Құқық

Құзырлы мекеме алдындағы «Хан базар»

немесе «Балық басынан шіриді» дегеннің кері осы ма? Тараз қаласында жүргізуші куәлігін сатып алу оп-оңай. Оған жергілікті полиция қызметінің тіркеу-емтихан бөлімі ғимаратының маңайында өріп жүрген «делдалдардың» істері мен «іскерліктері» куә. Олардың өз сауда-саттығына ешкімнен именбей, емін-еркін кірісетіндері соншалық, құзырлы мекеменің алдын «хан базарға» айналдырып алған. Әлгі мекемеге бас сұққан тұрғындардың алдын кес-кестеген «делдалдар» «Не шаруамен жүрсіз? Сізге қандай көмек керек?» ...

Read More »

Храпуновтың миллиардтарын жасыруға Дональд Трамп көмектескен

Храпуновтың ел қазынасынан жымқырған миллиондарын жасыруға Дональд Трамп көмектескен. Британдық танымал ақпарат құралдары АҚШ президенттігінен үміткер Трамп пен қазақстандық алаяқ Храпуновтың байланысы болған деп жарыса жазуда. Журналистік зерттеу жүргізген британдық басылым Алматының экс-әкімі мен Трамптың бір-бірімен хат алысқанын анықтап, екеуіне ортақ банктік құжаттарды тапты. Сондай-ақ, Храпуновтың қызы Эльвира Кудряшова миллиондаған долларға Манхэттендегі Трамптың аспанмен таласқан «Трамп Тауэрс» үйінен пәтер алған. ...

Read More »

Руслан Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан полицейлердің ата-анасы өлім жазасын талап етті

Бүгін Алматыдағы Тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Сот залында Руслан Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан полицей Мейрамбек Рахматуллаевтың анасы Айгүл Танағұлова өлім жазасын талап етті. «Мен ұлымнан ғана емес, денсаулығымнан да айырылдым. Мұндай адамды халықтың алдына шығарып ату керек. Ату жазасы тек қана ату жазасы берілсін», — деді Айгүл Танағұлова. Еске сала кетейік, ...

Read More »

Жол полициясының өздері жолсыздыққа барып отыр

13 қазан күні таңғы сағат 8-де Абай мен Төле би және Төле би мен Әйтиев көшелерінің қиылысқан тұсындағы «Достық» алаңына өтетін жол жабылды. Оны жапқан жол-патрульдік полиция қызметкерлері алаң айналасында орналасқан мекеме басшылары мен қызметкерлерінің көліктерін де өткізбей қойды.

Read More »

Сақ болсаң, сақтайды

Облысымыз сейсмологиялық қауіпті өңірге жатады. Сондықтан, зардабы аса ауыр соғатын жер сілкінісіне тиісті құрылымдар шұғыл әрекет етуге сақадай сай дайын болуы шарт. Ал облыстық азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық ішкі ұйымдастыруды жетілдіру, басқару органдарының, күштер мен құралдардың дайындығы қандай?  Тараз қаласында «Жамбыл облысы аумағында жойқын жер сілкінісі орын алған жағдайда басқару органдары, авариялық құтқару қызметтері күштерінің әрекеттері» тақырыбында жалпы облыстық ...

Read More »

Полицейлер де ән шырқайды

Облыстық ішкі істер департаментінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Менің Отаным» атты патриоттық әндер конкурсы өтті. Байқауға ішкі істер департаментінің қалалық, аудандық бөлімдері мен төтенше жағдайлар департаменті және мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері қатысып, бақ сынады. ІІБ басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Егембердиев аталған шара «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеяны нығайту мақсатында ұйымдастырылғанын айтады. – Қоғам үшін адам өмірі басты назарда. Тұрғындар ...

Read More »

Сот төрелігі мінсіз болса сыбайластықтың жолы кесіледі

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, сыбайлас жемқорлық – елді ішінен ірітіп, мемлекетке қауіп-қатер төндіреді. Сондықтан да, мемлекеттік саясатта негізгі басымдық осы сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларына берілген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 13-қадамында көрсетілген талаптарды іске асыру мақсатында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөнінде жаңа заңнамалар әзірленді. Мемлекеттік қызмет істері ...

Read More »

Қызметіне адал Байсейтов

Ерлік есеппен жасалмайды. Жүрегі мейірімге толы, батыл адамдар ғана сын сағатта өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, қатерге бас тігеді. Тіпті, сол сәтте олар өз әрекетінің ерлікке баланарын да пайымдап үлгермейді десек, қателеспейміз. Бұл оқиға был­тыр жаз айында орын алған еді. Тараз қаласының Желтоқсан көшесіндегі 9 қабатты ғимараттан өрт шыққанын бастапқыда көпшілік аңғармай да қалған. Сол күні осы ғимаратқа қоныстанған басқармалар ...

Read More »

Жаза баспа, жазаланасың

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының атқарған жұмыстарына жүргізілген мониторинг және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтаған сыртқы талдау жұмыстарының қорытындысы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жария етілді. Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ержан Жұмабековтің айтуынша, денсаулық сақтау басқармасы мен оған қарасты мекемелердің «Электрондық үкімет» веб-порталы және мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету мүмкіндігі ...

Read More »

Заңгер: Қазақстанда ату жазасы бір адамға ғана берілуі мүмкін

Қазақстандық заңгер Джохар Өтебеков елімізде өлім жазасына лайықты айыптылар болса, колониялардың ешбірінде ату жазасына кесілген бірде-бір адам жоқ екеніне сенімді. “Тіпті президент өлім жазасына жарияланған мараторидің күшін жойған күннің өзінде, ол ауыр жаза ешбір адамға тағайындалмайды. Бұл судьялар үшін емес, қаскөйлер үшін. Мараторий судьялардың өлім жазасын тағайындауына кедергі келтірмейді. Бұған қылмыстық кодексте мүмкіндік берілген”, – деп жазады ол Facebook парақшасында. Соттарға кедергі болып ...

Read More »