Құқық

Алты миллиардтан астам ақша ұрлаған

БТА банктің бұрынғы басшысының ақыры не болар екен? «БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Ресейге экстрадицияланады. Мұндай шешімді Франция соты қабылдады» деп хабарлады AFP Әблязовтің қорғаушысының сөзіне сілтеме жасап. Экс-банкирді Ресейге экстрадициялау туралы құжатқа 17 қыркүйекте Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс қол қойды. Өткен аптада Әблязовке бұл шешім туралы хабарланды. Экс-банкир бұл шешімге қарсылық білдіруге ниеттеніп отыр.

Read More »

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Тараз қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы ішкі істер министрліктерінің шекаралық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен кеңесі өтті. Кеңес жұмысына Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Қырғызстан Ішкі істер министрі Мелис Турганбаев, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлініс басшылары, сонымен қатар екі мемлекеттің шекаралық облыстары мен аудандардың ішкі істер органдарының басшылары қатысты. Басқосуда Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына ...

Read More »

Заң бұзушылар жазасыз қалмайды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысында түрлі құқық және заң бұзушылыққа жол берген, сондай-ақ, заң бұзған мемлекеттік қызметкерлерге қатысты және бірқатар мекемелердің есептерін қоса алғанда жиырма мәселе қаралды. Аталған агенттіктің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың төрағалығымен күн тәртібінде өткен жиында кеңес мүшелеріне өте күрделі мәселелерді сарапқа салып, тиісті ...

Read More »

дамуымыздың тұсауы – сыбайластық

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы – Ұлт жоспарында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі қарастырылған. Мәселен, 13-қадамда жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру деп атап көрсетілген.

Read More »

Уақыт аз қалды

Елімізде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаржы мен жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы жүргізілуде. Аталмыш акция Қазақстан Республикасының «Мүлікті жария етуге байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға рақымшылық жасау туралы» 2014 жылдың 30 маусымында шыққан № 213-V Заңына негізделді. Бұл Заң 2014 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енгені барлығымызға мәлім. Мүлікті жария ету шарасы 2015 жылдың ...

Read More »

Қыз алып қашу — қылмыс

Адам өміріндегі ең бір қызықты да ұмытылмас кезең, оның үйленіп жеке отау тігуі. Бұл орайда қазақ елінің ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойғы сақталып келе жатқан өзінің салт-дәстүрлері бар. Әдет құқығы бойынша қазақ халқында некелесудің көне түрінің бірі болып қызды алып қашып үйлену болып есептеледі. Қазақ арасында қыз алып қашудың ең көп кездесетін түрі – өзінің айттырылған заңды қалыңдығын алып ...

Read More »

Әділдікті ту еткен

Мемлекет басшысы баспасөздің сот жүйесіндегі рөлі жайлы судьялардың VІ съезінде «Бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігері арқылы қоғамда сот билігіне жағымды және ілтипатты көзқарас қалыптастыру керек» деген еді. Яғни, судьялардың бір тарапқа жасаған жақсылығын ғана емес, қандай және кімге қатысты істі қарауда болсын тек заң талаптарына сай әділ шешім шығару үрдісін қамтамасыз етуде ақиқатты арқау ету қажеттігін басты назарға алды. Байзақ аудандық ...

Read More »

Ата Заңым – айбарым

Конституцияның 20 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаментінің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органының ардагерлері, жеке құрам, сонымен қатар, БАҚ өкілдері шақырылған мерекелік шара өтті. ІІД бастығының бірінші орынбасары Берік Құтбаев жиналғандарды Конституцияның мерейтойымен құттықтап, көп ұлтты Қазақстан халқының тұтастығы мен бірлігін нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, адамдардың тұрмысын жақсарту, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту басты мақсатымыз болып ...

Read More »

Ата Заң – татулықтың кепілі

Бұл күнде мемлекеттік саясаттың беріктігі мен ашықтығы нәтижесінде еліміздегі өзге ұлт өкілдері бейбіт күннің аясында тату-тәтті тұрмыс кешуде. Өйткені, Қазақстан Республикасының Конституциясында айқын көрсетілгендей, барлық азаматтардың құқығы бірдей. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын және этносаралық қатынастардың жағдайын анықтау барысында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы осыны көрсетеді. Зерттеу нәтижелері «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында өткен басқосуда мәлім болды. Облыс әкімдігі ішкі ...

Read More »

Артықшылықтарымен дараланады

Прокуратура органы заңдардың біркелкі орында­луына қадағалау жасай отырып, Ата Заңымыздың талаптарының орындалуына аса зор көңіл бөледі. Конституция тәуелсіз мемлекетімізге көптеген мүмкіндіктер берді. Онда ел азаматтары бостандығы­ның сақталуы мен жеке құқының қорғалуы, емін-еркін жүріп-тұруы қамтамасыз етілген. Еліміздің өсіп-өркендеуі, әлеуметтік-экономикалық дамуы азаматтық құқық пен адам еркіндігін қамтамасыз ететін заңдар мен заңнамаларға тікелей байланысты. Олай болса, басты Заңымыз ел азамат­тары үшін қастерлі де ...

Read More »