Әдебиет

Саябақта

Келмегелі көп болды-ау бұл маңды ықтап, Келдім бүгін… ып-ыстық мұңнан ұрттап. Бұрнағы жылылықтың жұрнағы жоқ, Мені суық қарсы алды сұрланып бақ.

Read More »

Туған жер

Тапқаныңнан жат жерде алтын уыстап, Туған жерде жүрген артық ту ұстап. Елге еркелеп жүргеніме қуанам, Атамекен ауасымен тыныстап.

Read More »

Мерейлі Меркі

Әні: Нышан Төлегеновтікі. Сөзі: Құрманбек Қосалыұлынікі. Құшақ жайған Алатаудың бөктерінде, Мақтанамын сенде туып-өскеніме. Елі өркен, жері көркем ауылым бар, Ұлы Жібек керуен жолы – өткелінде. Қайырмасы: Тұғыры айбынды Аспарам, Сені артық көремін басқадан. Киелі туған жер өзіңе Шабытпен шырқалар асқақ ән. Өзің болдың сағынышым, аңсағаным, Самал желің тербетеді достар әнін. Шипажайдың көрсең барып кереметін, Сұлу сырын тыңдап Меркі-Аспараның. Қайырмасы: Арайлап ...

Read More »

«Ақпейіл, азат, ырысты, Айналдым туған халқымнан…»

2 қараша – сатираның көрнекті өкілі Шона Смаханұлының туған күні. Осы атаулы күннің қарсаңында Талас ауданы Сейілбек ауылындағы Шона Смаханұлы атындағы негізгі мектепте «Ақпейіл, азат, ырысты, Айналдым туған халқымнан…»

Read More »

Қазақстан Жазушылар одағына 80 жыл

Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 80 жыл толды. Содан бері жарық көре бастаған «Қазақ әдебиеті» газетіне де — 80 жыл! Қазақ қаламгерлерінің басын қосқан қара шаңырақта осы жылдар ішінде 14 құрылтай өтіпті. Ол құрылтайда баяндама жасаған ақын, жазушылардың басында Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, одан беріде Жұбан Молдағалиев, Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов, Әкім Тарази, Қалдарбек Найманбаевтар тұрды. Бүгінде ...

Read More »

Әдебиет – адам тәрбиесінің құралы

ЖАСТАР ЖАЗУШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері жазушы, «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналы-ның бас редакторы Несіпбек Дәутаев пен облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлымен кездесу өткізді. «Қоғам және қаламгер» деген тақырыпты арқау еткен кездесу барысында қос жазушының шығармашылығына арналған кітаптар мен мақалалар көрмесі де ұйымдастырылды.  

Read More »

Мені ешкім сүюге міндетті емес

Жадымда әлі. Ол кезде жаз болатын, жаз болатын жер-дүние назданатын. Көкірегіме бақыт кеп құйылатын, Аспан сілкіп жіберсе боз қанатын.

Read More »

Құт дарыған жері

Шырын МАМАСЕРІКОВА, Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, ақын.       Жан сарайы жарық, Ең қонақжай халық. Тараздықтар дейді Шежірелі тарих. Киелігі нандай, Татулығы балдай. Тәңір нұрын төккен Тараз жұрты қандай! Құшағы ыстық елі, Құт дарыған жері. Қызғалдақтай қызы, Жігіттері-сері. Батырлар да туған, Ақындар да туған. Топырағыңнан жастар, Асыл арман қуған. Көсем қала,Тараз, Әсем қала, Тараз. Ақыл-ойдың кені – ...

Read More »

Жайна, Отан — ана

Өлеңін жазған Болат Мәуленов Әнін жазған Жандос Омаров Кернейді бойды, Билейді ойды, Даламның даусы – әсемсазым. Ұшамын самғап, Суылдап қанат, Желпіген желі – еркеназым. Сыңсыған орман, Қалғыған қорған, Елімді ойлап еміренген. Болса да мұңсыз, Жатса да үнсіз, Тасың да бірге тебіренген. Қайырмасы: Арай таңдарыңмен, Асқақ арманыңмен, Жайна, Отан -Ана Жайсаң жандарыңмен. Аталық пейіл, Аналық мейір. Шыңдарға шарықтап қондырған. Ағамның жыры, ...

Read More »

Нұрғали Ораз

Ең үлкен мереке Биыл 8 наурыз күні шешеме телефон шалдым. – Мерекеңіз құтты болсын! – дедім. Содан соң, өз көңілімдегі жақсы тілектердің барлығын да мүмкіндігімнің жеткенінше шипалы бұлақтың суындай мөлдіретіп жеткізуге тырыстым.

Read More »