Құқық

Жамбыл облысында ұшағы апатқа ұшыраған әуе компаиясының басшысы сотталды

Владимир Круч өзінің жеке шағын әуе кемесін арнайы дайындықтан өтпеген ұшқыштарға бергені үшін жауапқа тартылды.  Жамбыл облысындағы 6 адамның өмірін жалмаған әуе апатына АН-2 ұшағының қожайыны кінәлі деп танылды. «OLIMP AIR» әуекомпаниясының басшысы енді 5  жылын темір торда өткізіп қана қоймай, жазасын өтеп шыққасын тағы 3 жыл авиация саласында қызмет ете алмайтын болды деп хабарлайды КТК телеарнасы. Былтыр қаңтардың 20-сы ...

Read More »

Алматыда полицейлер Instagram-ға есірткінің суреттерін жариялаған қызды іздестіріп жатыр

Алматы қаласы ІІД басшысы Серік Күдебаев Instagram-да жарияланған есірткінің суреттерін мұқият тексеріп, оның авторын анықтауға бұйрық берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұған дейін ғаламтор пайдаланушылар алматылық бойжеткен ескіртіні насихаттап жатыр деп шағымданған болатын. «Басшылық Instagram желісінде жарияланған мақалалардың авторын анықтауды тапсырды. Фотосуреттерді тексеру Алматы қаласының ішкі істер департаментінің оперативті құрылымына тапсырылды. Тексерудің қорытындысы бойынша құқықтық қорытынды жасалады. Егер желіні пайдаланушы шынымен ескірткі қолданатын болса және мұны ...

Read More »

Анасы баласынан алимент алады

Атырау облысының Махамбет аудандық сотына талап қоюшы Г.Б.-ның баласы Ш.М.-дан өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы арыз келіп түсті. Талап қоюшы Г.Б. сотқа берген талап арызында, жауапкер Ш.М. жалғыз баласы болып келетінін, табыс тауып отырса да, үнемі табысын өзіне жұмсап, бірге тұруына байланысты көмек көрсетпейтінін, ұлына және өзіне алған қос несиені төлеп отырғанын, ақшасын жеткізе алмайтынын, өзінің көмекке мұқтаж екенін ...

Read More »

Төлешовтің төрт әйелі жұмыс істемей-ақ жалақы алған

ол сома ай сайын әрқайсысына 2 миллионнан астам теңгеден айналған «Шымкентсыра» зауыты 2016 жылдың қаңтарында қамауға алынған шымкенттік белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің отбасы мүшелеріне ай сайын 60 миллион теңге төлеп келіпті. Нақтырақ айтсақ, оның ешқашан жұмысқа келмеген әйелдеріне ай сайын 2 миллион 282 мың теңге жалақы беріп тұрған. Бұл туралы «Otyrar.kz» порталы хабарлады. «Дархан Group» ЖШС кадр және еңбек қатынастарын ...

Read More »

Аграрлық сектор қайтсе алға басады?

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында партияның 2016-2020 жылдарға арналған «Қазақстан–2021: Бірлік.Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Аграрлық сектор» бағыты бойынша құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті. Тоқсанына бір рет өтетін отырыста комиссияның аймақтық кураторы Нұрлан Ортаев «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында елімізде аграрлық секторды дамытуға айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап көрсетті. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының орындалуы Елбасы, «Нұр ...

Read More »

Кемшілікке кеңшілік болмайды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясы Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм және Шу аудандық филиалдарының ішкіпартиялық және қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізген болатын. Тексеру қорытындысы «нұротандықтар» бас қосқан жиында талқыланды.  Жиында белгілі болғаны – бұрнағы жылы анықталған кемшіліктерді жоюға ешкім тырыспаған екен. Бақылау-тексеру комиссиясы төрағасының орынбасары Нұрқасым Үкібаевтың айтуынша, бұрын орын алған олқылықтар биыл тағы да қайталанып отыр.

Read More »

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

Биыл әр өңірде «Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы» құрылғаны белгілі. 2017-2018 жылға қарай барлық мемлекеттік қызметтер аталған корпорация арқылы көрсетіледі деп күтілуде. Мемлекеттік қызметтің халыққа қолжетімді болуын арттыруды көздейтін аталған жаңа корпорация өз жұмысын қалай жүзеге асыруда? Облыс әкімдігінде өткен Қоғамдық кеңес отырысында осы мәселелер сөз болды.  Мемлекеттік қызмет істері министрлігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Руслан Шариповтың айтуынша, облыста өтініштерді қабылдау, ...

Read More »

Жер заңнамасын бұзғандар жазасыз қалмайды

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда облыстық прокуратураның «Заңдылықтың бұзылуын жою туралы» ұсынысы негізінде, Қордай ауданы әкімінің орынбасары мен аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысына қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды.  Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Қ. Мәдиев аталған тұлғаларға қатысты жүргізілген қызметтік тексеру қорытындыларымен таныстырды. Оның баяндауынша, ағымдағы ...

Read More »

Қоғамдық орындар бейнебақылау қондырғыларымен толық қамтылған ба?

Қарапайым тұрғындарға қажеттісі – тыныштық, қауіпсіздік. Біздің елде адам құқығы заңмен қорғалып, барлық қауіпсіздік шаралары ескерілген. Дегенмен «Құдай сақтанғанды сақтайды». Жақында ғана полиция қызметкеріне айдың, күннің аманында қару кезеніп, оқ атқан қылмыскердің әрекетіне не деуге болады? Бастысы, қылмысқа жол берген адам құрықталды. Сонымен барлығы бітті ме? Жалпы өңірімізде адам көп жиналатын орындарда қауіпсіздік шаралары қаншалықты сақталған. Көпшілік орындарда бейнебақылау бар ...

Read More »

Таразда оқ атқан лаңкес емес

облыстық ішкі істер департаменті шұғыл тергеу жүргізуде Жексенбі күні Тараз қаласындағы 6-ықшам ауданның №18 үйінің тұрғындары жедел эвакуацияланған. Артынша ғаламторда полиция қызметкеріне оқ атқаны туралы хабар таратылды. Алғашында Ақтөбедегі оқиғадан кейін жүректері шайлығып қалған жұрттың үрейі ұшқаны рас. Бірақ, кейін бұл лаңкестік әрекет емес екені белгілі болды. Тарқатып айтсақ, 19 маусымда 16.30 шамасында «Борышкер» жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында полиция қызметкері ...

Read More »