Шөкеңнің шошаласы

«Орыстардан» ұялғанымыз-ай!

Өткен ғасырдың 80-жылдары Ленинградтағы кәсіподақтың жоғары мектебіне оқуға барған едім. Қызылжардан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәкен деген жігіт екеуміз сенбі күні қаланы аралауға шықтық. Жаспыз. Автобусқа мініп, орталыққа бет алдық. Орындықта орыс қыздары отырды. Үріп ауызға салғандай. Сәкеннің: – Шіркін, мына екі сұлуды құшақтап, сүйіп алса ғой, – дегені сол еді, қыздың біреуі жұлып алғандай таза қазақ тілінде: – Шіркіндердің ...

Read More »

«Академик» десек те, «Қайраткер» десек те жарасады

Бірақ соларды әртүрлі жазып жұртты шатастырмайықшы Жуырда ғана халқымыздың біртуар ұлы, жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысов есімі берілген көшедегі аңғартпа (аншлаг) жайлы айтсақ. Түу-түуден менмұндалап көрінетін жазуды оқысаңыз, таңғалмасқа шараңыз жоқ. «Айқайлатып» жазып қойған атаудың «біссімілләсі» «Академик» деп басталады. Қайраткер Қаратай ағамызды тек академик деп жаңалық ашқан кім екен? Білсек деп едік.  Көшенің қос  қапталында «сүйіншілеп» ілінген бұл ...

Read More »

Сары май жеймін деп…

Жатақханадан орын тимей, пәтерде тұрып жатқанмын. Университетке күнде барам. Мақсат – дайындық сабағына қатысып, білімді пысықтау. Одан кейінгі ойым білімгерлер асханасындағы арзан тамаққа тойып алу. Сондай бір күні тағамдарымды пәтінөспен үстелге жеткізіп алып, енді ішуге кіріскелі жатқанымда алдымдағы тәрелке толы сары майға көзім түсіп кеткені. Мен алған тамақтың ішінде сары май жоқ сияқты еді. Демек мұнда сары май тегін болғаны ...

Read More »

«Өтсіз мал керек»

Сейіт Кенжахметов 80 жылдары бір совхоз директорына телефон шалып, оны әбден көңілдендіріп алып: «Бір мал керек еді» депті. Жазда ірі мал сойылмайтыны белгілі ғой, сонда да директор мырзасынып: «Қандай мал керек?» депті. – Өтсіз мал керек, – депті Секең. Амалы құрыған директор шаруасын орындап жіберіпті.

Read More »

Қаз-қалпында

Бірде Әбен Дәуренбековтің зайыбы Қайыпжамал төркініне барып қайтпақ болады. Әбекең зайыбын шығарып салуға масаңдау болып барады. Қайыпжамал апай қайта оралғанда Әбекеңнің тағы да ішіп келіп тұрғанын көріп: – Е, сол мен кеткендегі қаз-қалпыңда екенсің ғой, – деген екен.

Read More »

Аңдамай сөйлесең… «Айран құйып ішейін деп пе едің!»

Кеңес өкіметі кезінде облыстық партия комитетінің хатшысы А.Ф.Шалов деген кісі Талас ауданының сол тұстағы орталығы Ақкөл ауылындағы ескі мәдениет үйіне жиналысқа қатысуға келіпті. Күн жаз, хатшы жалаңбас, басы айнадай жалтырап тұр. Соны көрген бір қыршаңқы: – Ойпырмай, мынаның басының тостағандай жалтырауын қарашы! – депті. Сөйтсе, қазақшаға судай хатшы: – Ей, тостаған болса, айран құйып ішейін деп пе едің! – депті ...

Read More »

Ауылдың айтқыштары

Қатырып қойдым… Ұлы Отан соғысына қатысып, бақилық болғанына жыл толған Шәкі Меркібеков деген атамыз кезінде Нәрікбай деген шопан інісіне қой төлдетуге сақпаншы болып барыпты. Ә, дегенде, бір қой егіз төлдесе керек. Мұны жақсы ырымға балаған бас шопан ағасына: – Шәке, төлдің басы. Мына төлдерге жақсылап қараңыз, – деп өтініш жасапты. Ағасы: – Қорықпа! Өзім бәрін қатырып қоямын, – депті нық ...

Read More »

Алды-артына қарамай қашқан алаяқ

Алаяқар туралы сөз бола қалса, ертеректе облыстық ауруханада орын алған бір оқиға есіме орала беретіні бар. Кезекті еңбек демалысынан оралғанымда облыстық аурухананың гастроэнтерология бөлімінің меңгерушісі өзінің кабинетіне шақырып алып: – Сіздің палатаңызға бір апта бұрын республикалық «Денсаулық» журналының бөлім меңгерушісін жатқыздық. Бізге келгендегі мақсаты – аурухана өмірінен мақала жазу екен. Жолды көтере алмай ауырып қалғандықтан, бөлімге қабылдауға мәжбүр болдық. Өзі ...

Read More »