Әлеумет

«Ақ жол» – Оқырманға ой салатын басылым

Облысымыздың оңтүстік-батысында орналасқан Жуалы ауданы – жері шұрайлы, табиғаты көркем мекендердің бірі. Кезінде әйгілі Асан қайғы бабамыз желмаясына мініп, Жерұйықты іздегенде, осы өлкеге сүйсіне қарап: «Басқаның бәрін қисаң да, Жуалыны қимайсың. Өңгеріп алып кетер ем, Ат сауырына сыймайсың», – деп тамсанып жырлаған екен. Осынау топырағы құнарлы, шөбі шүйгін, суы бал өңірдегі жандары жайсаң жұртшылық өздерінің жайма-шуақ тіршіліктерін береке мен мерекеге ...

Read More »

Көркейген Қасық мекенім

Тәуелсіздігімізбен тұспа-тұс келген өткен ғасырдың соңындағы экономикалық дағдарыс ауылдық жердегі ұжымшар мен кеңшарлардың ісін тұралатып, олардың көбісі тарап кетті. Ауыл тұрғындары күнкөріс қамымен қалаға шұбырып, жұрт жаппай базар жағалауға мәжбүр болды. Көптеген егістік алқаптар игерілмей, мал басы күрт кеміді. Дегенмен, ауылдың әлеуетін көтермейінше, еліміздің экономикасын нығайту мүмкін емес екенін Елбасымыз әрдайым назарда ұстап, ауыл шаруашылық саласын дамытуды қолға алды. Сол ...

Read More »

Шебердің қолы ортақ

Биыл Бірлік ауылында «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының қолдауымен көптеген азаматтар шағын кәсіптерін ашып, нәсіпке кенелуде. Олардың бірі тігін цехын ашса, екіншілері мал бордақылайтын алаң мен жылыжай соғуды қолға алған. Ағаш өңдейтін цехтың жұмысын жандандыру үшін цех иесі Бақытқали Сүйкімбеков те аталған бағдарламаның аясында 3 миллион теңге несиеге қол жеткізіпті. Бала кезінен ағаштан бұйымдар жасауды армандаған Бақытқали мақсаты орындалуына септескен мемлекеттік ...

Read More »

Жұрттың жұмыла атсалысқаны абзал

Мәліметке сүйенсек, 13 қазан күні жауған қалың қардың салдарынан Таразда 8200 түп тал сынған. құлаған талдың бұтақтары электр жүйесінің сымдарын үзіп, жаяу жүргінші мен автокөлік жолдарын жауып қалса, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласындағы тау боп жатқан бұтақтардың көптігінен адам аяқ алып жүре алмайды. – Қай тұрғын үйдің ауласына барсаң да құлаған тал-дарақ. Осы бұтақтарды айналып өту үшін жауған жаңбыр мен ...

Read More »

Жапар да зейнетке шықты

Құсбегі, «Андасай» қорығының директоры Жапар Сатылғанов зейнетке шықты. Өмірі өнегеге толы бүркітшінің атақ-абыройы бір басына жетерлік. Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, танымал этнограф, зерттеуші-натуралист, «Қауырсын құсбегілер» клубының іргетасын қалаушы, «Қауырсын – табиғат достар клубы» атты құсбегілікті насихаттайтын кітаптың авторы. Республикалық шығармашыл жастардың «Жігер» фестивалінің лауреаты, 2013 жылы Астана маңында өткен халықаралық «Бүркітшілер» фестивалінің бас төрешісі, АҚШ-тағы «Ханкинг» саятшылар клубының мүшесі. Бұл ...

Read More »

Тарихпен тамырлас музей

Тарихымызды дәріптеп, өлкенің өткенін еске салатын мәдени орындардың бірі – музей. 1973 жылдан халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан аудандық музей бұл күнде Жазылбек Қуанышбаевтың атында. Ауданымызға келген сыйлы қонақтар ауданның өткені мен бүгінін, еңбек адамдарының бет-бейнесін тек осы музейден көріп, іздегенін тауып, марқайып қайтады десек, жалған айта қоймаспыз. Аталған мекеменің қызметкерлері ішкі жұмыстан бөлек, ғимараттың сыртқы көркемдігіне де үлкен мән ...

Read More »

Бибігүл Жексенбай: Журналистердің баспана мәселесін БАҚ басшылары шешуі керек

Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі – баспана мәселесі. Әрине, жер басып жүріп, осы елдің бір азаматы болғандықтан, «қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп шалқадан түсіп жатар орда болмаса да, би түсетін үйі болғанды кім қаламайды дейсіз. Осындайда арқалағаны алтын, жегені жантақ дейтін журналистер қауымын баспанамен қамтамасыз ету әр төбеден бір бұрқ еткен шаң секілді, әр жиында бір айтылып, ...

Read More »

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ТҰЛҒА

Сәруархан Зәуірбекұлы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасарлығынан Шу аудандық агроөндірістік комитетінің төрағасы, аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне 1983 жылы ауысып келді. Содан бері ол кісімен қоян-қолтық араласып, кейде сырласып жүріп жатқан жағдайымыз бар. Ол кезде аудандық ауыл шаруашылық басқармасының айы оңынан туып, жұлдыздары жоғарыдан жарқырап тұрғанын көнекөздер жақсы біледі. Ұжымшар, кеңшар басшылары мен мамандары басқарма табалдырығын ...

Read More »

Қазақстаным – қара шаңырағым

Қазақстаным – қара шаңырағым

Кемел ҰЛТАМБАЕВ, еңбек ардагері. Қазақ – ата жұртын, қара шаңырағын ерекше қадірлейтін халық. Өткен тарихымызды шола қарасақ, халқымыздың басына не келіп, не кетпеді? Сонау бір аумалы-төкпелі үркіншілік жылдары ұрпағының қамын ойлап, шілдің қиындай тозып, шетелдерге қоныс аударуға мәжбүр болған қандастарымыздың бәрінің санасын сарытап етіп сарғайтқан сағыныштың аты ата жұрт аңсары еді. Қара орман, қара шаңырағы – Қазақстанына қайта алмай, өмірден ...

Read More »