқамтудың үлесі – 50 пайызды құрап, құрылысқа 1200 қазақстандық ...

Read More »

Қазақстанның командасы Ресей, Қытай, Қырғызстан мен Венесуэланың командаларынан басым болды

Бүгін Қазақстанның «Гвардейск» полигонында «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Түнгі спринт» байқауының екінші кезеңі басталды. Армия ойындары шеңберінде бұл түнгі уақытта өткізілген алғашқы сайыс, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  Тартыс күрделі болды. Жауынгерлік қалыпта түнгі көру приборларымен жүргізу, минаатқыштан, гранатаатқыш пен автоматтан нысаналарға дөп тигізу мұның барлығын Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан мен Венесуэланың артиллерияшыларына түнгі мезгілде алғаш рет байқауда ...

Read More »

Астанада қазақстандық спортшылардың Рио Олимпиадасына қатысу кестесі бар парақтар таратылуда

Астанада «Спортқа жақын бол! Еліміздің құрама командасын шашбауын көтер!» жобасының тұсауы кесілді. Жоба аясында адамдардың көптеп жиналатын орындарында ақпараттық өнімдер үшін ақпараттық тақталарды орналастыру көзделуде. Онда қалада өткізілетін бұқаралық спорт шаралары туралы және қазақстандық спортшылардың олимпиадада қатысу бағдарламалары мен эфирдегі көрсетілімдердің уақыты көрсетілген парақшалар таратылмақ. Мұндай тақталар «Керуен», «Хан Шатыр», «Мега», «Аружан», «Азия парк», ОУМ сауда орталықтары, «Аңсар», «Сапаржай» автовокзалы ...

Read More »

Ұлттық банк төрағасы Назарбаевқа теңгенің әлсіреу себебін айтып берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Данияр Ақышев Елбасына Ұлттық банктің қазіргі уақытта атқарып жатқан жұмыстары, ақша-кредит саясатындағы басты бағыттамалар мен елдегі қаржы нарығындағы жағдай туралы хабарлады. Қазақстан Президенті елдегі ішкі валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтап қалу үшін, республикадағы банк жүйесін дамыту үшін және екінші деңгейлі банктердегі несиелеу жүйесін ...

Read More »

ШҚО-ның тұрғыны салмағы 7 келі болатын саңырауқұлақ тауып алды

Улан телеарнасының операторы Алексей Лаврик Сағыр ауылының маңынан 7 келі болатын саңырауқұлақ тапқан. Бұл жайлы ол өзінің желідегі парақшасына жариялады. Биылғы маусымның жаңбырлы болғаны соншалық саңырауқұлақтар шамадан тыс үлкен көлемді болып өсіп жатыр. Саңырауқұлақтардан небір тағам түрін жасайтыны белгілі. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны. Ақпарат көзі: Stan.kz

Read More »

Отандық телеарналарда Рио Олимпиадасын трансляциялау күнтізбесі жарияланды

«Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналарында 5 мен 21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейрода қаласында өтетін Олимпиада ойындарын трансляциялаукүнтізбесі жарияланды. Бұл туралы « Қазақстан» РТРК-ның баспасөз қызметі хабарлады.                  Ақпарат көзі: қазАқпарат

Read More »

Астана қонақтарына тегін жаяу экскурсиялар өткізіледі

Елордада тегін жаяу экскурсиялар жобасы қарқынды дамып келеді, туристер аудиогидтің көмегімен қаланың басты көрікті орындары туралы толық ақпарат ала алады. «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына қарсы және «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда арнайы шатырлар орнатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап. «Идея Нұржол желегін, оның жанындағы көрікті жерлерді барынша кеңінен танымал етуге негізделген, қала қонақтары мен шетелдіктер кепілге аздап ақша ...

Read More »