Әлеумет

Жаңалыққа жүйрік «ZhambylNews»

Жаңалыққа жүйрік «ZhambylNews»

облыстың интернет журналистик Облысымыздың тұңғыш ақпарат агенттігі «ZhambylNews» сайты да құрылғанына аз ғана уақыт болса да, өңірлік интернет журналистикасының брендіне айналып үлгерді.  Бүгінде «ZhambylNews» өңірдегі оқырманы ең көп сайт болып табылады. Сайтты күн сайын 15 мың адамға дейін қарап, ондағы ақпараттармен танысады екен. Ақпарат агенттігі облыстың саяси-әлеуметтік, мәдени жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып хабарлап, сонымен қатар, өзекті мәселелерді қозғауды да ұмытқан ...

Read More »

Шығармашылық пен шаруашылықты ұштастырып

Жамалбек ӨЗБЕКОВ, аудандық «Сарысу» газетінің директор-бас редакторы. 1991 жылы тәуелсіздіктің елең-алаңында заман талабына сай аудандық газет те құрылымдық өзгерістерге ұшырады. 1992 жылы сәуірден бастап бұрынғы «Октябрь таңы» газеті жаңадан «Молшылық» атты атауға ие болды. Жаңа нарықтық заманның қатынастарын газет бетінде көрсету оңай болған жоқ. Аудандық газетте де осы қиындықтардың ортасында ауыр жүкті арқалауына тура келді. Сол кездегі газеттің редакторы Е.Дүйсенбаев ...

Read More »

Баспасөзі мықты елдің өзі де мықты

Облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры Мейрамбек Төлепберген Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. әріптесімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз. Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ қоғамы еліміздің әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуын көздеп отыр. Сол арқылы Мәңгілік Ел болу да басты мұратымыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көп ұлтты мемлекетіміздің алдына осындай асқаралы міндетті қойып отыр. Өз ...

Read More »

Жаңа телеарнаның жанкүйерлері көбейіп келеді

Биыл облыс тұрғындары «77 TV» деп аталатын коммерциялық телеарнаның хабарларын тамашалай бастағаны көпшілік үшін қуанышты жаңалық, әрі тосын сый болды. Бұл жаңа телеарна өмірге қалай келді? Енді соған тоқталық. Осы жылдың басында «Қазтелерадио» АҚ телерадиоарналар арасында хабар таратудың еркін қолжетімділігіне байқау ұйымдастырып, оған елімізден 70-тен астам электронды бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан еді. Сол байқауда «77 TV» телеарнасы да үздіктер қатарынан ...

Read More »

«Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды…»

еңбекқор және елгезек  фототілші Алтынбек Қартабаев туралы мөлтек сыр  Басқаны қайдам, біздің Алтекең қызық кісі. Кез-келген адам онымен жарты күн жолдас болса, «Өзі бір қызық кісі екен!» дер еді. Осындай өзгеше болмыс иесімен жарты тәулік, жарты жыл емес, бақандай он жыл бірге қызметтес болу менің пешенеме жазылыпты. 

Read More »

Жұлдызың жансын, «Жамбыл-Тараз»

Алаш арысы Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» деп қаламын қару, тілін семсер қылған журналистер қауымының қоғамдағы рөлін ежелде-ақ айтып кеткен. Иә, жылдар жылыстаған сайын қоғамдық даму үдерісі жаңашылдықты талап ететіні о бастан аян. Сол қоғамдық сілкініс БАҚ саласын да сырт айналып өтпейтіні белгілі. Жаңа медиа, басқа дейміз. Алайда, газеттің ақпарат ресурсындағы қуатын ештеңе ...

Read More »

Махмұд Қашқари медалі тапсырылды

Махмұд Қашқари атындағы Халықаралық қор құрылған күннен бастап Түркі дүниесі руханиятына жемісті жұмыс жасап, бауырлас халықтардың әдеби-мәдени байланыстарын жандандыру бағытында көптеген игілікті істер атқарып келе жатыр. Жақында осы қордың «Түркі дүниесі мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» медалімен жерлесіміз, белгілі жазушы Берік Шаханұлы марапатталды. Медальді Әзірбайжан Жазушылар одағының жанынан шығатын «Шынар» әдеби журналының Бас редакторы, көрнекті ақын, аудармашы Эльхан Зал Қараханлы мырза ...

Read More »

Cүйінбайды анкара да ардақтады

Анкара қаласының бір миллион бір жүз мыңнан астам тұрғыны бар Кешиөрен ауданы – архитектуралық ерекшелігі жағынан болсын, үйлерінің орналасу тәртібі тұрғысынан да тұнып тұрған Еуропа. Осы қалада былтыр дәл осы уақытта Сүйінбай Аронұлының атындағы саябақ ашылса, енді міне жуырда тұғыры биік мүсіні орнатылды. Шара барысында Сүйінбай бабаның шөпшегі, белгілі сәулетші Ғабит Садырбаев осы игі шараға ұйытқы болған аза­мат­тарға және бүкіл ...

Read More »

Бейнетпен өрілген өмір

Уақыттан жүйрік не бар? Қарап отырса, Әбекең де қарттықтың кемесіне аяқ артыпты. Әкесі Әбілдә Ұлы Отан соғысынан ауылы Қарақатқа жаралы оралғанда, Әбіш небәрі он бір жаста болатын. Жарықтық сол алған жарақаттан ақыры қырық бес жасында өмірден озды. Артында қалған үш ұл, бір қызды Рысалды ана тауға да, тасқа да сүйреп жүріп, әйтеуір жетілдірді-ау… Иә, бұл айтқанға жеңіл, әйтпесе соғыстан кейінгі ...

Read More »

Ақыртас кешені саяхатқа шақырады

Өңіріміздегі әлемдік мәдениетке бергісіз тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірі – Ақыртас құрылыс кешені. Ата-бабаларымыздың көне дәуірдегі мәдениетінің озық үлгісі болған Ақыртас сарайы Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Ақшолақ темір жол стансасынан 6 шақырым оңтүстікке қарай Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан. Талай ғасырлар мен шапқыншылықтардың куәсі болған бұл кешеннің кереметтілігіне қызыққан талай ғалым кезінде өз зерттеулерін жүргізіп, алуан пікірлер қалдырды. Алғашқы осы ...

Read More »