Шөкеңнің шошаласы

«Халықшыл» Қайдау

Сол дүкенші ағамыз бір тексеру кезінде дүкенінен көп заттар кем шығып, «растрат» болып, ісі сотқа өтіп кетеді. Ол кісі сонда да болса ешкімнен қымсынбай, кеудесін жоғары ұстап «Мені халқым құтқарып алады» дейтін көрінеді. Тексеруші орган қызметкерлері оның әпендішатыстау қылығына мырс-мырс күледі де қояды екен. Шынында да ағамызды көп өтпей-ақ, «халқы» – өзінен көп дүниені кезінде сутегінге алған ауылдастары қарыздарын түгел ...

Read More »

«Өзім де ішінде боламын ғой…»

Кешегі кеңестік кезеңде арақ-шарап дегенің ауылдардағы азық-түлік дүкендерінің саудасын қыздырғаны белгілі. «Жынды суыңызға» жақын-жуық жүретіндер қалтасында көк бақыры болмаса да, оны ауыл дүкеншісінен «қарызға» алып та іше беретін еді. Ондайда Қайдау дүкеншің де тарына қоймай, пейілін кеңге салумен болады. Әрине, кімге не бергенін көнетоз дәптеріне тіркеп, «заңдастырып» қоюды да ұмытпайды. Сол кісі көк мойынның бірін «қарызға» беріп жатқанда, қатарластарының қай-қайсысының ...

Read More »

Шындық шумақтар

Шындық  шумақтар

Шыңғыс КЕНЖАЛИЕВ, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы «Жас қалам» үйірмесінің жетекшісі. Дипломды сатып алған маман Мың доллар айлық ап шалқып жүр. Дипломды оқып алған маман Жұмыс таппай қаңғып жүр.

Read More »

Шатып-бұтып бата берді

Кеше ауылда бір той болып еді, Кәрі-жасқа үй маңы толып еді. Тойда небір жақсы тілектер айтылды, Жастар шараппен, Жасамыстар арақпен қамтылды.

Read More »

«Қасқыр иттің сыңары емес пе?»

Қызыләуіт ауылында Қыздаркүл деген кісі өткен. Оны жұрт Тайшық апа дейтін көрінеді. Өйткені, бір аста түйе палуанға ешкім шақ келмей, күреске он алтыдан енді ғана асқан Қыздаркүл шығып, әлгіні жерге атып ұрып жеңгенде, оның қайратына риза болған Сапақ датқа:

Read More »

«Бесақаңды алмаймын»

Үшаралда Дүйсенбай деген тілді адам өмір сүрді. Ол кісі ат сүрінгенше сөз табатын адам болатын. Бір күні бір топ адам кеңсенің алдында шүйіркелесіп тұрғанда, ферманың бір маманы қайырылып сәлемдессе, Дүйсекең оның созған қолын алмай: – Сенің қолың қалың қиға арналған бесақа айыр сияқты, сәлеміңді алмаймын, – деп әлгінің жағымпаз, өсекші екенін осылайша астарлап жеткізіпті. Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол». Талас ауданы.

Read More »

Екі аңшының әңгімесі

Екі аңшы түскі үзіліс кезінде демалыс күнгі әсерлерін өзара бөлісіп, әңгімелесіп отырады. Біріншісі: – Джипке мініп, аңға шығып едім, бір уақытта қарасам, тоғай арасынан көп қоян атқып шыққаны. Дереу машинаның жарығымен көздерін қарықтырып тастадым да, алдыңғы жақпен қағып өтіп, он бес қоянды бір-ақ олжаладым, – дейді.

Read More »

«Бұдан да қорқыныштысы…»

«Жаңа қазақ» атанған үш жігіт Қазақстанның барлық жерін аралап, енді шетелге демалуға барады. 90 қабатты қонақ үйдің ең жоғарғысына орналасқан олар күнде қыдырыстап, кешке қонуға бір-ақ келіп жүреді. Бір күні әдеттегіден кешігіңкіреп түнде оралса, лифт жабық. Сөйтсе, ол түнгі сағат 12-ден кейін істемейді екен. Содан баспалдақпен көтерілуге тура келеді. Жолды қысқарту үшін әр 30 қабатқа жеткенше біреуі әңгіме айтатын болып ...

Read More »

Қоңы бар мал өле ме?

Жайылма кеңшарында екі қаракөл, бір ірі қара малы және ет малын дайындайтын ферма болды. Жандыбаев Зәмкен ағамыз ірі қара мал фермасының меңгерушісі. Ұлы Отан соғысының ардагері, жарымжан, отбасылы. Ірі қара малымен қоса, бір отар асыл тұқымды ешкісі бар.

Read More »

«Қысқа» сөйлеу

Соғыс жылдары ауылдарда дәрігерлер де, мұғалімдер де жетіспейді. Алыстағы ауылға оқу орнын жаңадан бітірген жастарды жіберіп отырады. Жамбыл қаласындағы медучилищенің емдеу ісі бөлімін бітірген Ұмсынай деген қала қызы Андреев, Қызылдихан және Шилі ұжымшарының жалғыз медпунктіне жолдамамен келді. Қалада тұрып, орыс мектебін бітірген Ұмсынайға алғашқы кезде ауылда тұру жеңіл болған жоқ. Бірақ жергілікті жерге үйреніп, тұрмыс та құрып алды.

Read More »