Құқық

Жамбыл облысының полициясы Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Бұған дейін Тараздың 6 шағын ауданында екі адамның атыс барысында жарақат алғаны хабарланған еді. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында орын алған. «19 маусымда сағат 16:30-да «Борышкер» іс-шарасы барысында, полиция қызметкерінің қару асынып жүру бойынша патрульдік жүрісі кезінде Тараз қаласындағы шағын ауданның бірінде белгісіз адам оған қарудан оқ атқан. Күдіктіні ұстау кезінде ...

Read More »

Таразда күдіктіні ұстау кезінде екі адам жарақат алды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Қаладағы 6-шағын ауданда құқық қорғау органдары №18 көпқабатты үйді қоршауға алды, тұрғындар эвакуацияланды. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, күдіктіні ұстау барысында екі адам — участкелік полицей мен аты-жөні анықталмаға 20 жастағы жігіт жарақат алды. Зардап шеккенден қалалық №2 ауруханаға жатқызылды. Жергілікті полиция оқыс оқиға туралы түсініктеме беруден бас тартты.   ақпарат көзі kazinform.kz

Read More »

Ел қауіпсіздігіне қоғам да жауапты

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бейнеконференция өткізіп, есепті кезеңде атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп берді. Бейнеконференция барысында барлық өңірдің тұрғындары тікелей бейнебайланысқа шығып, министрге өз сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Жиында көтерілген мәселелерді тыңдап, алдағы атқарылар жұмыстарына бағдар алған ішкі істер саласының қызметкерлерінің тұрғындардың тілек-өтініштеріне қарай көкейге түйгені көп.

Read More »

Жарты жылда 33 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған

Жарты жылдың ішінде 33 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын қымқырған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты №42062 әскери бөлімі командирінің орынбасары, қаржы бөлімінің бастығы Асқар Туғанбаев 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Белгілі болғанындай, әскери қызметкер бұл қаржыны басқа қызметте «ұрлаған» ақшаларының орнын жабуға жұмсаған. 

Read More »

Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әділхан Шайхисламов «Астана ЭКСПО–2017» компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарды. Енді 14 жылға бас бостандығынан айырылған Талғат Ермегияев жазасын қатаң режімдегі колонияда өтейді.  «Астана ЭКСПО – 2017» компаниясының экс-төрағасы 14 жылға бас бостандығынан ғана емес, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылып, мүлкі тәркіленіп отыр. – Ермегияевтің қылмыстық жолмен ...

Read More »

Әдептен озба, тәртіпті бұзба

(Соңы. Басы 1-бетте). Әдеп жөніндегі кеңесте прокуратура органдарының ұсыныстары негізінде өңірдегі бірқатар мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік істері қаралды. Атап айтқанда, Талас ауданы, Қаратау ауылдық округінің әкімі Б.Кенжеев, Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Сейдахметов, Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Сазанбай, Меркі ауданы, Ақермен ауылдық округінің әкімі А.Сатыбалдиев, Байзақ ауданы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы А.Бибосынов, Қордай ауданы, Ноғайбай ауылдық ...

Read More »

Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 38 адам жарақат алды

ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде 11-і – лаңкес, екеуі – әскери, біреуі – «Паллада» дүкенінің сатушысы, біреуі – «Жедел күзет» қызметкері және тағы біреуі – дүкеннің келушісі. Осыған дейін ІІМ өкілдері оқиғалардың ретін және қылмыскерлердің көзі жойылғанын хабарлаған болатын. 5 маусымда сағат 14.28-де (Ақтөбе уақыты бойынша) діни радикалдар тобы қаруларды алу мақсатында «Паллада» дүкеніне шабуыл жасады. Сонымен қатар, қылмыскерлер дабыл ...

Read More »

Лаңкестік қауіп-қатерге жол жоқ

31 мамырда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Діндер терроризмге қарсы» деген тақырыпта халықаралық конференция өтті. Оның жұмысына халықаралық ұйымдардың басшылары, шетел Парламенттерінің депутаттары, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының мүшелері, елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың жетекшілері мен сарапшылары, еліміздің Парламентінің депутаттары және бірқатар министрліктің өкілдері қатысты. Жиынға төрағалық етуші Қасым-Жомарт Тоқаев терроризм қазіргі заманғы өркениетке аса үлкен қауіп төндіріп отырған ...

Read More »

Кейбіреулер халықтың тыныштығын бұзып отыр

Кейбіреулер халықтың тыныштығын бұзып отыр

Бас прокурор митингке қатысты арандатулардан аулақ болуға шақырды Қазақстанның Бас прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша консультативтiк кеңестiң отырысында Бас прокурор Жақып Асанов жер мәселесiне қатысты ел азаматтарына ресми үндеу жасады. Ол халықты қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшiн арандатуға бой бермеуге, азаматтық ұстаным мен жауапкершiлiк танытуға шақырып, заңсыз митингке шақырғандар, оны ұйымдастырғандар және қатысқандар әкiмшiлiк, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатынын ескерттi, деп хабарлайды ...

Read More »