Мәселе

АТА-АНАСЫН БЕЗБҮЙРЕКТЕР ҒАНА ТІЛДЕЙДІ

Бір оқиға есіме түсіп отыр. Үсті-басы көкала қойдай болған бір баланы сатушылар дүкенде жанары жәудіреп жүрген жерінен көріп қап, полицияға хабарлаған. Полициялар оны алдымен медицина қызметкерлеріне көрсетіп, тексертті. Сөйтіп жеткіншектің денесіндегі іскен, көгерген, қызарған жарақаттың бәрі соққыдан болғаны анықталды. Сонда әлі бұғанасы қатпаған баланы осынша соққының астына алған кім? Тағы да тексеру, тағы да сұрау. Сөйтсе, баланы осы уақытқа дейін ...

Read More »

Алтекеңнің екінші өмірі басталды

Үстіміздегі жылдың сәуір айында облыстық «Ақ жол» газеті Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, әнші, термеші, жыршы Алтынбек Оразбековтің 75 жылдығын атап өту турасында мәселе көтерген болатын. Облыстың бас басылымының бастамасын Талас ауданының әкімі, осы әкімдіктің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қабыл алып, жақында әйгілі әнші, сегіз қырлы, бір сырлы өнер дүлдүлін еске алу шарасы кіндік қаны тамған Үшарал ауылындағы ...

Read More »

КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАСЫ АВТОКӨЛІКТЕР ТҰРАҒЫНА АЙНАЛДЫ

Бүгінде екінің бірінде жеңіл автокөлік бар. Бұл – жақсы, жарасымды үрдіс. Ал бізді ойландырып отырған нәрсе де осы арадан туындап отыр… Жақында көршімнің 3-сыныпта оқитын немересін есік алдында жеңіл көлік велосипедімен бірге қағып-соғып өте шықты… Көрші аулада әлдеқайда асыға шығып, машинасына отырған кісі артынан жүгіре ілескен өз немересін байқамай басып өтті… Тағы бір бойжеткен рульге ие бола алмай, доп ойнап ...

Read More »

Жақсылық жасасаң, бұлдама!

Бұрын ауыл жұрты ұйымшыл еді. Қатты қыста шығынға батқан шопанға «жылу» жинап беретін. Үй салып жатқанға ағайыны, көрші-қолаңы асарлатып көмектесетін. Және жасаған жақсылығын айтып, бұлдамайтын. Қазір мұқтаж жанға қолұшын созғандар БАҚ арқылы өз-өзін жарнамалап әуре. Кей кезде қайырымдылықты насихаттаудың жөні осы екен деп, асыра сілтеп жіберетіні бар. Жетім-жесірге баспана, елге болсын деп емхана, көпір салып, жалпыға ортақ игілікті іс тындырса, ...

Read More »

Бензин бағасы неге қымбаттады?

Бүгінде елімізде мұнай – арзан, бензин – қымбат. Неге? Тұрғындар көңілін күпті еткен мәселенің бірі осы. Үкімет халық көп тұтынатын тауар түрлерін қымбаттатпау туралы тапсырма алмай жатып, бензин бағасы тағы да көтеріліп үлгерді. Мұнай арзандаған сайын, қымбаттайтын жанармай бұл жолы да әдеттегі үрдісінен жаңыла қойған жоқ. Ең өтімді бензин маркаларының құны бірден 3 теңгеге өскен. «Гелиос» жанармай бекеттерінде «АИ 92»-нің ...

Read More »

Әлемдегі ең алғашқы ядролық жарылыс туралы білесіз бе?

АҚШ-та 1940 жылдан бастап саяси принциптердің себебінен атомдық қаруды жасап шығаруға белсенді түрде мән беріле бастаған болатын («Манхэттен жобасы» деп аталған). Ал 1945 жылдың 16 шілдесінде Лос-Аламос полигонында (басқаша атауы Аламогордо, Нью-Мексика штаты) әлемдегі тұңғыш жерүсті атом жарылысы тәжірибелік мақсатта іске асырылады. Оның жарқылы 290 км қашықтықтан көрінген. Ал дауысы 160 км-ге дейін жеткен. Атомдық қаруды жасаудағы сынақ барысында полигонда ...

Read More »

Ақкөлдің ажары қашан ашылады?

Тоғыз жолдың торабына орналасқан Ақкөл ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігімен толығырақ танысу үшін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Қартабаев және «Талас Таза су» мемлекеттік кәсіпорнының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Мұрат Несіпбай үшеуміз іссапарға шыққан едік. Алғаш ат басын тіреген ортамыз ауылдағы спорт мектебінің футбол алаңында осы ауылдың тумасы Жанат Бүркітбаев атындағы кіші футболдан еске алу турнирі болды. Оған ...

Read More »

«Қытай торғайы қаптап кетті»

Соңғы бір-екі айдан бері Жамбыл жақта белгісіз торғай пайда болды. Бұл «жұмбақ құсты» алдымен Талас ауданына қарасты Ақкөл ауылының тұрғындары байқаған. Басқа қанаттыларға қырғидай тиген беймәлім құстың бұл бассыздығына алаңдаған тұрғындар дабыл қағып, алдымен жергілікті газет редакциясына келіпті. Тұрғындардың айтуынша, ауылда бірнеше айдан бері белгісіз құс пайда болған. Әбжіл әрекеті мен жыртқыштығына қарап әлгі құсқа жергілікті тұрғындар «Қытай торғайы» деген ...

Read More »

Салғырттық сан соқтырады

немесе Тараз қалалық әкімдігі арқаны неге кеңге салған? Тараз – талайларды өзінің жасыл желегі мен алуан гүлдерімен тамсандырып келген тарихи мекен. Тараздықтар шаһардың қаншама жылдар бойы көркіне көз тоймайтын сұлу табиғаты мен тарихи жәдігерлерін мақтаныш етсе, қала қонақтары сол құндылықтарға таңдай қаға қарайды. Әлбетте, Таразды жасыл желекке орауда талай азаматтың ерен еңбегі жатыр. Тек биыл шілдеде соншама есіл еңбекпен өскен ...

Read More »

ОРМАН МЕН ДАЛАНЫ ЖАЛЫН ШАРПЫМАСЫН

Өрттің тигізетін залалы аса ауыр. «Тілсіз жаудан» адам өмірі де қиылып жатады. Материалдық шығыны миллиондап емес, миллиардтаған теңгемен өлшенетін алапат өрттер де кездеседі. Қалада, ауылдарда адамдардың бейқамсыздығынан, қасақана от қоюдан, басқа да түрлі жағдайлардан тұтанып жататын от-жалындарға өртке қарсы қызмет жауынгерлері дер кезінде жетіп, орны толмас ауыр қайғының, өлшеусіз шығынның алдын алады. Ал орман мен далада шығатын өртті ауыздықтау оңай ...

Read More »