Шөкеңнің шошаласы

Ескі дөңгелектер бекер жатпасын деп…

Басқа-басқа, ескі дөңгелектен жасалынған жанажылдық «шыршаны» көреміз деп кім ойлаған?! Алматылық техника жөндеу орталығының мамандары Жаңа жыл қарсаңында мереке нышаны – шыршаны ескі дөңгелектерден орнатыпты. Несі бар? Көзге ерсі емес, қайта жасыл түске боялған баллондар жинақы, ерекше шыршаға айналғаны әдемі көрініп тұр. Дағдарыс кезіндегі қиындықта мұндай шырша орнату бір жағы көшеге сән берсе әрі қалтаға да онша жүк емес. Алматылықтардың ...

Read More »

«Әйелім ұрсатын болды»

«Арайдың» әр саны өте кеш шығады екен. Бір жолы Құдай жарылқап, материалдар ерте дайын болып қалады. «Арайлықтар» сағат 22.00 шамасында баспаға жаңа газетті дайындап жөнелтіп, қайтып бара жатады. Сонда Есет Досалы басылымның бас редакторы Болат Бекжановқа қарап: – Қап, аға, ертерек қайтып бара жатқанымыз-ай! Келіншегім Гүлжан «Жұмыстан қашып келдің» деп сенбейтін болды-ау, – деген екен.

Read More »

Өсу жолы

Динара Естаева  алдымен 16   жасында жастар газетіне теруші болып кірді. Содан  бір жылдан  кейін  басқа  жұмысқа ауысқан  адамның орнына беттеуші болып «жоғарылайды». Екі  жылдан кейін Асыл Қартабаеваның ауысуына байланысты  аға  беттеуші болады. Сонда Есет Досалы:  «Динара,  сенің  қадамың  қызық екен. Бір адам жұмыстан кеткен сайын жоғарылайсың, – деп әзілдепті.

Read More »

Түрмеге барудың жолы

Қамар Қарасаева бір жолы шығармашылық топтан «Осы Тараздағы түрмелер қай жерлерде? Сол түрмеге қалай баруға болады?» – деп сұрапты. Шамасы, түрмедегілердің тағдыры жайлы мақала жазуға бекінген болуы керек. Сол кезде әріптесі Есет: – Түрмеге дейсің бе? Түрмеге барудың бір ғана жолы бар ғой. Қылмыс жаса, – деген екен.

Read More »

«Мұқағали бізге бұдан былай да жазып тұра ма?»

Газет жаңадан ашылған кез. Бас есепші Бақыт Төлегенова – жайдары, жақсы, өзінің жұмысын үздік білетін кісі. Айыбы – орысшалау (мүмкін артықшылығы шығар). Есепті «шашқанымен», әдебиетке тісі бата бермейді. Ол кезде «Арай» газеті мақала жазған тұрақты авторларға қаламақы төлейтін. Айдың аяғында Бақыт бухгалтер газет тігінділерінен авторлардың мақала-өлеңдерін қарап, гонорар есептеп жатады. Сол бөлмеге тілші Хамит Есаман кіріп қалады. Сонда Бақыт есепші: ...

Read More »

«Домалақ үстелге» бара жатырмыз»

Фототілші Алтынбек Қартабаев газет тілшісімен бірге облыс әкімдігіндегі бір «дөңгелек үстел» жиынына барады. Жиналыс жаңадан басталып кеткен екен, бұл кісілер 5 минуттай кешігеді. Есіктегі күзет қызметінің өкілі «арайлықтарды» ішке жібере қоймайды. Сонда аңғал, ақкөңіл Алтекең: – Жігіттер, біз «домалақ үстелге» келдік. Онсыз да кешігіп жатырмыз, жібере беріңіздерші, – депті. Күзетші әуелі: «Домалақ үстел» дейсіз бе, а-ааа, иә, жиналыс қой, «дөңгелек ...

Read More »

«Құрал-сайманға толып кетіпті ғой…»

Мұқағали Мақатаев бір жолы Ақтөбеге барады. Облыстық газетте қызмет істейтін ақын Мұхтар Құрманәлиннің бөлмесіне кірсе, ол кісі жоқ екен де, бір жас қызметкер отырса керек. – Мұхтар қайда? – деп сұрайды одан Мұқағали. – Редактор шақырып еді, қазір келіп қалар, отыра тұрыңыз, – дейді жас қызметкер.

Read More »

Құдалық

Әзіл әңгіме Былтыр ма, әлде жылдың басында ма еді, Шымкентке құдалыққа барғам ғой. Құданың үйінен кейін ағайындары жиналып, кафеде күтті. Қаланың қақ ортасындағы бұл кафе негізі үлкен тойхана екен. Бір бұрышынан осындай құдалық сияқты кішігірім той істейтіндерге арнайы зал ашып қойыпты. Төрге жайғасып, «алың-келің» бастала бергенде даяшы жігітті шақырып: «Жақын жерде мешіт бар ма?» – деп сұрадым. Ол ойланып қалды. ...

Read More »

Жүз теңгем де, дос та жоқ

Досым бір күн тосын кеп, «Досым, досым, досым» – деп, Жүз теңгемді қарызға, Алған, «берем сосын» – деп. Дедім іштей: «Жол болсын, Қылар ісің оң болсын!» Жүз күн өтті, жоқ әлі, Уәдеге бай сол досым. …Жан емес ем аста-төк, Әурелендім босқа көп, Содан бері, қайтемін, Жүз теңгем де, дос та жоқ! Жолдас Дәуренов. Жуалы ауданы.

Read More »

«Куляш» емес, Күләш!

Тараз қала­сындағы Саңырық батыр ескерт­кіші алдындағы тұғыр тасқа ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың батырға арнаған бес шумақ өлеңі жазылыпты. Сол өлеңнің аяғында авторы «Куляш Ахметова» деп көрсетіліп тұр. Ақынның есімі «Куляш» емес, «Күләш» қой! Елге сыйлы, аяулы ақынның есімін неге бұрмалаймыз?! Тараз қаласы әкімдігі, облыстық тілдерді дамыту басқармасы мұндай олқылыққа неге бейжай қарап отыр?

Read More »