Бүгін Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында бокстан Олимпиада ойындарының жеребесі тартылып, қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластарының есімдері белгілі болды. 49 келі: Біржан Жақыпов бірінші айналымда тер шығармай, екінші кезеңді күтетін болды. Екінші айналымда Әзербайжан мен Намбия боксшылары арасындағы жекпе-жектің қай жеңгені жерлесімізге қарсылас атанады. 52 келі: Олжас Сәттібаев алғашқы айналымда Пуэрто-Рико боксшысымен қолғап түйістіреді. Ол алғашқы айналымда қарсыласынан айласын асырса, екінші жекпе-жегінде ...
Read More »Ел жаңалықтары
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спортшылармен жүздесті
Бүгін Рио-де-Жанейродағы олимпиадалық қалашықта ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спортшылармен жүздесіп, оларға сәттілік тіледі. Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. «Құрметті ел намысын қорғауға келген спортшылар! Арттарыңда сендерден үлкен үміт күтіп отырған елдерің бар. Сендер сол үмітті ақтауларың керек. Мен барлықтарыңа сәттілік тілеймін. Жеңістеріңіз көп болсын. Сендердің жеңістерің елдің қуанышы», — деп атап өтті Тимур Құлыбаев. Сонымен қатар ...
Read More »БАҚ: 40-қа жуық мемлекет пен үкімет басшылары Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады
Бүгін Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында болатын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына 40-тан астам мемлекет және үкімет басшылары қатысады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Бүгін Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында болатын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына 40-тан астам мемлекет және үкімет басшылары қатысады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Өз кезегінде Бразилия сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі «Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Олимпиада ашылуына келетін әлемдік көшбасшылардың нақты саны мен аты-жөндерін ашық айтылмайды», — деген ...
Read More »Білім гранттарының тізімі 12 тамызға дейін жарияланады
Қазақстанда жоғары оқу орнына түсу үшін білім гранттары иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында 12 тамызға дейін жарияланады. Бұндай шешімді бүгін Астанада Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның мүшелері қабылдады. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сөзіне қарағанда, биыл 31 702 грант бөлінді, оның ішінде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант 1 курсқа ...
Read More »Қазақстандық спортшыларға Бразилияның ауа райы қатты ұнап тұр — Елсияр Қанағатов
Қазақстандық спортшыларға Бразилияның ауа райы қатты ұнап тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті. «Рионың ауа райы өте тамаша. Біз ыстық болады деп ойлаған едік. Спортшыларымыз келгелі күн салқын болды. Олимпиада ойындары біткенше осы ауа райы сақталса тіптен жақсы болар еді. Біздің спортшыларға да, өзімізге ...
Read More »Олимпиада астанасында Қазақстанның көк байрағы көтерілді
Бүгін ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында еліміздің көк туы көтерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Риодан хабарлады. Қазақстаннан бөлек Испания мен Түркияның және Сейшель мен Чад мемлекеттерінің тулары да ілінді. Ұйымдастырушылар шағын іс-шараны мәдени концертке ұластырып, Бразилияның тарихынан сыр шертетін билерімен бес елдің спортшыларына өз өнерлерін паш етті. Қазақстандық делегация атынан Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков ...
Read More »Қазақстан 8 елдің талапкерлеріне оқу гранттарын бөлмек
Қазақстан халықаралық келісімдер аясында сегіз елдің азаматтарына 100-ден астам оқу грантын бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астана Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры міндетін атқарушы Гүлзат Көбенова мәлім етті. «Халықаралық келісімдерге сәйкес, биыл бірқатар елдердің азаматтарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау жүргізіледі. Осы ретте Тәжікстаннан 90-нан ...
Read More »Қазақстанда декреттік төлемдерді рәсімдеу жеңілдетілді
Бала тууына байланысты төленетін әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге қажетті құжаттар саны азайтылды. Бұндай нәтижеге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының бірлескен жұмысының арқасында қол жеткізілді. Енді өтініш беретін кезде болашақ аналарға жұмыстан соңғы 12 айдағы кірістері туралы анықтаманы әкеліп әуре болмайды. Тек жеке куәлік, аурухана парағын және банк есепшотын ұсынса болғаны. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын ...
Read More »Олимпиада алауы Рио-де-Жанейроға жеткізілді
Олимпиада алауы 2016 жылғы Жазғы Ойындардың астанасы Рио-де-Жанейроға жеткізілді. Енді ол шаһардың барлық көшелерімен өткізіліп, 5тамызда әлемдік доданың ашылу салтанатында елдің басты «Маракана» стадионына әкелінеді. Риоға жеткізілмес бұрын Олимпиада алауы сан өткелектен өтті. Олимпиада алауын жағалауға желкенді қайық спортынан Бразилия құрамасының 7 мүшесі жеткізді. Олардың арасында осы елден шыққан бірнеше дүркін Олимпиада жеңімпаздары бар. Спортшылар алауды жеткізу үшін 20 мың ...
Read More »Қазақстан Ресейден ірі қара мал кіргізуге уақытша шектеулер енгізді
Қазақстан Ресейден ірі қара мал кіргізуге уақытша шектеулер енгізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Ресей Федерациясының Ямало-Ненец округі аумағында сібір жарасының таралуы тіркелген. «Бүгінде Ресей Федерациясының бұқаралық ақпараттар құралдарының мәліметінше, округте 2,3 мыңнан астам жануар қырылған және онда қазіргі уақытта карантин енгізілген. «Сібір жараcы» ауруы адам арасында тіркеліп, 90-ға жуық адам ...
Read More »