Шөкеңнің шошаласы

Әйелді банкрот қылу

Әзіл әңгіме Ескі достар аяқ астынан кездесіп қалды. Сәлемдесіп, жай-күй сұрасып жатыр. Көріскеніне екеуі де қуанышты. Әңгіме арасында Мұрат досынан әйелінің жағдайын сұрады. – Әлима қандай? Аман-есен, жайнап, күліп жүр ме? – Әлимаң кім? – деп сұрады Самат. – Әй, есің дұрыс па? Немене қатыныңның атын ұмытып қалғансың ба? – Біздің әйелдің аты – Әлима емес, Фатима. – Не дейсің, ...

Read More »

Ауылдың айтқышы

Ақсу ауылында Оқа Алтаев деген тілінің тікені бар кісі тұрады. «Айтылған сөз – атылған оқ» дегендей, тіке айтатын болғандықтан, талай кісі Оқа бар жерде абайлап сөйлейді. «Өртенбегенде қайтетін еді…» Оқа бір жылдары колхоздың шабындығына қарауыл болады. Онда мардымды су жеткізілмей, жыл сайын көктемгі жауын-шашынмен шыққан шөп орылатын көрінеді. Бір күні шабындықтың үлкендеу алқабы өртеніп кетеді. Колхоз басшылары, жақын жерде отырған ...

Read More »

Қуып барып,«жуып» келді…

– Қарындасыңды алып кетті, Мұнда аяқ-киімі қалып кетті. Артынан қуып барып кел, Еріксіз болса, алып кел, – Деп шешесі шырылдады, Баласы төсекте пырылдады. – Апа, қашан қай күні әкетті? – Ойбай, не дейді мынау, екі күн өтті. – Масқара-ау, одан бері не ғып жүрсіз, Күтейік енді өл-тірісін. – Өлтірісі кеше келіп қойды, Бір қойды әкеп беріп қойды. Сен жылдамдатып барып ...

Read More »

Алакөз бен Қаракөз

Мұхтар айтыскер 2014 жылы Таразда өткен «Отаным – жүрегім, отбасым – тірегім» атты республикалық айтысты жүргізеді. Сол аламанда ақтөбелік Қайнар Алагөзов пен жамбылдық Айым Көшербай айтысатын болады. Қос ақынды сахнаға шақырар сәтте Мұхтар Ниязов: – Ал, ағайын, қазір қыз бен жігіттің тамаша айтысына куә боласыздар. Ақтөбенің Алакөзі мен Қаратаудың қаракөзі айтысады, – деген екен.

Read More »

Әкемде де Құнаңбайдын байлығы жоқ

Қызылордалық айтыскер Мұхтар Ниязовқа бір айтыста қарсыласы «Болмасаң да ұқсап бақ деп жырлаған, Мұхтар сенің Абайдан қай жерің кем?» – деп тиіседі. Сонда Мұхтар: – Абай құсап жүрмеймін әйгілі боп, Ол тұлпар мінген кезде тай мініп ек. Өзімде де Абайдың ақылы жоқ, Әкемде де Құнанбайдың байлығы жоқ, – деген екен.

Read More »

Басейн (әзіл әнгіме)

Бір демалыста Шымкент жақтағы достарымыз қонаққа шақырып, жақсы демалып қайттық. Қораз шақырған таңмен таласа тұрып, Тараз бен Шымкенттің ортасындағы Түлкібастағы қайынжұртқа балаларды тастап, қонаққа келіншегім екеуміз ғана барғанбыз. Достарымыз дастарханды қала шетіндегі демалыс аймағына жайған екен. Жап-жақсы жер, бірақ, бассейндегі суды көптен беру ауыстырмаған-ау деймін. Судың ластау екені көрініп тұр. Амал жоқ, шомылдық. Жиіркеніп, суға түспейін десең, ақкөңіл досым ренжитін ...

Read More »

«Өкпелеме екі тал гүл бергенге…»

1996 жылдардың кезі. Ауылдарда жарық уақтылы жанбайтын, зейнетақы мен жалақы уақтылы бармайтын сәттер болса керек. Нариман Мырзақұлов – мектепте мұғалім. Бір жолы өзімен әріптес қыздың туылған күні болып, мектептің жас мұғалімдерімен бірге Нәкең де барады. Қолында екі тал гүлі бар. Сол гүлді туған күн иесіне ұсынған күйде: – Өкпелеме екі тал гүл бергенге, Жауабым дайын бірақ күлгендерге. Келерміз әлі үлкен ...

Read More »

Әскерге кетіру жолы

Ұлым әскерге кетпеді, Күзде салмағы жетпеді. Шақырып еді қайтадан, Май айында майтабан. Бір жылда екі шақырады, Сап-сау басын қатырады. Балам барам деп, әй, ұмтылады, Бірақ бір сылтау дайын тұрады. Ретті-ретсіз рентген, Әскери басшы шіренген. Деп көршіме айттым жайымды, Азамат еді ол пайымды. Ол маған ақыл айтты таптырмас, Біреу жақтырар, біреу жақтырмас: «Бара бермей, пара бер, Содан кейін қара, көр! Майтабаның ...

Read More »

Өз тауығын өзіне ұрлатып

Біздің бала кезімізде болған Мәмбет пен Мәттің бұл хикаясы ұзақ уақыт күлкіге азық болғаны бар. Тау бөктеріндегі шалғай ауылда қызық шектеулі. Кеш түссе «барар жер, басар тау» қалмай қалады. Не кино, не би кеші жоқ. Содан өйдөйт, ауылдың қарадомалақтары карта соғады. Қаршадайынан «кәртөжник» шетінен. Бірде сол картаның да қызығы таусылып, бала біткен басқа бір қызықты аңсап аласұрды. – Дабай, – ...

Read More »

Оспанханның монологы

Белгілі сатирик ақын  Оспанхан Әубәкіров консерваторияның актерлік факультетін бітірген ғой. Осы оқу орнын бітірерде дипломдық спектакль «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» болады да, Оспанханға Жантық рөлі тапсырылады. Оспанхан Жантық рөлін өзінше ойнағаны сонша екі дай пікір ду ете қалады. Бір жағы – «Оспанханнан әртіс шықпайды» – десе, екінші жағы – «Өзіндік ой-өрнегі бар». Дау өрши келе алдымен факультеттік, сонан соң ...

Read More »