Мәселе

«Қара алтынға» бағаланған Каракөл елтірісінің қадірі неге қашты?!.

Облыстағы шаруашылық құрылымдарында 24415 қаракөл қойы бар. Ал, асыл тұқымды шаруа қожалықтарында оның 10385 бас таза тұқымы өсірілуде. Қаракөл қойы біздің жыл санауымыздан да бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен өсірілген деседі ғалымдар. Денесі мығым әрі шағын, шапшаң жүретін иірілген құйрығы бар қаракөл қойының құйрық майы 2-3 килограмм тартады. Қошқары мүйізді, тірідей салмағы 55-56 килограмм келсе, ірілері осындай екі есе ...

Read More »

Өз атауымен неге атамаймыз?..

Тараз қаласына жиі барамыз. Қазір не көп, автобус көп. Әсіресе, «Газель», «Мерседес» шағын автобустары жүйткіп жүр. Барар жеріңе қиналмай жетесің. Бірақ, жол бойы автобус жүргізушісінің не жолсерігінің «Октябрьская», «Колхозная», «Промышленный», «Откормочный», «Мечникова» және басқа да осындай көптеген аңдатпа хабарларын естігенде, ол көшелердің кейінгі атаулары бар емес пе деп қынжыласың. Осыларды өзге ұлт өкілдері емес, көпшілікке жар салатындар өзіміздің өрімдей қыз-жігіттеріміз. ...

Read More »

Зиянды «көлдер» көбейіп кетті

Елімізде моноқалаларды өркендету, шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл бағытта ауданымызда да сан салалы мемлекеттік бағдарламалар бойынша жарқын істер жалғасын табуда. Қала мен ауылдарымызды көркейтуде қоршаған ортаға, табиғатқа көңіл бөлу аса маңызды. Өйткені, табиғатсыз тіршілік жоқ. «Сулы жер – нулы жер» дейді дана халқымыз. Осы орайда айтпағым, Ақбұлақ, Текебай, Тоғызбай бұлақтарының бүгінгі жай-күйі мәз емес. Неге? ...

Read More »

Жайылым тар, бақташы жоқ

«Ақ жол» газетінің 29 сәуір күнгі санында жарияланған тілші Амангелді Әбілдің «Сиыр көп, сүт аз.Неге?» атты мақаласы бізге де ой салды. Қордай ауданы облыс көлеміндегі аудандардың көш бастаушысы десек қателеспейміз. Ауданда көптеген өндірістік орындары бар. Солардың бірі – тілші сөз еткен Ауқатты ауылындағы «Үміт Қордай» ірімшік, сыр, май, айран өнімдерін шығаратын ірі зауыт. Осы зауытқа «Трудовик» колхозы болған кезеңде 9 ...

Read More »

Әбден құптарлық іс

«Ойсылқара төрт түліктің төресі емес пе?» («Ақ жол», 19 сәуір) атты Мақалада түйе шаруашылығын өркендету ісіне қозғау салып, серпін беру ниеті байқалады. Бұл шынында да әбден құптарлық іс. Біздің ата кәсібіміздің бірі де, бірегейі де осы кәсіп қой. Әрі түйе – түлік төресі. «Маң-маң басқан, маң басқан, төрт аяғын тең басқан» ойсылқара тұқымы даламыздың да көркі емес пе?! Өз басым ...

Read More »

«Келешегі жоқ» Қосапан ауылы…

Аудан орталығынан 70-80 шақырым шалғайда орналасқан Қосапан елді мекеніне аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ғабит Әбдуәлиевті қоса ала шықтық. Ондағы мақсатымыз осынау мемлекеттік мекеменің ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетімен жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту, осыған орай «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қаншалықты орындалып жатқанын көзбен көріп, ...

Read More »

Жол сақшысының жұмысы қорқыту ма?

Ал, еститініміз «Бастық жиналыста», «Бастық бос емес», «Телефон нөмірін қалдырыңыз, өзі хабарласады» деген жаттанды жауаптар Жол сақшыларына барлық жағдай жасалуда. Өткен жылдың өзінде қала көшелеріне жүзге жуық бейнебақылау камералары орнатылды. Абай-Төле би, Жамбыл-Төле би даңғылдарының, Сейфуллин- Лермонтов көшелерінің қиылыстарына «Интеллектуалдық қиылыс» қондырғысы қойылды. Қаржылай қолдаудың қайтарымы қайда? «Автоураган» ақпараттық- бағдарламалық кешенінің де саны артты. Радар, бейнетіркеуші сынды қажетті құралдар да жеткілікті. ...

Read More »

Кітап культі

Немесе кітап оқуға деген ықыласты қайтсек оята аламыз? Кітап оқымайтын қоғам…. Өкініштісі, бізде, міне, осындай қоғам қалыптасып отыр. Қалыптастырып отырған өзіміз. Неге дейсіз ғой?.. саусақ бүгіп санамалап-ақ берейік. Бүгінде қиян түкпірдегі ауылдарды айтпағанда, аудан орталық­тарының өзінде кітап дүкендері некен-саяқ. Әйтпесе, мүлде жоқ. Өйтетіні, газет-журнал, кітаптарыңыз ауылдықтар үшін соншалықты пайдалы тауар емес. Тәуелсіздікпен құрдас ұрпақтың жан-жақты білімінің жоқты­ғынан діни экстремизмнің арбауына ...

Read More »

Аты дардай ауданда автобекет неге жоқ?!

Қордай ауданының орталығы, құдайға шүкір, сәулеті жағынан облыста өзгелермен салыстырғанда, оқ бойы озық тұр. Архитектуралық тұрғыда қала кейіпіне жақын деуге болады. Орталық көшелерде көрнекті ғимараттар жылдан-жылға бірімен бірі жарысып бой көтеруде. Қырық мыңға жуық халық тұратын Қордай ауылында қазірдің өзінде үлкенді-кішілі ондаған супермаркеттер, қонақ үйлер, алты бірдей орта мектеп, осынша балалар бақшалары, ауылдың жан-жағынан өз алдына ықшам аудандар пайда болып, ...

Read More »

Жылқыдан асқан мал бар ма,қымыздан асқан дәм бар ма?!.

Қазақ халқы ежелден төрт түлігін жоғары бағалап, оларды бағып, кәдесіне жаратқан. Дегенмен, ілгері заманда жылқының тіршілікте атқаратын қызметі орасан болған. «Жылқы – малдың патшасы» деген тәмсіл де сол кезде туса керек. Шаруалар барлық түліктің ішінен жылқы өсіру өте жеңіл әрі ыңғайлы екендігін айтады. Еуропа ұлыларын тамсандырған Жылқының бірегей қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен жасалатын тамаша сусын – қымыз халқымыздың ежелгі көшпелі ...

Read More »