Облыстық телеарнаға жаңадан кірген кезім. Жұмыс көп, дамыл таппаймыз. Жаппай қысқартудың тұсы. Екі-үш адамның қызметін істеуге тура келеді. Өзіміз оператор, өзіміз тілші, дикторлық қызметті де қат-қабат атқарамыз. Бір күні жұмыстың соңына Исабек Күзембаев екеуміз бір «шишаны» ортаға қойып, енді ғана бастағанымыз сол еді бас редакторымыз Мұқан Әбілқайыров кіріп келді. Марқұмның жатқан жері жәннатта болсын. – Не істеп отырсыңдар, – деді ...
Read More »Шөкеңнің шошаласы
«Сіз қарулы екенсіз»
Нұрғазы ұзақ жыл бұрынғы Калинин колхозында бастықтың қызметтік көлігіне жүргізуші болған. Бастықтар ауысып тұрады. Бір жылдары ол колхозға Ұлы Отан соғысының ардагері, әр қимылы батырға ұқсас Айтжан Әбішев деген кісі бастық болады. Бір жолы Айтекең егіс даласын аралап келе жатқанда көліктің артқы бір дөңгелегінің желі шығып, жарылып қалады. Жөндей қояйын десе, Нұрғазы да артық дөңгелегі болғанымен, домкраты жоқ екен. Әй, ...
Read More »«Әй, Қайнар, көзіңе қарамайсың ба?!.»
Биыл Талас өзенінде су мол. Ол шалғайда жатқан біздің ауылға да әсер етпей қоймапты. Былтыр арықпен келетін бір қасық суға зарығып отырғандар биыл көл-көсір суға қарық болды. Бұрнағы жылы біздің жақта жерді қоршап алу деген үрдіс шыққан. Ол үрдіс бойынша әркім үйінің, шарбағының маңындағы бос жатқан жерді қоршай берген. Ол биік па, аласа ма? Ол жерге су бара ма, бармай ...
Read More »Ақ кепкелі азамат
Бұл тілшінің жүрісі бөлек. Тыпыр-тыпыр етіп бір орнында тұр екен десең, біраздан кейін жүйрік аттай көз ұшында басындағы ақ кепкесі ағараңдап кетіп бара жатады. Ал арқалаған жүгі алты батпан. Қалжыңға да құралақан емес. Аудан орталығына Ерназар ауылынан қатынайтын Дүйсекеңнің кейде жұмысқа ертерек келіп, мекеме есігін тоқылдатып, іштегі күзетшілердің шығуын тосып тұратыны да бар. Сондай сәтте өзіне «Дүйсеке, таң алакеуімнен неғып ...
Read More »Чипстер ме, чемпион ба сатылып жатқан?
Жарнама сауатты әрі мазмұнды жазылса, құба-құп. Таразда бұл мақсаттағы ілінген баннерлердің кейбірінде «әттеген-айлар» кетіп жатады. Әсіресе, мына жарнамаға көңіл аударыңызшы! «ETKҮ етті чипстер Чемпионның таңдауы Бақтияр Артаев Олимпиада чемпионы Қала дүкендерінде сатылуда» дейді. Осыдан не түсіндіңіз? Көп адам «Чемпион қала дүкендерінде сатылуда» деп түсінеді мұны. «Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы. Чемпионның таңдауы – етті чипстер. Қала дүкендерінде сатылуда» деп жазылса, қарапайым ...
Read More »Сиырдың әлегі
Таразда Еділ Әлиев деген журналист өткен. Өз басым ол кісімен бір ұжымда бірге жұмыс істегенім жоқ. Бірақ, сәлеміміз түзу болды. Бірер мәрте дастарқандас та болдық. Әріптестерімнен естігенім, өте еңбекқор, кәсібіне адал, қой аузынан шөп алмайтын момын жан. Сыртқы түрі моп-момақан, өте сабырлы көрінгенімен, әңгімелесе қалсаңыз, бірден үйіріп әкетеді. – Жас кезіміз, төрт жігіт жатақ-хананың бір бөлмесінде тұрамыз, – деп бастады ...
Read More »Аянбаймын!
Оу, міне, біз де келдік, Қалжыңның қағанатына. Сатираға саңлағы болғымыз кеп, Көпендей керіліп, Толымбектей толғымыз кеп. Табандап, Алаңдап, есік аштық. Әзірге, табалдырықта тұрмын, білемін, Қашан екенін айтпаймын, Әйтеуір бір күні кіремін… Оспанхан! Шона! Көпен! Секілді, бәрі ағам, көкем. Мен де оларға емеспін бөтен. Бұйыртса, тыңнан салармын түрен! Оған дейін, дей көрмеңіздер: «Олардың жанында мені кім ең?» …Біреулер маған да тілің ...
Read More »Қалжыңға жүйрік қара бала
Ел ішінде «қара бала» атанып кеткен әнші Саят Медеуовті көпшілік білсе керек. Талғампаз, әнсүйер қауым Саяттың әндерін іздеп жүріп тыңдайды. Оның ешкімге ұқсамайтын қоңыр даусымен, сахнадағы салмақты болмысымен көптің көңілінде бірден сақталып қалатыны рас. Сол кейпіне қарап, былайғы жұрт Саятты тұйық, ауыр мінезді жан деп бағамдайды. Біз де солай ойлағанбыз… Алайда, жуырда туған жеріне, облысымызға келген бір сапарында әншімен әңгімелесіп, ...
Read More »«Құмтиын» ба, «Құмтүйін» бе?
Қаракемер ауылдық округіне қарасты Құмтүйін деген ауыл бар. Ауыл ақсақалдары құмның түйілген, жинақталған жері болған соң, елді мекен Құмтүйін аталған, негізі сол атауы дұрыс дейді. Ал ауылға кіреберіс тақтайшада «Құмтиын» деген атау бадырайып тұр. Десек те, кейбір іс-қағаздарда «Құмтүйін ауылы» аталып жүр. Қайсысы дұрыс? «Құмтиын» ба, «Құмтүйін» бе? Мұны түзеу тиісті сала өкілдеріне әлде қиын ба?! Жамбыл ауданы.
Read More »Келініне «келін» боп
Жанғазы АХМЕТ. Келіні жүр ән салып, Керіліп жүр тамсанып. Артқан сайын тірлігі, Ерініп жүр соншалық. Енесі жүр кір жуып, Ыдыс, еден бір жуып. Танытпаса болды деп, Келін бала түр суық. «Ауырмайтын жерің жоқ, Еш тірлікке ебің жоқ…» Дегенімен, амалсыз, Қайран ана, жағып жүр, Келініне «келін» боп.
Read More »