Әдебиет

Әдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығын… әнші алды

Америкалық әнші, композитор, жазушы, киноактер Боб Дилан Әдебиет аталымы бойынша 2016 жылдың Нобель сыйлығының иегері атанды. 75 жастағы композитордың осы атақты иеленуі әлемді таңғалдырды. Боб Дилан 1941 жылы АҚШ-тың Миннесота штатында дүниеге келген. Кейінгі елу жылдықтың танымал рок әншісі Боб Дилан Нобель сыйлығын ұлы америкалық әншілік дәстүрдің аясындағы жаңа поэзиялық бейнені қалыптастырушы ретінде алып отыр. Ұлыбританиялық белді мәдениет пен музыка ...

Read More »

Абыздың жалғасы, жауһар жырдың арнасы

Жамбылдың немересі, Қазақстанның  халық  ақыны Әлімқұл жайлы бір үзік сыр Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ, жазушы. Ақындар туралы сөйлеу – за­мана туралы толғаныс, сол дәуір туралы ой бөлісу, ондағы өлең-жырының салмағы, рухы қандай болғаны жайлы таразылау. Ақындық – туа біткен асыл қасиет, ол іңкәрліктен, сағыныштан, шалқар тебіреністен туады. Титтейінен өлең-жырға бөленіп өскен Әлімқұл Жамбылов – бүгіндері Жетісу ақындарының ақсақалы. Он жасында әу деп ...

Read More »

Паң қалпында иілмеген қайран бас

Қазақ неткен дана әрі ұстамды, ә, Дым демедік батыр басы ұшқанда. Дүйім елдің батыры Ер Кейкінің, Басы келді иілместен дұшпанға! Сордан кейін күткен жандай бар бақты, Көшіп жүріп жеңдік моңғол, қалмақты. Бас сауғалап шетел асқан сатқыннан, Қазақ үшін кесілген бас ардақты. Атқан жауын дәл көздеген Ер Түрік, Ерлігіңе сүйсіндік һәм елтідік. Тірісінде ұлтын сүйген батырым, Сол атыңа өлген соң да ...

Read More »

РИЗАМЫЗ АЛЛА БЕРГЕН ӨМІРГЕ

Біз екеуміз астық талай белдерден, Қол ұстасып өттік қиын жерлерден. Әлі күнге сақтап келем жоғалтпай, Орамалды қыз кезіңде сен берген. Сол орамал – сүйген жүрек белгісі. Асыл жарын аялайды ер кісі. Адамымын адалдық пен тәртіптің, Базбіреулер келмесе де сенгісі. Жылдардың да көбі өтіпті байқасам. Саған салмақ түсірмедім ешқашан. Ақын жарым өлең жазсын дедім мен. Бөлмемізде сөнбейді әлі кеште шам. Жеңілдеттім ...

Read More »

Қуан, қуан, ұлы жүрек, Желбіреп тұр Туым жібек

Қуан, жүрек Қуан, қуан, құлын жүрек, Күннің нұры тұр елжіреп. Күнің барда, үйің барда, Риза бол бұйырғанға. Қуан, қуан, адал жүрек, Құлазысаң, қалам жүдеп. Қуанышың, күлкің барда, Құралады мүмкін мал да. Қуан, қуан, құба көңіл, Бір орында тұр ма өмір? Өмір барда, ғұмыр барда, Талпын биік тұғырларға. Қуан, қуан, құйын көңіл, Құлпырып тұр биыл да өңір. Суың барда, наның барда, ...

Read More »

Таутұлға

Қазіргі таңда Қазақстандағы тұлғатаным мәселесі кең өріс алып келеді. Еліміздің көптеген жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу орталықтары ашылып, тұшымды жұмыстар атқарылуда. Талантты тұлғаларды зерттеп-зерделеу – үлкен міндет, сезіну – үлкен бақыт. Әсіресе, әдебиет айдынында талай тарихи зобалаңдардың куәсі болып, кез-келген туындысын ішкі жан-тәнімен сезіне жазып, болашақ ұрпаққа мұра етіп отырған, онымен қоса, халқының қоғамдық өміріне де етене араласқан тарландарды зерделеу әр ...

Read More »

Фәнилік драма

Арғынбай БЕКБОСЫН. (рубаяттар) – Құдайым бұйыртпаса алғыр ақыл, «Тағдырым бәрінен де қалды ғапыл!..» – деместен, мынау Өмір қан базар ғой, Қадірлім, қарыштайық барды батыл! * * * – Әділдікке қиянат қасарады!.. Енді ашуды кім қайтіп баса алады?!. Қиянаттан қып-қызыл қан қарайса, Одан, байқа, лаңкес те жасалады. * * * Өртенсең де қорлыққа ашынғанда, Мұң басады ыза-ашу басылғанда. Сол шақырар ащы ...

Read More »

Қизаттың бағы

Бір уыс күмістей сақалын тарап қойып, кетпенін иығына салып алып Қизат шал таң қараңғысынан қалың бағын суарып жүреді. Түні бойы тық-тық жөтеліп, бір көз ілмейді-ау. Бау-бақшасының іші сыңсыған сан алуан жеміске толы. Біздер — қара сирақ ауыл балалары Қизат шал қашан ғана қисайып, ұйықтайды екен деп шарбақ сыртынан андимыз кеп. Жаз ортасы ауып, күн ысысымен бақтағы жемістердің жұпар иісі бұрқырап ...

Read More »

Заңғар

Өмірбек Жолдасбеков! Есімі елмен бірге жасай беретін аса ірі тұлғалардың бірі. Ұғымымызда шегеленіп қалған қалыптарға сыя бермейтін алапат ауқымды ойлау жүйесі, айтар жерде тосылып, тартынып қалмайтын тура бидей турашылдығы, көпшіліктің көкейінен шығатын әрекет әділдігі, тосыннан соққан дүлей күштерге міз бақпай төтеп беретін сабырлылығы, жауыннан кейінгі шайдай ашылған аспандай жайдары мінез байлығы, биік тауларымыздың бір асқақ шоқысы көшіп келе жатқандай көрінетін ...

Read More »

Қара талға сыр

Құба беткейдегі құбыла құшқан қара тал, Балалық күннің базары еді көлеңкең. Төзімді сендік әлемге озбыр таратар, Күйіңді кешіп қалатындаймын мен ертең. Пана ғып тұрсың көзіме мұнар жар басын, Жаныңа дәйім бір жан баласы жуымай. Сенің де бүгін жалғыздық қана жолдасың, Өмірдің мынау өктемін және қуын-ай… Мазасыз шақтар мезі қып біткен расында, Ақ маңдайымда таңба боп жатыр теңбіл із. Көбелек қуып, ...

Read More »