Шөкеңнің шошаласы

Әй, апам-ай!

Белгілі асаба Айдар ағамыз әңгімені жақсы айтады. Нағыз әртіс. Бір дастарқанда мына бір жағдайды баяндап беріп, күлкіге көмкергені бар. – Осы жазда үйге келіншегімнің атасы мен апасы келіп, біраз күн қонақ болды, – дейді Айдекең. – Қария кісілер ғой. Бірде күндіз жұмыстан шаршап кеп, диванға қисайып едім, көзім ілініп кетіпті. Телевизордың даусынан оянып кеттім. Сөйтсем қайын апам тура телевизордың алдындағы ...

Read More »

Танасын табанынан таныпты

Бір жолы Тұрсынбайдың танасы жоғалады. Оны іздеп жүріп көрші ауылда қорада қамаулы тұрған жерінен табады. Өз малын танып алып кетейін десе, әлгі үйдің иесі мал менікі деп таласатын көрінеді. Содан екеуі ауылдың қарияларын жинап, дауларын шештіреді. – Малдың өзіңдікі екеніне айғақ дәлелің бар ма? – деп үй иесінен сұрайды қариялар. – Жоқ, дәлелім жоқ, бірақ тана қорамда тұр. Өз малым, ...

Read More »

Түкең мен келіншегім

Күн сайын болмаса да күнара келіншегіммен болатын әңгіме: – Гүлнар, сені Түкең сұрап жатыр… – Не дейді сонда? – Сол баяғы әңгімесі ғой. Көрінбей кетті… Келіп қолымызды алуды қойды дейді… – Өтірік айтпасын… Кеше ғана барып, амандасып, әңгімелесіп қайттым емес пе? – Білмеймін, Түкеңнің түріне қарасаң, сенің кеп-кеткенің білінбейтін сияқты. – Өзі ғой… Күні бойы үйде болмайды… Қайда жүретінін бір ...

Read More »

Түгелбайдың түкірігі

Түгелбайдың түкірігі

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН. Ырғызда нағашым тұрады. Шешемнің жан дегендегі жалғыз інісі. Әкімшілікте қызмет істейді. Түнде үйге телефон соғыпты. Ақтөбеде тұратын біреудің түкірігін сұраған. Түк түсінсем бұйырмасын…Шешем де шошып отыр. «Жалғыз інім ақылынан алжасып кеткен бе?» деп таң атқанша дөңбекшіп шықты. Таң алдында біреу есік қағып тұр. Аштым. Нағашым Алпысбай екен. – Ассалаумағалейкум! Қош келдіңіз, үйге кіріңіз. – Тыссс… Уағалейкумассалам, ақ жиен. ...

Read More »

Ойхой, шіркін,оқуының түрін-ай!

(әзіл әңгіме) Осы біздің Жаппасбай қарияның аузы қарап тұрмайды. Бір нәрсені бықсытады да жүреді. Кейде бір оңашада, қасында ешкім болмаса да өзімен-өзі дабырлап сөйлесетіні бар. Міне осы қазір ауылдан келіп, автобустан түскені сол. Институттың сырттай оқу бөлімінде немересі оқитын. Бүгін соның емтиханы. Сол жаманын іздеп келген беті. Бірден оқу орнына тартты. Емтихан жүріп жатқан есікті ашып, елеусіз ғана арт жақтағы ...

Read More »

Қайнекейдің қағытпасы

Бірде жасы үлкен жазушы Қайнекей Жармағамбетов інісі сатирик Садықбек Адамбековке қаттырақ тиіссе, іні қаламгер дүрсе қоя беріпті. – Сен менімен байқап сөйлес. Мен қара қыпшақ Қобыланды батырдың тоғызыншы ұрпағымын, – депті қампия сөйлеп. Сонда ұшқыр ойлы Қайнекей еденге тізер­леп отыра қалып, екі қолын көкке созып: – О, тоба! Жарық дүние, неткен жалған едің? Соңғы ұрпағың Садықбек болса, қайран Қобыланды-ай… Аруағыңнан ...

Read More »

Әнге ұқсамаса ән бола ма?

1950 жылдың орта тұсында Қазақ радиосында көркемдік кеңестің мәжілісі өтіп, репертуарға ұсынылған шығармалар талқыланып жатты. Бақытжан Байқадамовтың бір әні талқыға түсті. Қазақ радиосының музыка хабарларының редакторы Өмірбек Бәйділдаев жаңағы әнді тыңдап болып: – Бақа, мынау әніңіз бір әнге ұқсайды екен, – дейді. Сонда Байқадамов жұлып алғандай: – Қызық екенсің өзің, әнге ұқсамаса ән бола ма? – депті. Өмірбек не дерін ...

Read More »

Бүлдіргі

Бәрін құртар бүлдіргі, Орындықты сындырды. Саяжайды талқандап, Сонда нені тындырды? Кезі болмас опынған, Жұрдай ғой ол ақылдан. Орындықты қиратса, Өзі талай отырған. Жаз жайнаса әлі де, Үлкен-кіші, кәрі де, Тынығатын жер еді, Зиян етті бәріне. Сая болар саябақ, Күтейікші аялап. …Сыйлай алмас өз-өзін Өзге кімді аямақ?!

Read More »

Фотоайғақ

Фотоайғақ

Көрінген жерді көліктұрақ қылған жүргізушілер-ай… Мұндай келеңсіз көріністерге Тараз қаласының әр тұсынан да тап болуыңыз ғажап емес. Жоғарыдағы суреттер соның бір айғағы. Жаяу жүргіншілердің жолы – тротуар үстіне жеңіл көліктерін көлденең қоя салған көлік иелерінің бұл қылығы айтарлықтай жайсыздық тудырады. Тиісті орындар бұған жол бермесе екен…

Read More »

Бәрі өзімдікі

Бәрі өзімдікі

Жемқорлардың да түр-түрі болады екен. Мәселен, өзім дегенде өзгені пысқырмайтындар, бекерден-бекер ысқырмайтындар туралы айтқым келіп отыр. Кішкентай балалар болады ғой. Әкесі базардан үш баласына үш ойыншық сатып әкеледі. Соны үлкені әлімжеттік қылып, үш ойыншықты да өзі иемденіп алады. Әкесі: – Балам-ау, саған да әкелдім ғой!

Read More »