Мәселе

Халық қантсыз шәй ішпейді

сондықтан бұл тауар Нарықта ең көп сұранысқа ие Облыста негізінен қант қызылшасы, дәнді дақылдар, жүгері, картоп, жеміс, жүзім, көкөніс, бақша және майлы дақылдар өсіріледі. Ағымдағы жылдан бастап республика, оның ішінде облыс тұрғындарын отандық қант өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында осы дақылдар ішінен қант қызылшасын өндіруге ерекше көңіл бөлінуде. Облыстың табиғи климаттық жағдайына сай, суармалы жер көлемі жеткілікті болғандықтан, биыл 9500 гектар ...

Read More »

СЕЛФИ СӘН БЕ, ӘЛДЕ…

СЕЛФИ СӘН БЕ,  ӘЛДЕ…

Қазіргі таңда, әсіресе, жастар арасында көп таралған селфи өзін тым жақсы көретіндердің дертіне айналғандай. Селфиге әркім әрқалай түседі. Фотосы арқылы әлеуметтік желілерде өзін жарнамалағысы келетіндер қатары көп-ақ. Алайда, осы селфи сән бе, дерт пе, әлде әдет пе? Осы сұрақты біз педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, психолог маман Раушан Сейдрахмановадан анықтап білген едік: – Селфи – өзіне-өзі сүйсіну, ғашық болу сияқты ...

Read More »

Ұшқан құс, жүгірген аң – бәрі байлық

Ұшқан құс, жүгірген аң – бәрі байлық

«Жері байдың –  елі бай» Жаратушымыз бәрін берген ғой! Бір өзіне бес Франция сыятын ұлан-байтақ жеріміз бар. Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орындамыз. Өлкемізден Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығын да табуға болады. Халқымыздың, міне, осы байлығын, әсіресе, аң мен құсының басын азайтпай қорғап, сақтаудағы құнттылығын айтсаңызшы бәрінен де. Қазақтың ерте заманнан саятшылыққа құмарлығы алабөтен болғанмен, ұшқан құс, жүгірген аң атаулыны қорғасын ...

Read More »

Бразилиядағы тәсіл

Бразилиядағы тәсіл

біздің мектептер мен оқу орындарына да керек сияқты Мектеп. Сынып. Мұғалім сабақ өтіп жатыр. Соңғы партадағы оқушылардың көзі мен құлағы ұстаздарында емес, ұялы телефондарында. Сабаққа көңіл бөлер емес…  Мектеп басшыларының оқушыларға білім ордасына ұялы телефон алып келуіне тыйым салуына бола ма? Бәлкім, тыйымнан өзге де тәсіл бар шығар. Жуырда ғаламтордан Бразилияда осы мәселеге қатысты тиімді әдіс ойлап табылғанынан хабардар болдық. ...

Read More »

Орынды ұсыныс

Облыстық «Ақ жол» газеті бас редакторының жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылды­ғына орай газеттің 13 ақпан күнгі №18 санында жарияланған «Жамбыл тауының етегінде» атты мақала­сын оқып отырып, өткен бір оқиға есіме түсіп, қолыма қалам алдым. Бұл 1958 жылдың шілде айы еді. Свердлов (қазіргі Байзақ) аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс жасайтынмын. Кезекті демалысымды алып, Мойынқұм ауданындағы Жамбыл совхозында тұратын нағашыларыма ...

Read More »

Шоқ-шоқ дегенше, жақсылық жасайық

Шоқ-шоқ дегенше,  жақсылық жасайық

«Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтары қатар жүретінін қаперімізге ала бермейміз. Ауылда тұрсақ та, қалада тұрсақ та әлеуметтік желіге еркін еніп, ондағы ақпараттармен танысып тұруға мүмкіндік бар. Сол желілерге кірсеңіз, небір жайттарға тап болатынымыз сөзсіз. Әсіресе, «аузымен орақ орып, тілімен кетпен шапқан» кейбір жандардың ондағы белсенділіктері «апыр-ай, ә» дегізеді. Олардың айтуына карасаң, тәуелсіз еліміз құлдырап, ...

Read More »

Әлеуметтік желінің әуресі де көп

Әлеуметтік желінің  әуресі де көп

 Адамдарды телміртіп қойған әлеуметтік желінің зиянды жақтары бар. Біріншіден, әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл әсіресе, жастар арасындағы күрделі мәселе болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. 

Read More »

Ақшаның соңына түскен асабалар

Ақшаның соңына түскен асабалар

абыройды да  ойласа екен Қазақ бұрындары тойды отбасының,  баланың қызықшылығы, қуанышы деп жасайтын. Қазір «менің дүниемді көрсін», «бар екенін білсін», «жұрттан қаламыз ба?»  деп жарысып жасайтын болған. Елден қалмай машина мінгізіп, даңғарадай тойхана жалдап, қазақтың өнерпаздары  тақияларына тар келгендей, шетелден әнші шақыратындары да бар. несие алып той жасаудан тартынбайтындар да жетерлік. «Керемет асаба шақырамыз» деп тағы бір шашылады. Олар да ...

Read More »

Ұялы телефонның ұлт санасына зияны бар ма?

Ұялы телефонның ұлт санасына зияны бар ма?

– Ұмытпасам, бұл үш-төрт жыл бұрын болған жағдай еді. Көшеде өзімен-өзі сөйлесіп, ыржалақтап күліп келе жатқан бозбаланы көріп, біртүрлі тіксініп қалдым. Біздің ауылда базар жағалап, жалғыз жүрсе де күбірлеп сөйлеп жүретін бір әйел болатын. Қарасы көзге шалына қалса болды, жұрт алыстан айналып қашатын. Бір нәрсенің шалығы тиген бе, білетіндер оны науқас дейтін. Бірден сол есіме түсе кеткені. Жас жігіт сондай ...

Read More »

Темекіге өкпелеп жүргенде, қор-қор шықты

Темекіге өкпелеп жүргенде, қор-қор шықты

Қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы өте өзекті мәселелердің бірі темекі, кальян шегуді тоқтату болып тұр. Мектеп қабырғасындағы оқушы балалардың шылымды шірене шегіп бара жатқанын көргенде еріксіз жанымыз ашитыны рас. Темекі сатушылардың айтуынша, көбінде темекі саудасын қыздыратын және оны шегетіндердің басым көпшілігі жасөспірімдер көрінеді. Иә, қаншама жас ағза никотин мен темекі түтініне уланып жүр. Елдің ертеңі білімді жастар дейміз, жастар түтін мен ...

Read More »