Әлеумет

Бейбіт өмір сыйлаған батырлар рухына тағзым

Наурызбек САРША, «Ақ жол». Жеңіс мерекесінде «Атшабар» скверіндегі «Даңқ» мемориалды тақтасына облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов бастаған топ салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батыр-жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. – Біз бүгін туған елінің тәуелсіздік алғанын көре алмай, алапат майданда арманда кеткен отыз жеті мыңнан астам жамбылдық ағаларымыз бен апаларымыздың рухына тағзым етіп, басымызды иеміз. ...

Read More »

Өмірін өңірінің өсіп-өркендеуіне арнаған

Республикалық мәндегі дербес зейнеткер, айтулы азамат, Ұлы Отан соғысының ардагері, Талас ауданының Құрметті азаматы Рахыжан Ерсейтов қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Қулы-Мұңлы таулары етегінде, Көк домбақ жазғы жайлауында, 1926 жылы дүниеге келген екен. Егер тірі болса, мамыр айында 90 жасқа толған болар еді. Рахаңның балалық шағы 1930-1932 жылдардағы нақақтан жасалған босқындық пен ашаршылық, саяси қуғын-сүргінді көрумен есінде қалды. Арқадан ...

Read More »

Әулеттің алтын діңгегі

Отан – отбасынан басталады. Әрбір жекелеген отбасы Отанның қуатын, әлеуетін еселеп үстей түсуге тиіс. Елімізде Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бергі уақыт ішінде жан-жақты қалыптасып, өзіндік өнеге, үлгісімен танылып жатқан отбасылардың көбеюі қуантады. Мысалы, тараздық Амандосовтар әулеті білімділік пен біліктіліктің байрағын биікте желбіретумен келеді. Олардың үлкені де, кішісі де жастан білім жиғанның өмірге есесі кетпейтініне сенімді. Әулет басшысы Ердос Амандосов пен оның ...

Read More »

Біз сарбаздарымызбен мақтанамыз

Құрметті облыс тұрғындары! Сіздерді Отан қорғаушы күні – жалпыхалықтық мерекемен және қасиетті де ұлы мереке Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды. Отан қорғаушылардың жасаған каһарман ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы болып келеді. ...

Read More »

«Әкемді әлі күнге дейін іздеп жүрмін»

–дейді соғыстан оралмаған майдангердің 78 жасқа келген қызы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқандар туралы мәліметтер жинастырдық. Байзақтық майдангерлер туралы деректерді топтастыруды мақсат тұтқандықтан, әкесі немесе атасы соғысқа қатысқан деген үйлерді аралап шықтық. Сонда бұрын Ақжар ауылындағы кітапханада ұзақ жылдар жұмыс істеген, бүгінде Сарыкемер ауылында баласы Исағали Сәлімбаевтың қолында тұратын Уәйда Темірбековамен тілдесудің сәті түсті.

Read More »

Тағдыр тауқыметін жеңген тау тұлға

Ел басына күн туып, ер етігімен қан кешкен сұрапыл соғысқа аттанғандардың бірі шулық Бәкір Әбуов еді. Осы өңірдегі елге сыйлы, «Ақтөбе» колхозының тұрғыны Әбу ақсақалдың ұлы Бәкір 1941 жылы осындағы жетіжылдық мектепті аяқтап, Отан қорғауға аттанады. 19 жастағы өрімдей жас Великие Луки бағытындағы қырғын соғыста ауыр жараланады. Ес-түссіз майдан даласында тәулік бойы өлілердің арасында жатқан оны, боздақтарды ат шанамен жинау ...

Read More »

Сталинградты қорғаған қазақ

Қарасу ауылы 1929 жылы артель, 1930 жылы колхоз болып құрылыпты. Осы ауылда 1917 жылы өмірге келген Жапсарбай Әйтеков ол кезде Шапаваловка (қазіргі Түймекент) ауылындағы мектепте алғашқылардың бірі болып білім алады. Шаруашылықта алғашқылардың бірі болып ХТЗ тракторының рөліне отырады. Сөйтіп, колхоздың егіс даласына түрен түседі. Колхоздың сол кезгі төрағасы Аманқұл Жиенбаев талабы таудай жасты қолдап, брига-дир етіп бекітіпті. Колхоздың белсенді мүшелері ...

Read More »

Соғыс сызы – жүректе

Қырдың қызғалдағы көздің жауын алардай құлпыра түсіпті. Мамыражай мамырдың келгенін үнсіз сездіріп тұр. Кешегі нәубет жылдарда аңыраған ананың, жәутеңдеген баланың, көз жасына тұншығып, іштей егілген қарияның соғыс атты сұм тажалға айтқан наласын сан мәрте естіген, естіген де ыңырана күрсінген жазира дала бүгін паңдана қалғандай. Жеңістің жырын жырлап, 71 жылда еңсесін тіктеген елмен бірге жаңарып, жасана түскендей. Осылай бейбітшілікті тілеген жұртты ...

Read More »

Әке қабіріне зиярат

арманы 68 жылдан соң орындалған ұл Мәскеуден 170 шақырым жердегі Тверь облысына қарасты Ржев-Вязьма иінінде 1941 жылдың аяқ кезінен 1943 жылғы наурызға дейін үздіксіз қантөгісті шайқастар өткен. Осы майдан алаңында бір миллионнан астам кеңес әскері құрбан болған. Бұл аймақта қазақстандықтардан құралған 100 және 101-дербес атқыштар бригадалары басқыншы жаумен арпалысқан. Бір мысал, 1942 жылғы 3 желтоқсанда шешуші шайқастар басталған кезде 100-бригада ...

Read More »

Жауынгерлердің даңқты жолымен жүріп өттік

«Парыз» қоғамдық бірлестігі қасіретті кезең Ұлы Отан соғысындағы қаза тапқан жауынгерлердің қаһармандық ерлігін, тылдағы халықтың жанқиярлық еңбегін, облысымыздың майданға берген материалдық, каржылай көмегін деректеумен айналысып, отаншылдық тәрбиеге өз үлесін қосуда. Aтaп айтқанда, майданда Брест, Москва, Сталинград, Курск, Орел, Ленинград, Новгород, Калинин, Псков, Смоленск, Витебск шайқастарында қаза тапқан жамбылдық 7 мың жауынгердің жерленген жерін анықтап, деректерін Ресей, Белоруссия елдерінің облыстық әскери ...

Read More »