Танакөз Ілиясова, ақын. Осылай да адам сағынады екен, Сағынады екен, Тәңірім! Жылауға себеп табылады екен Жүрекке жүрмей әмірің. Мүмкін екен ғой құлай сүюің Құлай сүюің абайсыз. Жүректің Сізді бұлай сүюін Байқамай жүрсіз, қалай Сіз? Көңілде неге тұрып алдыңыз, Тұрып алдыңыз мызғымай? Хатыма, бәлкім, күліп алдыңыз Күлмейтін шығар Күз бұлай. Тағдырым осы – шатпақтап шығар Сөйлесе іште бір өкпе. Атың аталса, ...
Read More »Әдебиет
Фәнилік драма
Арғынбай Бекбосын (рубаяттар) «Сеніскен досым да жоқ, асығым да, Ақыры өлең қылдым, жасыдым да…» – Менің де мұңым ғой бұл, Абай ата! Ашыпсыз сіз… қосушы ем жасырынға. *** Жұт жылының жалмауыз қатты қысы, Боран, аяз… кіл долы қақтығысы Алмалы тау басына орнағандай… Етек жым-жырт… Ештеңе болмағандай. *** Өмірі кісілікті ойламаған, Біреу кеп ақыл айтты тойда маған: – Думан ғой мына дүние, ...
Read More »Сағынып жүрмін!
Көзімде жасым көлкіп тұр, Әке, сен десе, Қайтейін енді қолымнан көп іс келмесе. Сағынып жүрмін, сағынып жүрмін өзіңді, Сағынып жүрмін, түсіме енші ендеше.
Read More »Ел есінде ерлігің
Редакциямызға бірнеше ән-күйдің авторы Асылбек Жыңғылбаев ат басын бұрып, халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың рухына арналған «Ел есінде ерлігің» атты әнін ұсынды. Әні: Асылбек Жыңғылбаев. Сөзі: Құрманғазы Демешов. Ғасырлармен жаңғырып, Көрген жанды таң қылып. Тұран Тараз жерінен, Батыр шығу – заңдылық. Бейбіт күннің батыры, Елінің бұл тірегі, Ел деп соқты ақыры, Ғазиздың жан жүрегі. Қайырмасы: Ел есінде ерлігің, Сақтап қалған елдігін. ...
Read More »Ақындардың жүрегі
Ақындардың жүрегі кең болады, Таққұмарлық әдетте кем болады. Ой-өрісі ғаламдық деңгейде әркез, Пәлсапасы өзіне тең болады. Ақындардың жүрегі кең болады, Ғадетінде өрелі іс жөн болады. Пендешілік ада боп, иман толып, Парасаты, пайымы тел болады. Ақындардың жүрегі кең болады, Көңілшегі біреуге жем болады. Ұлағатты ұқтырар әйтсе дағы, Мейірім-шапағаты мол болады. Ақындардың жүрегі кең болады, Ынтызарға өлеңі ем болады. Кісілік келбеті мен ...
Read More »Өмірдастан
М.Мақатаевқа Шаттығын соғыс жалмаған, Қам көңіл ұлдың бірі еді. Әулеттің атын жалғаған, Дәрмені, дәтке тірегі. Шалкөде – шұрат өлкеден, Басталды өмір – дастаны. Өлең боп жанын өртеген, Саумал көл, тұнық аспаны. Ысылып, түлеп бала қаз, Киесін жердің түсінді. Қыранын баулып Қарасаз, Алатау жаққа ұшырды. Алматы-алып шәрі еді, Шайырлар құрған салтанат. Саһилар онда бар еді, Ел мұңын жүрген арқалап. Бұрқанған бура ...
Read More »Қастерлім
Ақ ары – сенер мияты, Басынан нелер өтпеген. Ұлт едік уыз-ұяты, Уыстан шығып кетпеген. Жуаны сөзге жығылып, Дуалы сөзге тоқтаған. Даланың заңын ұғынып Бетімен кеткен жоқ бабам Ел едік кеше тәу етер. Даланың дархан заңына, Тәукелер еткен тәуекел, Алаң боп елдің қамына. Айналып заңға көшелі, Кеңіді бүгін арнасы. Әз Тәуке жазған кешегі, «Жеті жарғының» жалғасы. Арайлы күнге жол аштың, Аманат ...
Read More »Жеңгеме хат
(Хикаят-монологтан үзінді. Төртінші хат) Асыл жеңешем! Өз ұлын өгейсіткен мынау тас бауыр дүниеге титтей ғана мейірім жетпейді дегеніңізде іштей мырс еткенмін де қойғанмын. Сол сәтте он екі мың ғаламды екі аяқты пенденің мейірім-шапағатына зәру етіп қойған Жаратқанның шеберлігіне, әлде ет жақының да жарылқамайтын жалған, жат өмірді өз жүрегінің жылуымен жылытатындай елітіп отырған сізге қарап таңданғанымды анық ажырата алмадым. Әйтеуір, менің ...
Read More »Халқымыздың қырандары
Ауылының биіктеткен мәртебесін, Жігітті қалайша ел нар демесін. Суғарып саябағын ата жұрттың, Сүйреген жүрегімен ар кемесін. Тағдырдың бұзып талай тар қамалын, Шырқаған Ақтоғанда арман әнін. Бойынан Мейірханның бұрқырап тұр, Аңқыған жусан исі сардаланың. Тер төгіп арыстандай арпалысқан, Көрмейсің азаматты қалтарыстан. Сынаптай сусымайтын сын сағатта, Сүйегі асыл жансың самғап ұшқан. Жер тарпып тізгін жібін жұлқар дәйім, От шашқан тұяғымен тұлпардайын. Үнемі ...
Read More »Сағыныш
Күлімдесең көзіңнен шуақ тамып, Қуанғаннан қалушы ек қуаттанып. Қайда кетті, жеңеше, сол бір сәттер, Отыратын оңаша сыр ақтарып. Шапағат пен нұр шашқан маңайына, Мейіріміңнің шомылып арайына. Жаңқаланған жүйкеге шипа тауып, Жасаушы едің жақсылық ағайынға. Бал қаймақтан басқаны жегізбеген, Немерең мен шөберең сені іздеген. Аяулы, асыл жеңешем, қайда кеттің, «Адалдық пен Ананы егіз» деген. Асау толқын теңізде тулағандай, Аза тұтқан арманым ...
Read More »