Ел жаңалықтары

Анасы баласынан алимент алады

Атырау облысының Махамбет аудандық сотына талап қоюшы Г.Б.-ның баласы Ш.М.-дан өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы арыз келіп түсті. Талап қоюшы Г.Б. сотқа берген талап арызында, жауапкер Ш.М. жалғыз баласы болып келетінін, табыс тауып отырса да, үнемі табысын өзіне жұмсап, бірге тұруына байланысты көмек көрсетпейтінін, ұлына және өзіне алған қос несиені төлеп отырғанын, ақшасын жеткізе алмайтынын, өзінің көмекке мұқтаж екенін ...

Read More »

Астананы жаңбыр суынан құтқару үшін бюджеттен 10 миллиард теңге жұмсалмақ

Астананы жаңбыр суынан құтқару үшін бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінбек деп хабарлайды КТК арнасы. Алайда, бұл қыруар қаржы «ЭКСПО» өтетін ауданға ғана суағарлар салуға жұмсалатын болды. Халықаралық көрме  өтетін аумақты жарылқауға көшкен елорда әкімдігі 2016 жылдың 10-шы шілдесіне дейін Есілдің сол жағалауына жауған жауынның ізі де қалмайды деп сендіріп отыр. Тура туған күнінде төпелеп жауған нөсерден Астанадағы қозғалыс қиындап, той тойлауға шыққан ...

Read More »

Сапарбаев: Қытайды емес, қазақты жұмыспен қамтуымыз керек

Бердібек Сапарбаев Мэнь Лянькуге қазақ жұмысшыларын қысқартпай, басқа шығындардың қатарын азайтуға кеңес берді деп жазады Ult.kz. «Ақтөбе ақпарат» орталығының мәліметінше, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде мұнай кенішін бұрғылаумен айналысатын қытайлық «Ұлы қорған» компаниясының вице-президенті Мэнь Лянькумен кездесті. Екіжақты әңгіме барысында облыс әкімі қазақ жұмысшыларын қысқартпай, басқа шығындарды қаражат үнемдеуге кеңес берді. Бердібек Мәшбекұлының ойынша, компания басшылары қаражат үнемдегісі келсе, іс-сапарлар ...

Read More »

ОҚО-да дәрілік шөпті шекара маңынан заңсыз жинап жүрген 21 шетелдік ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында, өсімдіктану ғылымында «Сасық Ферула» атанған дәрілік шөпті шекара маңынан заңсыз жинап жүрген 21 шетелдік ұсталды. Сарыағаш шекара отрядының (Қазақ-Өзбек шекарасы) бір топ офицерлері Сарыағаш ауданы бойынша ҰҚК аппаратымен бірлесе отырып, Көші-қон туралы заң талаптарын бұзғандығы үшін, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бозай ауылдық округының аумағынан 19 ауғанстандық, 2 өзбекстандық азаматты ұстады. Олар бейсауат адам жүруге ...

Read More »

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, игілік және жұмысына табыс тіледі. Телефон арқылы әңгімелесу барысында Ресей Президенті Елбасын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Екі ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Read More »

Қазақстан Республикасы Президентінің туған күніне орай шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшыларының құттықтаулары

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз құттықтауында екі ел арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті дамытудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне баға жетпейтінін айтты. Сондай-ақ ол Елбасының еуразиялық кеңістіктегі тату көршілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті. «ЕАЭО көбіне-көп Сіздің жеке күш-жігеріңіз арқылы көпжақты ынтымақтастықтың әлемдік аренадағы елеулі беделге ие тиімді құрылымы ретінде бекіді. Сізбен достық қарым-қатынасымыздың және Ресей-Қазақстан байланыстарының ...

Read More »

Олимпиада туын Тараз түлегі ұстайды

Мемлекет басшысы Қазақстанның Олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесті. Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшыларға еліміздің ерекше үміт артатынын атап өтті. – Сендер спорттағы біздің олимпиадалық отбасымыздың толыққанды мүшесісіңдер. Қазақстандықтар Олимпиада нысандарындағы трибуналарда және теледидар алдында сендерге қолдау көрсететінін ұмытпауға тиіссіңдер. Сендердің қатысуларың барша отандастары­мызды рухтандырады және қуантады. Сондықтан сендердің алдағы жеңістеріңді біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ...

Read More »

Индустрияландыру – жаңа экономикалық ахуалдағы басты бағыт тың бірі

Елбасы жалпыұлттық телекөпір аясында Индустрияландыру картасының бірқатар жобаларын іске қосты Кеше Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы: 2016 жылдың I жартыжылдық қорытындысы» атты кеңес өтті. Жалпыұлттық телекөпір форматындағы кеңес аясында Индустрияландыру картасының бірқатар жобалары іске қосылды. Бұдан бөлек, істеп тұрған өндірістердің жұмысы таныстырылды. Олардың қатарында Мойынқұм ауданының атын аз-ақ жылда алысқа танытқан «Мыңарал» цемент ...

Read More »

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бас Ассамблеяда өткен дауыс беру кезінде Қазақстан 138 мемлекеттің қолдауына ие болды. Ол бұл сайлауда 55 дауыс жинаған Таиланд мемлекетінен басым түскен. Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері атынан 1-орынға Қазақстан және Таиланд елдері таласқан болатын. «Дауыс берушілердің үштен екісінің қолдауына ие болып, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесіне 2 ...

Read More »

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ү н д е у і

Қымбатты отандастар! Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енді. Бұл кеңес – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган. Еліміздің оған сайлануы – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз.

Read More »