Өмірімдегі байлығым, Өткен мұнда әр күнім. Мен үшін биік, бағалы, «Арайым» – менің айбыным! Жол ашылды дарынға, Үміттің жақтың шамын да. Жастардың үні естілді, «Арайдың» әр санында. Ойладың жастың қамын да, Кетпедің жеңіл сарынға. Өткен ізім жүр менің, «Арайдың» әр санында. Көңіліңде көктем жүр, Жас жүрекке сепкен нұр. Жүзе берші ақпарат Айдынында мөп-мөлдір! Сенің де сөзің – шын асыл, Жастардың ...
Read More »Әдебиет
«Ұзатылған» кемпір
– Қас қарайғанда, алжыған кемпір, қос-қос сөмкеңді сүйретіп қайда кетіп бара жатырсың?! Шалы төркініне қуып жіберді дейін десек, шалыңды да шыдатпадың. Ана-а-ау жаққа шығарып салдың. Қайда жол тарттың екі кештің арасында? – Несін сұрайсың, қыз-ау? «Ұзатылып» бара жатырмын ғой. – «Қартайғанда кәрі боз жорға шығарар» деп, не пәлені бықсытып отырсың? Сексенге келген бізді қыз дегенің қай сасқаның?! – Ей, сырласым-ау, ...
Read More »Қайдасың, тәтті мұң?!.
(Мөлтек сыр) Тұңғиық тереңінде әлдеқандай мұң жатқан сол бір жанар көз алдымнан кетер емес. Әлде бұл өзгелер көре алмайтын, менің ғана назарыма іліккен елес пе екен? …Сол бір кеш, өзіммен бірге оқыған екі жастың шаңырақ көтерген тойы болатын. Қашанғы, бірнеше шетел көліктерімен той алдында қыдыратын үрдіс. Сол бір шаттықты, бәлкім, даңғаза шеруде мен онымен бірге жүріппін. Бірақ, қалай байқамағанмын? Тойханада ...
Read More »Қайрат
(Дастаннан үзінді) Жел кірді көңіліме жиырма бірде… Қайрат Рысқұлбеков. І. Бұл халықтың байлығы мүлкі-жыры, Ерлер жайлы жырлайды түркі жыры. Жиырмасыншы ғасырдың кешегі өткен, Еді алпыс алтыншы, жылқы жылы. Жүрегіне иманнан дән еккеннің,
Read More »Текті баба ұрпағы ем…
Текті баба ұрпағы ем, бірақ келдім не көрмей, Жасыра алман ғаріп күй кешкенімді көгермей. Аққа Құдай жақ деуші еді, не жазығым бар еді, Тексіздердің тепкісін, қиянатын көрердей!?
Read More »АЛТЫ АЛАШТЫҢ ӘБІШІ ЕДІ…
Қазақ елі мен әдебиеті ауыр қайғыға душар болды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы 76 жасында дүниеден өтті. Ол 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1-сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы ...
Read More »Шіркін, ауылдың адамдары-ай!
(Қаламгердің қойын дәптерінен) Алтын қор Беделді адамдар – алтын қор. Мұны ақылды басшылар жақсы білген. Айтбай Назарбеков сондай басшы болған. Мойынқұм ауданын ұзақ жылдар табысты басқарған бұл адам жөнінде айтылар әңгіме көп. Айтбай Назарбеков мыжырайған жатаған үйлі Фурманов ауылын 70-80-жылдары сол заманғы әсем кентке айналдырған. Айтекеңе бұл істе дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев өлшеусіз көмек көрсеткен. ...
Read More »СОҚПАҚБАЕВ СОҚПАҒЫНА АДАЛ ЖАЗУШЫ
немесе Дос кетті мұрасын елге қалдырып… Талантты жазушы әрі белгілі журналист Әлдихан Қалдыбаевтың дүниеден озғанына да қырық күн болып қалыпты. Ол қаламы үшкір, ойы ұшқыр жан еді. Менің қадірлейтін, сүйсініп араласатын досым еді. Ол момын, адам баласына жамандық жасамайтын адал азамат болатын. Әлдиханмен алғашқы таныстығымыз Алматыдағы университеттің (КазГУ) кіреберіс баспалдағында басталып еді. Ол Шудың бір топ жігіттері – Қарауылбек Қазиев, ...
Read More »Фәнилік драма
(рубаяттар) Арғынбай БЕКБОСЫН. – Байлық, мансап тегінде бақыт емес, Арпалыспен өткізген уақыт – елес… – Алакөзді көп көріп халайықтан, Бай-манаптың әр жерде-ақ талайы ыққан. * * * – Рас шығар, өмірге алғыр лайық… Қайткенде де әйтеуір алдың байып. Байлық-заман сыйы ма расында?.. Байқа, ұятқа заманды қалдырмайық! * * * – Қарыз ап той жасаймыз тыраштанып, Тоюға жететіндей бір аш халық. ...
Read More »Тағылымды ғұмыр төрттағандары
белгілі Қоғам қайраткері, ақын, жазушы Арғынбай Бекбосын жастармен жүздесті «…Өзгеге қарағанда ақын көзі – әрқашан көргіш, ақын жүрегі – әрқашан сезгіш, сондықтан да қайсыбіріміз елемейтін, қайсыбіріміз аңдамайтын қисынды-қисынсыз тұстардан әлеуметтік психологиялық қайшылықтарды қалтқысыз табады да, бір-ақ ауыз сөзбен, бір-ақ ауыз түйінді оймен нұсқай салып, пешенесіне тағдыр жазған міндетін – ақындық міндетін өтейді». Бұл көрнекті жазушы Марал Ысқақбайдың қоғам қайраткері, публицист, ...
Read More »