Ел жаңалықтары

Алакөлдің бүгінгі жағдайы алаңдатады

Алакөлдің бүгінгі жағдайы алаңдатады Биыл түрлі халықаралық жағдайлардың салдарынан Алакөлдің бәсі артып тұр. «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» демекші, еңбек демалысының соңғы аптасында сол Алакөлімізге аяқ матырудың сәті түсе кеткені. «Аға, Алакөлдегі демалыстың жай-жапсарын айтыңызшы, баруға бола ма?!» деп сұраған желідегі достарымыздың сауалына орай көрген-білгенімді ортаға салайын. ЖОЛ. Алакөл Алматыдан 670 шақырым қашықтықта. Ұшақпен бір адамға Үшаралға барып-қайту ...

Read More »

60 миллион тұратын шапан

Еңбегі көбіне-көп жұрт назарынан тыс қалатын мамандық иелері бар. Тарих үшін құнды жәдігерлерді бастапқы қалпына келтірумен, оны консервациялаумен шұғылданады. Көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің кезінде Алматыдағы «Қазреставрация» мекемесін құруға мұрындық болға­нының өзі осы мамандықтың қан­шалықты маңыз­ды екендігін аңғартса керек. Бүгінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде еңбек ететін Тұрсынкүл Жайлаубаева осындай сирек кездесетін қадірлі іспен шұғылданады. – Реставратор болудың қиын­дығы да, қызығы ...

Read More »

Айбек Бектұрғанов: Рио жазғы Олимпиадасына арналған салтанатты киімдерді тігу — үлкен мәртебе

Спортшылардың салтанатты шеруге арналған киімдерін тігу — өте жауапты әрі мәртебелі іс. Бұл жағдайда орындаушы өз елінің бейнесін жасайды деуге болады. Өйткені, олимпиадалық құрама командалардың салтанатты шеруін бүкіл әлем халқы тамашалайды емес пе. Биыл, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласына баратын Қазақстанның Олимпиадалық құрама командасының салтанаттық киімін «Қазлегпром-Алматы» ЖШС отандық кәсіпорны әзірледі.  Осыған байланысты, «ҚазАқпарат» тілшісі аталмыш компанияның директоры Айбек Бектұрғановтан сұхбат алған ...

Read More »

Теңге әлсірегеннен кейін тамыз айында баспана арзандай ма?

Сарапшылар ұлттық валюта әлсірегеннен кейін қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болатынын болжады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Homsters.kz қазақстандық өкілдігінің жетекшісі Олеся Мельникованың айтуынша, шілдеде жаңа емес баспаналар нарығы тұрақсыз болды. «Айдың басында шағын пәтерлердің қымбаттауы байқалды. Алғашқы екі аптада жаңа емес баспаналар нарығында 1 және 2 бөлмелі пәтерлер 3-4 пайызға қымбаттап, үш бөлмелі пәтерлердің саудасы тоқтап қалды, ал ...

Read More »

Елімізде қазақ-түрік лицейлері жұмысын жалғастыра береді — ҚР БҒМ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Қазақстанда қазақ-түрік лицейлерінің жұмысы жалғасатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «ҚР БҒМ еліміздегі ҚТЛ қызметіне қатысты өзінің ресми ұстанымын жеткізеді: бұл білім беру мекемелері (Қазақстанда 27 мемлекеттік қазақ-түрік лицейі бар) бұрын қалай жұмыс істесе, алдағы уақытта тура солай жұмыс істейді, оқушылар мен ата-аналарға басқа мектеп іздеуге тура келеді деп сақтануға себеп жоқ», — ...

Read More »

Қазақстандық боксшылар Риода қарсыластарынан құпия жаттығуда

Қазақстандық боксшылар Рио-де-Жанейрода алғашқы жаттығуларын өткізді, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті. «Біздің команда Риодағы алғашқы дайындықтарына аттанды. Жаттығулар олимпиадашыларға арнайы салынған Athlete’s Hall жаңа кешенінде өтеді», — делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында. Жаттығу процесін қарсыластардан құпия сақтау мақсатында, шаршы алаң арнайы экрандармен қоршалған, деп хабарлады ҰОК. Ақпарат көзі :ҚазАқпарат

Read More »

Қазақ ақсақалы қымыз пісудің жаңа техникасын ойлап тапты

Қымыз – қазақтың ұлттық сусындарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Бие сүтінен даярланатын бұл сусынды көптеген көшпелі халықтар – қазақтар, қырғыздар, башқұрттар сонау ескі замандарда меңгерген. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Герадот: «Көшпелі скифтер бие сүтінен қымыз даярлаған» – деп жазды.  1256 жылы Азияға саяхат жасап, жиһан кезген француз Вильгельм Рубрикас те қымыздың көшпенділер өміріндегі ...

Read More »

Қазақстанның Рио Олимпиадасынан жүлдемен оралған спортшыларға қанша төлейтіні анықталды

Бүгін  Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиада ойндарына қатысқан әрі жүлделі орын алған қазақстандықтарға қаржылай сыйақының мөлшері айтылды. Әрбір спортшыға көрсеткен нәтижесі бойынша 5-250 мың доллар аралығында ақы төленетін болады деді ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы Бахытбек Хамит. Бұл туралы ҚазТАГ жазды. «Бүгін жазғы Олимпиадаға қатысатын спортшылар мен олардың бапкерлеріне, жалпы құрамаға берілетін қаржылай сыйлықтың көлемі нақтыланды. Ода ...

Read More »

Олимпиада ойындарына жаңа бес спорт түрі қосылады

Олар:каратэ, серфинг, жарға өрлеу, скейтбординг пен бейсбол, — деп хабарлайды today.kz. ХОК комиссясы бес спорт түрінің олимпиада бағдарламасына енуін қолдады. Олар:каратэ,серфинг,жарға өрлеу, скейтбординг пен бейсбол/софтбол деп жазды ХОК ресми сайты.Бұл спорт түрлері Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиадаға толыққанды енеді деп күтілуде.Соңғы шешім тамыздың 3 күні ХОК тың Рио-де-Жанейродағы сессиясында белгілі болады. Аталған спорт түрлері Олимпиада ойындарына енгізілген жағдайда қосымша 18 медаль ...

Read More »

«OTAU TV» арналарының топтамасына төлем қымбаттайды

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясының «Толық» арналар топтамасын көру үшін абоненттік төлем айына 2000-нан 2500 теңгеге дейін көтеріледі. «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара шетелдік телеарналарды ретрансляциялау бойынша құқықтарды алуға шығындардың айтарлықтай өсуімен байланысты. Бір жарым жылдың ішінде ұлттық валюта — теңгенің бірнеше рет құлдырауын есепке ала отырып, компания абоненттік төлем сақтау үшін резервті қарастырды. ...

Read More »